bs-preloader__icon
ru kz
✕

Сақтандыру Мемлекеттік аннуитеттік компаниясын сатылымға шығарады

Тендер 2018 жылғы 28 желтоқсан күніне белгіленді, деп бүгін minfin.gov.kz хабарлады. Бастапқы баға: 6 643 907 000 теңге.
Сақтандыру Мемлекеттік аннуитеттік компаниясын сатылымға шығарады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ акцияларының 100%  сату бойынша сауданы өткізу туралы хабарлады, деп ҚР Қаржы министрлігінің сайтындағы хабарламасында айтылған.

Тендер 2018 жылғы 28 желтоқсанда Астана уақытысымен сағат 10:00-де gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі. Сатудың шарты он жыл ішінде қызмет бағытын сақтау болып табылады, деп ҚР Қаржы министрлігінің сайтында хабарланады.

Мемлекеттік аннуитеттік компания 2005 жылғы 15 маусымда құрылды. Компания мемлекеттің 100% үлестік қатысуымен жыл сайын 200 млн теңгеден астам мөлшерде сақтандыру төлемдерін төлейді, активтер қоры 33 млрд теңгені құрайды.

Осы жылдың ақпан айында Қаржы министрлігі Мемлекеттік аннуитеттік компанияның акцияларын сатуды болдырмады. 100%-дық пакет үшін бастапқы бағасы 5 трлн теңгеден астам соманы құрады. Ол кезде сауда 2018 жылғы 7 наурызға белгіленген еді. Қаржы министрлігі сауданы өткізудің жаңа күнін кейінірек хабарлайтындығын айтқан болатын.

Дереккөзі: http://www.minfin.gov.kz

 Фотосурет kapital.kz сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Неліктен инвестициялық сақтандыру егде жастағы адамдар үшін емес
Неліктен инвестициялық сақтандыру егде жастағы адамдар үшін емес

Өмірді сақтандыру саласы қарт адамдарға көпте...

Испания: Бюрократтардан сақтандыру
Испания: Бюрократтардан сақтандыру

Он жыл бұрын Испаниядағы сақтандыруды Еуроода...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру