bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтарға өмірді сақтандыру қаншалықты қызықты

Бүгін өмірді сақтандыру нарығында не болып жатқаны туралы және қазақстандықтар бағдарламаларға белсендірек қызыға бастады ма, inbusiness.kz тілшісіне Nomad Life-тің сатулар департаментінің директоры Рамай Курбангалиев айтып берді.
Қазақстандықтарға өмірді сақтандыру қаншалықты қызықты

– Рамай Ришатович, соңғы деректер бойынша өмірді сақтандыру нарығы 2021 жылы өсім көшбасшысы болды. Бұған не әсер етті?

– Шынымен, 2021 жылы өмірді сақтандыру нарығы 71%-ға айтарлықтай өсті. Бұл бірнеше тұстармен байланысты. Сонымен, өткен жылдың басында зейнетақы заңнамасы өзгерді. Енді өмірді сақтандыру компаниялары егер алынған сома клиенттерге ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем емес (2021 жылы 24 012 теңге) ай сайынғы төлемді қамтамасыз етуге жеткілікті болса, аннуитет шарттары бойынша зейнетақы қорынан ақша қабылдауға құқылы. Бұрын төлемдер мөлшері ең төмен зейнетақыдан (2021 жылы 43 272 теңге) төмен болмауы тиіс болатын. Бұдан бөлек, зейнетақы заңнамасының өзгерістері аясында кейінге қалдырылған аннуитет енгізілді. Енді БЖЗҚ салымшылары 40-45 жаста аннуитет шарттарын жасап, 50-55 жастан бастап төлемдерді ала алады. Бұрын аннуитеттің мұндай түрі болған емес, анннуитет шартын 50-55 жастан бастап қана жасауға болатын. Заңнамадағы өзгерістер зейнетақы аннуитеттері сегментінің кеңеюіне әкелді. 2020 жылы өмірді жинақтаушы сақтандыруда unit-linked технологияны енгізу үшін заңнамалық базаның құрылуы да сонымен қатар оң әсер берді. Біздің компания оның шеңберінде сақтандыру және қор нарығында инвестициялауды біріктіретін сақтандыру өнімін жасады. 2021 жылы бұл сақтандыру бағдарламасы нарықта белсенді түрде ілгері басты.

– Пандемия қалай әсер етті? Қазақстандықтар өмірді сақтандыру бағдарламаларына неғұрлым белсенді қызығушылық таныта бастады ма?

– Әрине, пандемия өмірді сақтандыру компанияларына әсер етті. Мысалы, біздің компаниямызда коронавирустың өзімен, және осы инфекцияның салдарымен байланысты төлемдер саны өсті. Үлкен қызығушылықты біз қазақстандықтар тарапынан емес, халыққа қарыздар беретін банк-серіктестерімізден көріп отырмыз. Қарыз алушының өмірді сақтандыру полисінің болуы – бұл кредитор тәуекелдерін басқару құралы. Пандемияның басталуынан біздің банк-серіктестеріміз өз клиенттері үшін кредиттеудің арнайы бағдарламаларын әзірледі, және кейбір банктерде енді әдеттегі шарттармен немесе кредиттің өзі бойынша төмендетілген мөлшерлемемен, бірақ адам егер өз өмірін сақтандыруға келісетін шартпен ғана қарыз ала алады. Егер қарыз алушы қайтыс болса немесе еңбекке қабілетсіз болып шықса, онда оның банк алдындағы берешегін сақтандыру компаниясы өтейді. Бұл үрдіс, айта кетсек, сонымен қатар 2021 жылы өмірді сақтандыру саласы алдыңғы жылдарға қарағанда тезірек өсуіне әсер етті.

– Сіз Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығының жағдайын және даму келешегін қалай бағалайсыз?

– Өмірді сақтандыру саласы ұдайы өседі. Жылына 30% деңгейде өсім біз үшін қалыпты. Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығы 20 жыл жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, ол әзірге ену деңгейіне немесе нарықтың молығуына жеткен жоқ. Бүгінгі күні елдегі 19 млн халықтың ішінен өмірді сақтандыру полистері қазақстандықтардың 16%-ынан кемінде ғана бар, ал өмірді сақтандыру саласының ЖІӨ бар-жоғы 0,5%-дан аспайтынды құрайды. Сол себепті бізде келешек бар.

– Өмірді сақтандыру нарығының қазіргі жағдайының ерекшеліктері неде?

– Біздің сала қарқынды дамып жатыр. Осы жылы біз бірлескен зейнетақы аннуитеттерінің пайда болу бөлігінде зейнетақы заңнамасына түзетулерді күтіп отырмыз. Қазір зейнетақы аннуитеті – бұл жеке сақтандыру өнімі. Бірлескен аннуитетте екі адамның – күйеуі мен әйелінің зейнетақы жинақтары біріктірілетін болады. Мұндай шарттар бойынша төлемдер екеуіне де жүргізілетін болады. Біз мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінде өзгерістерді күтеміз және оған белсенді қатысуды, қазақстандықтарға оның көмегімен баланың жоғары білім алуына ақы төлеуге ақша жинауға болатын сақтандыру өнімін беруді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте салымшының өмірі мен еңбекке қабілеттілігі қорғалады. Егер салымшы еңбекке қабілетсіз болып қалса немесе қайтыс болса, келешек студенттің қатысында аударымдарды өмірді сақтандыру компаниясы жасайтын болады.

– Нарықта пайда болып жатқан негізгі үрдістер туралы айтып беріңізші?

– Әлемдік үрдістерде: ұдайы жетілдірілетін заңнамалық база, сақтандырушылардың халықаралық тәжірибені зерттеуі және енгізуі. Егер Nomad Life-тің және біздің бәсекелестеріміздің шеңберінде үрдістер туралы айтатын болсақ, онда негізгі үрдістер – бизнес үдерістерді автоматтандыру, цифрландыру, ақпараттық технологияларды енгізу. Мысалы, 2020 жылы біз барлығымыз локдаунды бастан кешірдік, жақсы нәтижелерді дәл автоматтандырылған бизнес-үдерістері бар компаниялар көрсетті. Біз бұл жерде өсім триггерін көріп отырмыз. Бұған күш салмайтын компаниялар бәсеке жарыстан ұтылады.

– Сіздің ойыңызша сақтандыру нарығының мықты және әлсіз жақтары қандай? Сіз қай тұста өсім келешегін көресіз?

– Біздің саланың жұмыс істеуінің бүткіл уақыты ішінде мықты сауатты кәсіпқойлар пайда болды: андеррайтерлер, актуарийлер, сатушылар, тәуекел-менеджерлер, басқарушылар. 20 жыл бұрын кейбір кәсіптің мамандары мүлдем болған жоқ. Сөзсіз, бұл өмірді сақтандыру саласының үлкен жетістігі және мықты жағы. Мемлекеттің де рөлін айта кету қажет. Қазір қадағалаушы органдар бақылаушы функцияларды ғана атқарып қоймайды, сонымен қатар, сақтандырушылардың сөзіне көңіл бөле бастады, мысалы, салық және сақтандыру заңнамасын жетілдіру бойынша біз бастамашылық жасаған ұсыныстар белсенді енгізілуде. Бұл ретте, әлі күнге дейін клиенттер өмірді сақтандыруды сатып алмайтынын, оны сақтандырушылар сататынын мойындау керек. Қазақстандықтардың әзірге өз қаржы тәртібі жеткіліксіз. Сондықтан одан әрі өсу үшін болашақты біз өз қызметтерімізді ілгері бастыру кезінде қазіргі ақпараттық технологияларды кеңейтуде көреміз.

– Бүгінгі күні клиенттердің қазіргі өмірді сақтандыру өнімдеріне талаптары қандай?

– Қазақстандықтар әлі де өмірді сақтандырумен жақсы таныс болмағандықтан, олар өз талаптарын рәсімдеп жатқан жоқ. Біздің міндетіміз – болашақ клиентке сақтандыру қорғауының қажеттілігін түсінуге көмектесу. Болашақ клиенттермен жұмыс істеу кезінде ең еңбек көп жұмсалатын үдеріс – байланыс табу, сенімгерлік қарым-қатынастар орнату. Өмірді сақтандырудың жинақтарды, инвестицияларды қалыптастыруда және көбейтуде, өз қаражатын қорғауда пайдасы мен артықшылықтары айдан анық, және әдетте біздің ұсынымыз клиенттерге өте қызықты. Бұл ретте сақтандыру бағдарламалары ең жоғары стандарттарға сәйкес келеді, сондықтан тіпті ең маңызды талаптарды қанағаттандыруға қабілетті.

– Сіздің клиентіңіздің орташа статистикалық бейнесін сипаттап беріңізші? Ол кім? Қазақстандықтар қанша жаста өмірді сақтандыруды бастайды?

– Бұл жинақтаушы сақтандыру полисін сатып алуға болатын табыс деңгейі бар, 35+ жастағы адам. Жинақтаушы сақтандыруға ай сайын $100-дан бастап салып отырған жөн. Тиісінше, отбасының табысы айына 400-500 мың шамасында болуы тиіс. Соңғы екі жылы біз аудиториямыздың жасарып келе жатқанын белгілейміз. Ішінара бұл халықаралық қаржы құралдарына ақшаны инвестициялауға мүмкіндік беретін сақтандыру өнімінің пайда болуымен байланысты. Жас адамдар қор нарығының үрдістерін ұқыптырақ зерттейді, оның келешегін дұрысырақ бағалайды. Ал өмірді сақтандырудың пайдасы, бірінші кезекте инвестициялау кезінде салық жеңілдіктері біздің ұсынысымыздың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

– Бүгінгі күні бұл нарықта қандай мәселелер бар және жалпы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығының келешегі қандай? 

– Айтып өткенімдей, мәселелердің бірі – қаржы сауаттылығының болмауы. Екіншісі – халықтың сақтандырушыларға сенбеуі. Өкінішке орай, қазақстандықтарда айлакерлік әрекеттермен байланысты жағымсыз тәжірибе қалған. Адамдар бізге сенбейді, себебі бұрын олар адал емес жолмен ақша тапқан, қаржы пирамидаларымен және басқа ұйымдармен істері болды. Мәселелерді шешуге болады. Дұрыс қарым-қатынас орнату кезінде әрбір өмірді сақтандыру компания болашақ клиентке оның сенімділігін растайтын дәлелдер келтіре алады. Бұл қарым-қатынастардың тәжірибесі жылдан жылға ұлғайып келеді. Сақтандыру ұйымдары туралы ақпарат Ұлттық Банктің ақпараттық ресурстарында ашық қолжетімділікте екенін ескере отырып, қадағалаушы органдар сақтандырушылардың өз міндеттемелерін орындауын мұқият бақылайды, ал сақтандырушылардың өздері шетелдік компаниялармен өз жұмысының нәтижелерін бағалауға тартып, өз сенімділігін растай алады (мысалы, Nomad Life-тің рейтингісі Standard&Poor`s  америкалық компаниясымен халықаралық шәкіл бойынша ВВ+ деңгейінде расталды). Мен бізге ықтимал клиенттермен сенімгерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкін болатынына сенімдімін және сала жоғары қарқынмен өсуді жалғастырады.

Дереккөзі: https://inbusiness.kz/ru/news/stali-li-kazahstancy-aktivnej-interesovatsya-programmami-strahovaniya-zhizni

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру