bs-preloader__icon
ru kz

Зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылуы мүмкін

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері келесі жылы жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылуы мүмкін, деп хабарлайды LS.
Зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылуы мүмкін

Бұған дейін шенеуніктер бұл бастама мәселенің әлеуметтік маңыздылығын, сондай-ақ шегерімдер мен жеңілдіктер бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып ұсынылатынын атап өткен болатын. Бұл ретте ол елден тыс жерлерге шығатын не мұрагерлік тәртібімен жинақ алған қазақстандықтарға қолданылмайды.

"Жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу бойынша жұмыс шеңберінде БЖЗҚ-дан ЖТС зейнетақы төлемдерін төлеуден босату ұсынылады. Айта кету керек, бұл құжатты Парламентке енгізу мерзімі – 2024 жылдың тамызы, 2025 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі", – деп атап өтті Ұлттық экономика министрлігі.

Сонымен қатар, ЖТС бойынша шығындардың алдын ала сомасы шамамен 4,1 млрд.теңгені құрайды. Сонымен бірге министрлікте қосымша есептеулер жүргізу туралы айтылды.

Зейнетақы төлемдеріне салық салудың өзгеруі туралы алғаш рет 2024 жылдың мамыр айының басында белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ қаражатына 10% ставка бойынша жеке табыс салығы салынады. ЖТС-ты ұстап қалу МЗЖ, МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналары есебінен салымшыға төленетін барлық сомалардан жиынтығында жүргізіледі.

Дереккөз: https://lsm.kz/pensionnye-den-gi-planiruyut-osvobodit-ot-ipn-podrobnosti

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда биылғы оқу жылында жоғары білім қанша тұрады
Қазақстанда биылғы оқу жылында жоғары білім қанша тұрады

Редакция Ranking.kz ағымдағы жылы қазақстандық жоғ...

Коронавирустың жаңа штамдары қандай қауіпті
Коронавирустың жаңа штамдары қандай қауіпті

ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейюс Риа Н...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру