bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтарға неліктен өмірге жинаған тиімді

2021 жылы сақтандыру нарығында өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың жалпы жинағы өткен жылмен салыстырғанда екі есе ұлғайды. Негізінен, бұл өмірді жинақтаушы сақтандыру және зейнетақы аннуитеті бағдарламалары есебінен болды. Бұл туралы сұрақтарға жауап берген сарапшылар хабарлады.
Қазақстандықтарға неліктен өмірге жинаған тиімді

Freedom Finance Life-тің басшысы Азамат Ердесов ӨЖС өнімдерінің танымалдылығы 2021 жылғы қаңтарда қабылданған заңнамаға түзетулерден де өскенін айтады. Олар өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары бойынша салық жеңілдіктеріне қатысты.

Енді үш және одан артық ӨЖС шартымен сақтанушы салықтарда жылына 93 мың теңгеге дейін үнемдей алады. Сонымен қатар, ол ӨЖС шарттары бойынша төлемдер үшін және ӨСК-мен шартты бұзған кезде сатып алу сомалары үшін салық төлемеуіне болады. «Осы жылдың бес айында зейнетақы аннуитеті бойынша сыйлықақылардың жалпы көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 68%-ға өсті және 62 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың қаңтарынан бастап адамдар зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізгеннен кейін және кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті пайда болғаннан кейін осы өнім бойынша шарттарды жиі жасай бастады», - деп хабарлады сарапшы.

Ол 2021 жылы нарықта тұтас өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың жалпы жинақтары өткен жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайған және 47,7 млрд теңгені құраған деректерді келтірді. Сақтандыру сыйлықақылары көлемінің мұндай қарқынды өсімі әсіресе өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары және зейнетақы аннуитеті есебінен болды. «2020 жылы болған наурыз айындағы құнсызданудан кейін адамдар доллар бағамына индекстеумен ӨЖС бағдарламалары бойынша шарттарды жиі жасай бастады. Осылайша, теңгенің құнсыздануынан жинақтарды қауіпсіздендіруге болады», - деді Freedom Finance Life-тің басшысы.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға сақтандыру компаниясымен шартты жасамас бұрын барлық шарттарын оқып шығуды және сақтандыру жарналарына назар аударуға кеңес берді. Кейбір бағдарламалар бойынша бір жолғы сақтандыру жарнасын, ал басқалары бойынша – айына бір рет, тоқсанда немесе жылына бір рет жүзеге асыру қажет. «Негізінен ӨЖС-нің барлық жобалары бойынша шарт ұзақ мерзімге жасалады – үш жыл және одан артық. Олар сақтандырылғандардың жас шектеуін қарастырады, жиі – екіден 65 жасқа дейін», - дейді Ердесов.

Дәл осы кезде «Сентрас Коммеск Life» СК-ның Басқарма төрайымы Гүлжан Джаксымбетова ӨЖС-ның бірнеше түрлері барын айтты, бірақ олардың барлығы опциялар мен шарттарда ерекшеленеді. «Мысалға, баланың оқуына жинауға, немесе өмірді инвестициялық сақтандыру - unit-linked-ті рәсімдеуге болады, сондай-ақ бірлескен зейнетақы аннуитетін енгізу жоспарлануда. Ол екі ерлі-зайыптының жинақтарын біріктіруді білдіреді. Осылайша, инновациялық сақтандыру өнімдеріне екпін таяу келешекте өмірді сақтандырушылар қызметінің басты бағыттарының біріне айналады», - деген сенімде ол.

Джаксымбетованың сөзінше бүгінгі күні Қазақстанда өмірді аралас сақтандыру мен аннуитеттік сақтандыру кең таралған. Жалпы бағдарламалардың мәні ӨЖС 5-20 жылда маңызды мақсаттарға жету үшін қажет соманы жинақтауға мүмкіндік беретінінде. Ол сонымен қатар, шарттың бүткіл қолданылу мерзімінде клиент түрлі тәуекелдерден: жарақаттардан, аурулардан, өмірден кетуден, мүгедектіктен және жазатайым оқиға нәтижесінде еңбекке қабілетсіздіктен, өмірдің және денсаулықтың сақтандыру қорғауын алатынын айтты.

Осы құралдың артықшылықтарынан Джаксымбетова келесі факторларды айтты:

– сақтанушы күтпеген жағдай кезінде төлемдерді алушыны таңдауға құқылы;

– жинақтар үшінші тұлғалармен, мысалы, кредиторлармен, мемлекетпен (тыйым, тәркілеу) немесе қажетсіз мұрагерлермен талап етіле алмайды;

– олар ажырасқан кезде бөлінуге жатпайды;

– белгілі шарттар кезінде жеңілдікпен салық салу көзделген, яғни жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жарналарға табыс салығы салынбайды. Сонымен қатар, шарт мерзімі аяқталған кезде және адам өз жинақтарын алатын, сақтандыру төлеміне салық салынбайды;

– жинақтар белгілі күнге қаржы резервін құрады және өмір мен денсаулықпен байланысты күтпеген оқиғалар жадайына сақтандыру қорғауын қамтамасыз етеді.

Ал шартты мерзімнен бұрын бұзу тиімсіз.

Сонымен бірге «Халык-Life» Басқарма төрағасының м.а. Андрей Джексембаев клиенттер ең алдымен қаражатты нақты не үшін жинауды жоспарлап жатқанын түсінуі тиіс деп санайды. «Өмірді жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтарының бірі – негізі адам үшін кез-келген жаста мерзімі, салымның мөлшері бойынша ыңғайлы болатын оңтайлы бағдарламаны іріктеуге болады. Бұдан басқа, сақтандыру шартын жасаған кезде тәуекелдерге назар аударған маңызды – ненің нақты сақтандыру жағдайы болып табылатыны. Егер сіз жиі жүріп тұратын болсаңыз, полис ЖКО нәтижесінде өмірден кетуді өтеуі тиіс, биіктікте жұмыс істесеңіз – жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру болуы керек», - деп түсіндіреді ол.

Бұдан басқа, Джексембаев ерекшеліктерге, яғни сақтандыру компаниясы төлемдерден босатылатын жағдайларға айрықша назар аудару қажеттігін айтты. «Бірақ ең бастысы – сақтандыру компаниясының сенімділігін бағалау қажет. Ол бірнеше критерийлердің жиынтығымен сипатталады: сақтандыру компаниясының қаржылық жағдайы, активтері, сақтандыру резервтері, сақтандыру сыйлықақылары мен төлемдерінің көлемі, инвестициялық портфельдің құрылымы, сенімділік рейтингісі. Оны мысалы, S&P, AM Best, Fitch және басқа беделді рейтингілік агенттіктер төлемқабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық, инвестициялық қызмет және басқасы секілді компания қызметінің көрсеткіштерін талдау негізінде береді. Егер сақтандырушыда рейтинг болмаса, онда бұл ойлануға себеп болады», - деп нақтылайды.

Nomad Life-тің басшысы Қайрат Чегебаев өз кезегінде өмірді сақтандыру компаниясына қазақстандықтардың жүгіну көлемінің артқанын байқады, себебі ӨСК саланы танымал ету бағытында әжептәуір белсенді жұмыс істеуде. Сол себепті валютада жақсы инвестициялық табысқа қол жеткізгісі келетін адамдар ғана емес, сонымен қатар жинақтарын сақтап, өмірін сақтандырғысы келетін адамдар да клиенттер болып табылады. «Өмірді жинақтаушы сақтандыру, әсіресе Unit-linked әлемде ең танымал сақтандыру өнімдері болып табылады (барлық сатулардан 70%-ға дейін). Сондықтан даму үшін қор бар. Егер халықтың жан басына ЖІӨ-ге, сондай-ақ азаматтардың ішкі және халықаралық инвестициялық құралдарға қолжетімділігіне сүйенсек, нарық ең шағын болжам бойынша 300-400%-ға өсуі мүмкін. Плюс 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС бойынша қызметкердің негізін азайтатын салық жеңілдігі күшіне енді. Ол тиісті шамада іске асырылып үлгерген жоқ, халық әзірге білмейді. Мүмкіндік айтарлықтай, - деп санайды ол. – ӨСК-ні тарту жоспарланып отырған, МБЖЖ (Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі) және ерлі-зайыптылардың зейнетақы жинақтарын қайта үлестіруге шақырылған, бірлескен зейнетақы аннуитеттері секілді салалық жобалар да бар. Бұл реформалар қабылданған жағдайда сондай-ақ өмірді сақтандыру нарығын дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерді әкеледі».

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру