Мүгедектік - бұл нормаға қатысты физикалық немесе психикалық кемістіктерге байланысты қабілеті шектеулі адамның жағдайы. Осы себепті мүмкіндігі шектеулі адамдар қаржылық ұйымдар бейтарап болып, белгілі бір қызметтерді алуға кедергілер қоятын проблемалық клиенттер тобы болып саналады.
Әділдік үшін, МБТ көбінесе реттеушінің қатаң комплаенс-ережелеріне сәйкел келмейтінін атап өтеміз. Осылайша, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) сауалнамасына сәйкес, мүгедектердің төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері төмен екені тіркелген, атап айтқанда, кірістер мен шығыстар балансы. Респонденттердің жартысынан көбі (57%) барлық міндетті төлемдер мен қажетті шығындарды төлегеннен кейін жинақтау мүмкіндігіне ие емес, бұл респонденттердің табысының төмендігін көрсетеді. Ал респонденттердің тек 15,2%-ында ғана жинайтын ақшалары қалады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 162 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 19,9 млрд теңгеге жуық әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Сонымен бірге, 1 мамырдағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік көмекті алушылардың саны шамамен 533,1 мың адамды құрайды. Бұл төлемдердің кейбірін ықтимал өмірді сақтандыру компаниялары өздеріне алуы мүмкін.
Осылайша, көптеген дамыған елдерде әлеуметтік тәуекелдерден қорғаудың тиімді әдістерінің бірі өмірді сақтандыру болып табылады. Ол денсаулығынан айырылуға байланысты табыстың орнын толтыруға, ауырған жағдайда медициналық көмек көрсетуге қабілетті. Сақтандырудың бұл түрін дамытуға серпін тек жинақтаушы ғана емес, сонымен бірге тәуекел құрамдас бөлігі болды. Бұл, ең алдымен, қолданыстағы мемлекеттік сақтандыру жүйелерімен халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің жеткіліксіздігімен байланысты. Сақтандыру адамның басына бірдеңе болған жағдайда резервтік қорды құруға ықпал етеді.
«Іс жүзінде сақтандыру компаниялары әлеуметтік рөл атқарады. Мысалы, өндірісте жарақат алу нәтижесінде пайда болған мүгедектік үшін сақтандырылғандар мемлекет төлейтін сомадан көбірек көлемде сақтандыру төлемдерін алады. Сонымен қатар, егер мүгедектік андеррайтингтік шектеулерге байланысты болмаса, олар сақтандыру қызметтерін пайдалана алады. Мысалы, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша мүгедектер сақтандыру шарттарын жасасуға құқылы. Сақтандырудың бұл сыныбында мүгедектер денсаулық жағдайына қарамастан сақтандыруға қабылданады, ешқандай ерекшелік жоқ», - деп түсіндіреді Халық-Life басқарма төрағасының орынбасары, Меиржан Медеубаев.
Өнімдердің қолжетімділігі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік төлемдердің ғана статистикасын жүргізеді. ҚНРДА және Ұлттық банк мүгедектердің елдің қаржылық өміріне қатысуы туралы ақпаратты жарияламайды. Өмірді сақтандырушылар өз клиенттерін біледі, бірақ олардың сақтандыру көлемі аз, ал тақырыптың өзі «жұқа мұз». Айтпақшы, сондықтан да болар, ӨСК-лердің көпшілігі үндемей, редакцияның өтінішіне жауап бермеуді жөн көрді.
«Nomad Life ӨСК-нің шамамен барлық негізгі бағдарламалары мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді: жинақтаушы сақтандыру, жинақтаушы инвестициялық сақтандыру, зейнетақы аннуитеті, қызметкерді ЖО-дан міндетті сақтандыру (ҚЖОМС), қызметкерді ЖО-дан ерікті сақтандыру (ҚЖОЕС). Мерзімді сақтандыру бағдарламалары 3-топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға қолжетімді. Сонымен қатар, ҚР Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру заңының қолданылу шеңберінде біз тиісті сақтандыру шарттарын жасаған ұйымдардың қызметкерлеріне, егер өндірісте қызметкер жазатайым оқиға нәтижесінде өзінің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылса, төлемдерді жасаймыз», - деп ақпарат берді сақтандырушының баспасөз қызметінде.
Сақтандыру сыныптары бөлігінде түсіндірейік. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, егер мүгедектік мерзімсіз белгіленсе, сақтандыру шарттарына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы, яғни олар белгілі бір жасқа толған және өмірді сақтандыру компаниясына аудару үшін олардың БЖЗҚ-дағы шотында зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі болуы тиіс.
«Еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыруда қызметкерде 30%-100% (КЕҚА) кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылуға алып келген, еңбек жарақатын алған кезде зардап шегуші ӨСК-ден заң бойынша тиесілі сақтандыру төлемдерін алады», - деп нақтылайды «Коммеск-Өмір» ӨСК-нің басқарма төрағасы Олег Ханин.
Freedom Life-тың көзқарасы басқаша. Компания өмірді сақтандыру бағдарламаларына қайтыс болған, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, мүгедектік белгілеу жағдайында сақтандыру төлемдері кіретінін айтады. Мұндай бағдарламалар бойынша мүгедектігі анықталған адамдар сақтандыруға қабылданбайды. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі адамдар аннуитеттік сақтандыру бағдарламаларын, мысалы, Freedom Support, зейнетақылық аннуитет, шетелге шығушы адамдарды сақтандыру бағдарламаларын сатып ала алады. «Белгіленген мүгедектігі бар адамдар өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандырылғандар бола алмайды, бірақ сақтанушылар және пайда алушылар болуы мүмкін. Мүгедектік – сақтандыру төлемі жүргізілетін оқиға. Нәтижесінде, егер мүгедектік бұрыннан белгіленген болса, онда сақтандыру ұсынылмайды. (…) Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі адамдар дәл қазір сақтанушы, сақтандыру бағдарламаларының едәуір көп бөлігінің пайда алушылары бола алады. Бірақ олар еңбекке қабілеттіліктен айырылу және белгіленген мүгедектікке тікелей немесе жанама қатысты өлімге байланысты төлемдерді қамтымайтын бағдарламалар бойынша ғана сақтандырылушы болуы мүмкін», - деп пікір білдірді Freedom Life ӨСК-нің басқарма төрағасы, Азамат Ердесов.
Бұл ретте айта кететін жайт, жазатайым оқиғалардан сақтандыру немесе жинақтаушы сақтандыру мүгедектер үшін аса өзекті тақырып емес, бұл қызметке сұранысты аса көп деп атауға болмайды. Түсінікті себептер бойынша көптеген адамдар уақытының барлығын немесе барлығын дерлік өз үйлерінде өткізіп, оңаша өмір сүреді, сондықтан белсенді адамдарға қарағанда тәуекелге азырақ ұшырайды. Бірақ кейбір компаниялар ерекше клиенттерден аулақ болуға тырысады.
«Егер мүгедектік сақтандыру жағдайының басталуының жоғары қаупімен тікелей байланысты болмаса. Мысалы, көру қабілеті бұзылған адам андеррайтинг бойынша қарапайым клиенттен еш айырмашылығы жоқ. Бірақ егер адам жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы бар мүгедек болса, онда сақтандыру шартын жасасуға шектеулер болуы мүмкін. Немесе, керісінше, сақтандыру жағдайы – бұл ауру болып табылмайтын жазатайым оқиға, мысалы, биіктіктен құлау немесе ЖКО-дан қайтыс болу немесе мүгедектік, онда ауруға шалдыққан мүгедектің жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасасуына ешқандай кедергілер болмайды», - дейді Меиржан Медеубаев.
Өмірді жинақтаушы сақтандыруда (ӨЖС) шарттың талаптары мен тарифтер қабылданатын тәуекелдерге, жасына, денсаулық жағдайына және аурулардың болуына, мүгедектік топтарына және кәсіби қызметке байланысты. «ӨЖС өнімдері бойынша инвестициялық кірісті сақтандырылушы немесе пайда алушы ала алады. Сонымен қатар, мүгедектер сақтанушы бола алады, мысалы, балаларының, ата-анасының және басқа жақын адамдарының өмірін сақтандыра алады. Сондай-ақ, ӨЖС-де, егер қосымша сақтандыру шарттары бар келісім болса, сақтандырылған адам сақтандыру кезеңінде ол мүгедектікке ие болса, төлем алады», - деп түсіндіреді Олег Ханин.
Болашақ бар
Өмірді сақтандырушылар мүмкіндігі шектеулі жандарға немқұрайлы қарамайды, бірақ олардың тәуекелі жоғары клиенттер екенін анық біледі. Сондықтан нарық ойынның жаңа ережелерін жасауы керек. «Бұл кешенді шешім болуы керек, бірақ кем дегенде мүгедектіктің нақты түрлері мен мүгедекті сақтандыруды бағалау мүмкіндігі арасындағы корреляцияны нақты сипаттайтын бейімделген андеррайтинг саясаты болуы керек», - деп нақтылайды Халық-Life басқарма төрағасының орынбасары.
Nomad Life-та басқаша көзқарас: «Бізде мүмкіндігі шектеулі жандарға шектеу жоқ. Біз кез келген ерекшелік пен шектеусіз барлық клиенттер үшін бизнес-процестерді жақсарту үшін үнемі жұмыс жасаймыз. Осы бағытта Nomad Life клиенттердің интернет-кабинеттерінің жұмысының сапасын жылдан-жылға жақсарта отырып, орасан зор жұмыс атқаруда».
Сурет ашық дереккөздерден