bs-preloader__icon
ru kz en

«Халык-Life» АҚ-ға қосылу түріндегі «Казкоммерц-Life» АҚ-ның қайта ұйымдастырылуы

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға қосылу түріндегі «Казкоммерцбанк» АҚ-ның ерікті қайта ұйымдастырылуына байланысты 2018 жылғы 28 шілдеде банктер арасында 2018 жылғы 27 шілде күнгі жағдай бойынша тапсыру актісіне қол қойылды, деп kklife.kz хабарлайды.
«Халык-Life» АҚ-ға қосылу түріндегі «Казкоммерц-Life» АҚ-ның қайта ұйымдастырылуы

2018 жылғы 29 шілдеде «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ жүйесінде «Казкоммерц-Life» АҚ-ның акцияларын шығару және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның дербес шотына аудару бойынша операция тіркелді, оның нәтижесінде «Казкоммерц-Life» АҚ-ның жалғыз акционері «Қазақстан Халық банкі» АҚ болды.

2018 жылғы 13 тамызда «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде «Халык-Life» АҚ-ға қосылу түріндегі «Халык-Life» АҚ мен «Казкоммерц-Life» АҚ-ның ерікті қайта ұйымдастырылуы туралы шешім қабылданды.

Бұдан әрі компаниялардың қайта ұйымдастыру процедурасын іске асыру уәкілетті орган – ҚР Ұлттық Банкінен рұқсат алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылатын болады, деп «Казкоммерц-Life» АҚ компаниясының сайтында хабарланады.

«Қазіргі таңда екі компания бұрынғы режимде қызмет етуді жалғастыруда. Қайта ұйымдастыруға дайындық кезеңінде орын алатын барлық өзгерістер туралы біз компанияның корпоративтік сайты арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және әлеуметтік желілер арқылы хабарлайтын боламыз», – kklife.kz сайтында айтылады.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша барлық талаптар өзгеріссіз қалатындығына және де осы талаптарды орындау бойынша «Казкоммерц-Life» АҚ-ның барлық міндеттемелері қайта ұйымдастырудан кейін құқықтық мирасқорлық тәртібінде Халык-Life» АҚ-ға (оның ішінде «БТА Жизнь» АҚ сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер де) өтетіндігіне назарыңызды аударамыз», – деп «Казкоммерц-Life» АҚ-ның хабарламасында айтылды.

Дереккөзі: http://www.kklife.kz/about/news/reorganizatsiya-ao-kazkommerts-life--v-forme-prisoedineniya-k-ao-halyk-life/

Фотосурет Informburo.kz сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақылық жоспарлаудың маңыздылығы
Зейнетақылық жоспарлаудың маңыздылығы

Адамдардың көпшілігі зейнетке шығу жайында әр...

ЖОМС-та көшбасшы ауысты
ЖОМС-та көшбасшы ауысты

ӨСК 2019 жылғы тамыз айындағы қорытындылары бой...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру