bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді жинақтаушы сақтандыру РФ сақтандыру нарығының флагманы болды

Өмірді сақтандыру нарығы 2020 жылдың қорытындысы бойынша өсімді көрсетіп, індеттің сын-қатерлеріне төзіп шықты. Нарық флагманының рөлі жиі жеке инвесторлардың әртараптандырылған портфелінің бөлігі болып шығатын, жинақтаушы өнімдерге бекітілді, деп жазады «Страхование сегодня» порталы.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру РФ сақтандыру нарығының флагманы болды

Елдің бүткіл экономикасына қатты әсер еткен өткен жылғы локдаунға және шектеулерге қарамастан, өмірді сақтандырушылар BCC-дің деректері бойынша 450 млрд рубльден астам сыйлықақыларды жинады. Нарықтың жылдық өсімі 4,1%-ды құрады.

Көбінесе бұл көрсеткіштер меншікті банктерді қолдау есебінен кэп сақтандырушылардың өсімімен байланысты. Кэп емес сақтандырушылардың сыйлықақыларының үлесі 2019 жылғы 15,1%-дан 2020 жылы 13,9%-ға дейін төмендеді. Бұл тенденция 2021 жылы да жалғасады, оның ішінде М&A мәмілелерінің есебінен, оған мысал – жуырда «МетЛайф» сақтандыру компаниясын «Совкомбанктің» қосып алуы.

Бұдан басқа, әзірге сақтандыру серіктестері болмаған ірі мемлекеттік банктер де оларға жұмыс істеу неғұрлым қызығырақ нарықтық сақтандыру компанияларының пулын анықтады. Келешекте бұл осы сақтандырушылардың кэптивизациясына әкелуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды, бұл одан әрі осындай компаниялардың үлесін көбейтеді.

Ең жақсы динамиканы 2019 жылы 109,5 млрд рубльден 2020 жылы 136,1 млрд рубльге дейін бір жылда 24,3%-ға өскен, өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) сегменті көрсетті. Мұның арқасында оған бұрын өмірді инвестициялық сақтандыруға (ӨИС) тиесілі болған, нарық драйвері мәртебесі бекітілді. Ал ӨИС өткен жылы 196,9 млрд рубльден 188,3 млрд рубльге дейін (-4,4%) шағын түсімді көрсетті. Ішінара бұл ӨИС-дан ӨЖС-ға халықтың ақшалай қаражатының кетуімен байланысты.

2020 жылы өмірді сақтандырушылардың төлемі жинақтарға қарағанда 141 млрд рубльден 211 млрд рубльге дейін 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге жуық әлдеқайда айтарлықтай өсті. Өсім көбінесе бұрын жасалған 3- 5 жылдық ӨИС шарттарының жаппай аяқталуымен байланысты.

Өмірді сақтандыру бағдарламаларының көбіне-көбі жинақтаушы қызметке қосымша денсаулықтың тегін чек-апы немесе телемедициналық кеңес алулар секілді сервистік құраушыларды қосып жатыр. ОБ-ның болжамы бойынша, бұл опциялар халықтың өз денсаулығына көбірек көңіл бөлуі есебінен 2021 жылы өмірді сақтандыру өсіміне оң үлес қоса алады.

Дереккөзі: https://www.insur-info.ru/comments/1429/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру