bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстан экономикасының өсімі бәсеңдейді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкіметке 2022 жылға экономика көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлердің болжамын нақтылауды енгізді, деп хабарлайды LS.
Қазақстан экономикасының өсімі бәсеңдейді

«Макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде бюджетте мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне $90 деңгейінде айқындалды. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, елдің экономика өсімінің болжамы 3,9%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте, номиналды ЖІӨ 91,5 трлн теңге көлемінде күтілуде, бұл мақұлданған болжамнан 4,5 трлн теңгеге жоғары», - деді ол.

Сонымен қатар, министрдің сөзінше әлемде протекционизмнің күшеюіне, тарифтердің өсуіне байланысты металлургиядағы өндірісті шектеу есебінен өңдеуші өнеркәсіптегі болжамды көрсеткіштер 3,5%-дан 2,9% - ға дейін төмендеді. Құрылыста өсім бұрын мақұлданған - 3,8% деңгейінде сақталады. Байланыс қызметіне сұраныстың төмендеуі нәтижесінде ақпарат пен байланыста болжам 8,3%-дан 5%-ға дейін төмендетілді. 

Ұлттық Банктің болжамы бойынша экспорт $72,2 млрд – қа дейін ұлғаяды, импорт - $40,2 млрд-ты құрайды.

«Инфляция 8-10% дәлізінде айқындалған. Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірістері бойынша болжам нақтыланды, ол 10,2 трлн теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 955 млрд теңгеге жоғары», - деп жалғастырды Қуантыров.

Оның сөзінше, кірістер бойынша негізгі ұлғаю мұнайға болжамды бағаның ұлғаюы аясында мөлшерлеменің жоғарылауы, долларға теңге бағамының өзгеруі және макроэкономикалық көрсеткіштердің ұлғаюы есебінен корпоративтік табыс салығының өзгеруі есебінен мұнайға экспорттық кеден салығы бойынша күтілуде.

Дереккөзі: https://lsm.kz/pravitel-stvo-odobrilo-korrektirovki-v-byudzhet-2022-goda

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтар шетелге жаңа жылдық сапарларға қанша ақша жұмсайды
Қазақстандықтар шетелге жаңа жылдық сапарларға қанша ақша жұмсайды

Қазақстандықтар ҚР қай өңірлерінде шетелге са...

Корпоративтік өмірді сақтандыру бизнес иелеріне қалай көмектеседі
Корпоративтік өмірді сақтандыру бизнес иелеріне қалай көмектеседі

Соңғы бірнеше жылда экономикалық тұрақсыздық ...

Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда
Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда

Қазақстанның актуарийлер қоғамы мен Nomad Life өмі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру