Құжатта көрсетілгендей, жинақтаушы сақтандырудың дамуын бірқатар факторлар тежеп отыр. Олардың қатарында халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі, өнімдердің инвестициялық құрамын түсінудің күрделілігі және клиенттердің тәуекелдерге жоғары сезімталдығы бар. Сонымен қатар мұндай құралдар әзірге жаппай сұранысқа ие емес және түсінігі жеңілірек жинақтау тәсілдерінен қалып отыр.
2018 жылдан бастап сақтандыру компаниялары Unit-linked шарттары бойынша инвестициялық портфельді дербес басқару құқығына ие болды. Бұл лицензияланған уәкілетті органның рұқсаты негізінде сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі мен оларды инвестициялаудан түскен табыстар есебінен қалыптасатын қаражатты қамтиды. 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 4 024 млн теңгеге 368 Unit-linked шарты жасалған (инвестициялық құрамдас бөлігі бар сақтандыру өнімі, табыстылығы инвестиция нәтижесіне байланысты), ал сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 721 млн теңгені құрады, делінген құжатта.
Сондай-ақ құжатта қазіргі уақытта мұндай өнімдер бойынша инвестициялық портфельдерді басқарумен нарықтың шектеулі ғана қатысушылары айналысатыны, ал сегменттің дамуы негізінен халық сенімінің артуы мен ұзақ мерзімді жинақтау құралдарының қолжетімділігін кеңейтуге тәуелді екені атап өтілген.
Қосымша ретінде, 2023 жылдан бастап сақтандырушылар білім беру жинақтау жүйесіне қосылғаны, бұл қосымша сұраныс қалыптастыратыны көрсетілген. Дегенмен жалпы алғанда, нарық әлі де жоғары шоғырлану мен шектеулі бәсекелестікпен сипатталады.
Ашық дереккөздерден алынған фото


