bs-preloader__icon
ru kz en

Нарық аннуитеттерді қолдады

ӨСК жиынтық брутто-сыйлықтары 2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде unit-linked сатуды ескергенде 44,9%-ға, 69 млрд теңгеге дейін өскен, ал қаңтарда сыйлықтың өсімі анағұрлым жоғары болған: динамика жылдық мәнде 149,4% болған. «Nomad Life» ӨСК Unit-linked инвестициялық өмірді сақтандыру өнімін ұсынатын жалғыз ӨСК болып қала беруді жалғастыруда. Сақтандыру сыйлығының жинақтау бөлігі бұл өнім бойынша 2023 жылғы ақпанда 6,7 млрд теңгеге дейін өсті. Жыл басында «Nomad Life» ӨСК активтер мөлшері 263,4 млрд теңгені құрады, өз капиталы 22,3 млрд теңге, сақтандыру резервтері 203,8 млрд теңге болды. «Nomad Life» ӨСК нарықтық үлесі өмірді сақтандыру саласында ақпанда Unit-linked сатуды ескергенде 22,7% құрады, бұл 15,6 млрд теңгеге барабар.
Нарық аннуитеттерді қолдады

Ақпан айында «Өмірді сақтандыру»  класы бойынша сыйақылар жылдық мәнде өткен жылғы ақпандағы 47,9% - ға өсімге және қаңтардағы 54,3% - ға өсуге қарсы 2% - дық теріс динамиканы көрсетті. Ақшалай мәнде ӨСК 24,8 млрд теңге (бір жыл бұрын – 25,3 млрд теңге) жинады. ӨСК жалпы сыйақыларындағы өмірді сақтандыру бойынша жиынтық портфельдің үлесі 35,9%  құрады, ал қаңтар айында 41,2% - ға жетті, ал 2022 жылғы ақпанда ӨСК жиынтық портфелінде өмірді сақтандыру 51,1% болды.  

2023 жылғы ақпанда өмірді сақтандыру сегментінде көшбасшы өзгерді. «Halyk life» ӨСК қаңтар айында айырылып қалған бірінші орынға қайта  оралды. ӨСК 8,4 млрд теңге сыйақы жинады және сегменттің 34,1% үлесіне ие болды. 7,1 млрд теңге сыйақы көлемімен екінші орынға  қаңтардағы көшбасшы «Еуропа сақтандыру компаниясы» (ЕСК) ӨСК түсті, бұл сегменттің 28,9% үлесіне сәйкеседі, Үшінші орында – портфелі 5,4 млрд теңге және сегменттегі үлесі 22,1% болатын «Nomad Life»  ӨСК тұр. Бұл санаттағы  үш ірі ӨСК сыйақыларының шоғырлануы қаңтардағы 89,3%-ға қарағанда 85,1%-ға дейін төмендеді. Өмірді сақтандыру бойынша сыйақы жинайтын 9 ӨСК-нің тек 3-і ғана сыйақылардың жылдық мәнде өскенін көрсетті.

Ақпан статистикасында МБЖЖ бойынша деректер бірінші  көрсетілді. Сыйақы көлемі 1,8 млрд теңгені құрады. Сегментте 3 ӨСК өз жұмысын бастады. 1 млрд теңге портфелі (нарықтың 55,1%) бар  «Halyk life»  ӨСК көшбасшы болып табылды, одан кейін 570 млн теңге портфелі (нарықтың 30,3%) бар «Freedom Life» ӨСК, үшінші позицияда – 275 млн теңге портфелі және нарықтағы үлес 14,6% болатын  «Еуразия» ӨСК тұр.

Зейнетақы аннуитеттерін есептемегенде аннуитеттік сақтандыру 2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде 116,3% - ға өсіп, 2 млрд теңгеден артық мөлшерге жетті. Қаңтарда сыйақылар 45,8% - ға өсті. Осы сегментте сыйақылар жинайтын барлық жеті ӨСК сыйақылардың жылдық оң динамикасын көрсетті. Ақпан айында сегменттің көшбасшысы 1,19 млрд теңге сыйақы (сегменттің 58,5% үлесі) жинаған «Сентрас Коммеск Life»  ӨСК болды. Екінші орынға «KM Life»  ӨСК түсті, оның портфелі 504,3 млн теңге (сегменттің 24,7%). Үшінші позицияда – «Halyk Life»  ӨСК, сыйақы көлемі 322,7 млн теңге, және оның нарық үлесі 15,8%. Сегменттегі үш ең  ірі ӨСК үлесі 99% құрайды.

Зейнетақы аннуитеттері сыйақыларының көлемі 2023 жылдың ақпанында 94,8%-ға, 2022 жылғы ақпанда 65,3%-ға және қаңтарда сыйақылардың 59,5%-ға өсуіне қарсы 20,9 млрд теңгеге дейін өсті. ӨСК жиынтық сыйақыларындағы зейнетақы аннуитеттерінің үлесі қаңтар айының қорытындысы бойынша 27,2%-ға қарағанда 30,3%-ға дейін өсті. Зейнетақы аннуитеттері сегментінің көшбасшысы 7 млрд теңге сыйақы көлемімен және сегменттегі үлесі 33,7%-бен «Nomad Life»  ӨСК болып қала береді. Екінші орында – 6,7 млрд теңге портфелі және 32,4% сегменттегі үлесі бар "Halyk Life" ӨСК.

Үшінші позицияны 4,4 млрд теңге портфелі бар және сегменттегі үлесі  21,3% болатын «Freedom Life» ӨСК алды. Аса ірі үш ӨСК кластағы үлесі қаңтар қорытындысы бойынша  84,7%-дан 87,4%-ға өсті.

ӨСК кесіндісінде жиналатын жазатайым оқиғаны сақтандыру бойынша сыйақылар 2022 жылғы ақпанда 63,9%-ға қарағанда 2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде 482,7%-ға 8,4 млрд теңгеге дейін өсті. Дегенмен, ақпан айындағы өсім қаңтардан төмен болды, мұнда  сыйақылар жылдық мәнде 784%-ға өсті. ЖО бойынша сыйақы жинайтын 6 ӨСК-нің төртеуі сыйақының  оң динамикасын көрсетті, бұл ретте олардың екеуі нарықтан жоғары. ӨСК жиынтық сыйақыларындағы ЖО сегментінің үлесі қаңтарда 13,6%-бен салыстырғанда  12,3%-ға дейін төмендеді

 

 

2023 жылғы ақпанда ЖО сегментінде көшбасшы ауысты. «Freedom Life»  ӨСК бірінші позицияға және қаңтар айының қорытындысы бойынша айырылып қалған  ірі компаниялардың үштігіне қайта оралды. «Freedom Life»  ӨСК портфелі ЖО бойынша 3,5 млрд теңгені құрады (сегменттің 42,3%-ы қаңтардағы 13,8%-қа қарағанда). Екінші орынға «KM Life» 2,4 млрд теңге портфелімен түсті (сегменттің 28,7%-ы қаңтар айындағы 49,5%-ға қарсы). Үшінші орында 1,2 млрд теңге портфелі бар ЕСК ӨСК қалды (сегменттің 14,1%-ы қаңтардағы 16,2%-бен салыстырғанда). 1,13 млрд теңге портфелі және 13,4% үлесі бар «Halyk life»  ӨСК (қаңтар қорытындысы бойынша үлесі – 18,6%) ӨСК сыйлықақылары кесіндісіндегі ЖО көшбасшыларының үштігінен кетті.

«Қызметкерді еңбек міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру»  секторындағы сыйақылар 2023 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша 2022 жылғы ақпандағы 18,8% өсімге қарағанда  (барлығы жылдан ылға қарай) 71,2%-ға, 12 млрд теңгеге дейін өсті. Қаңтарда сыйқақылар 114,9% динамикасын көрсетті. Сегменттің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қала береді. Абсолютті мәнде ӨСК портфелі 5,4 млрд теңгені құрап, сегменттегі үлесті қаңтардағы 39,6%-ға қарағанда 45,6%-ға дейін  көбейтті. Екінші орында 3 млрд теңге портфелі және 25,3% нарық үлесі бар «Halyk life»  ӨСК тұр. «Freedom Life»  ӨСК 1,3 млрд теңге портфелі және 11% үлесі бар сегменттегі үшінші ірі сақтандырушы болып қала береді. Кластағы  үш ірі ӨСК үлесі 81,8% құрайды.

ӨСК кесіндісінде ауру жағдайына сақтандыру (ЕМС) бойынша сыйақылар 2023 жылғы ақпанда өсім 2022 жылғы ақпандағы 101,9%-ға қарағанда 45,6%-ға, ал қаңтармен салыстырғанда 44%-ға қысқарды. Абсолютті сандарда сыйақылар 711,5 млн теңгені құрады.

Сегменттің көшбасшысы сегменттің 81,1%  (қаңтарда 69,7%) алып, 576,9 млн теңге портфелі бар ЕСК ӨСК болып қала береді. «KM Life»  ӨСК 70,1 млн теңге портфелімен және 9,9% сегменттегі үлесімен (қаңтарда 27,2% болған) екінші орында тұр. Үшінші позицияға «Freedom Life»  ӨСК 59,9 млн теңге портфелімен және 8,4% сегменттегі үлесімен (қаңтар қорытындысы бойынша 1%) шықты. «Еуразия» ӨСК 1,7 млн теңге портфелімен және 0,2% үлесімен (қаңтарда – 1,5% болған) ӨСК кесіндісінде ЕМС бойынша ең ірі ӨСК үштігінен кетті.

2023 жылдың 1 ақпанында ӨСК жиынтық активтері 17,9%-ға төмендеді (жыл жылға) және 919,5 млрд теңгені құрады. Сақтандыру  резервтері  23%-ға өсіп, 660,7 млрд теңгеден асты. ӨСК меншік капиталы КСЖ вырос 21,8%-ға өсіп (жыл жылға), 173,6 млрд теңге  құрады.

Фото ашық дерек көздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Бес ресейліктің төртеуі 2024 жылы жинақ құруды жоспарлап отыр
Бес ресейліктің төртеуі 2024 жылы жинақ құруды жоспарлап отыр

Ресейліктердің көпшілігі (81%) алдағы жылы жала...

Балық майы қандай аурулардан қорғайды
Балық майы қандай аурулардан қорғайды

Нутрициолог Екатерина Михайленко РИА Новости...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру