Зейнетақы аннуитеті келісім шарты туралы не білу керек?
Зейнетақы аннуитетінің типтік келісім шарты барлық сақтандыру компаниялары үшін Ұлттық банкпен жасалып, бекітіледі.
Келісім шартқа отыру кезінде сіздің қандай құқықтарыңыз бар?
Әрбір клиент-болашақ зейнеткер төмендегілерге құқылы:
— сақтандыру төлемдері өлшемдерін есептеумен танысу
— тек міндетті ғана емес, сонымен қатар ерікті зейнетақы жарналарын қолдану
— сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері өлшемдерін есептеу үшін тәуелсіз сарапшыларды қатыстыру
— жоғалған жағдайда зейнетақы аннуитеті келісім шартының көшірмесін алу.
Қандай негіз қажет?
Келісім шартқа отыру үшін негіз – сіз сақтандыру компаниясында қол қоятын, сіздің жазбаша өтінішіңіз.
Келісім шарт күшіне қашан енеді?
Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры сіздің жинақтарыңызды сақтандыру компаниясына аударған сәттен бастап күшіне енеді.
Келісім шартты бұзуға бола ма?
Болады, бірақ зейнеатақы аннуитеті келісім шартын жасасқан күннен бастап 2 жылдан кейін ғана.
Мезгілден бұрын келісім шарттың әрекетін тоқтатуға бола ма?
Болады, бірақ клиенттің ынтасы бойынша және зейнетақы аннуитеті келісім шартын басқа өмірді сақтандыру компаниясымен жасасқан жағдайда және келісім шартқа отыру күнінен 2 жылдан кейін ғана тоқтатуға болады.
Сақтандыру компаниясы айына қанша ақша төлеу қажет?
Сақтандыру компаниясынан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті келісім шартына отыру күнінде әрекет ететін минималды зейнетақы мөлшерінен аз болмау керек.
Кез келген сақтандыру компаниясынан (life) нені талап ету қажет?
1) «өмірді сақтандыру» саласында іс-әрекетті жүзеге асыруға лицензиясының болуын;
2) сақтандыру ұйымында астанада, республикалық дәрежедегі қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында филиалдары болу керек.
Сақтандыру компаниясы айлық сақтандыру төлемін қалай есептейді?
Кез-келген сақтандыру компаниясы зейнетақы аннуитеттері бойынша барлық сақтандыру төлемдері мен сыйақыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен орнатылған әдістемемен есептейді.
Кез-келген сақтандырушы сізбен зейнетақы аннуитеті келісім шартын жасау кезінде не жасауға міндетті?
Кез-келген сақтандырушы төмендегілерді орындауға міндетті:
1) Сізді сақтандыру төлемдері мөлшерін есептеумен таныстыру;
2) үш данада келісім шартын жасау, оның екеуі сіздің қолыңызға беріледі;
3) егер сіз басқа сақтандыру компаниясымен келісім шартқа отырған болсаңыз, онда жаңа сақтандыру компаниясымен жасасқан зейнетақы аннуитеті келісім шартының түпнұсқасын алған сәттен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде сіздің ақшаларыңызды жаңа сақтандыру ұйымына аудару керек
4) егер сақтандырушы ай сайынғы транштарды уақытылы төлемесе, онда ол Сізге төленбеген сомадан 1,5% мөлшерде әрбір кешіктіру күніне өсімақы төлеу керек;
5) сақтандыру шотына түскен күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде Сізге сақтандыру сыйақы сомасының түскені туралы хабарлау;
6) Қайтыс болған жағдайыңызда компания отбасыңызға немесе жерлеуді жүзеге асыратын тұлғаға зейнетақы аннуитеті келісім шартында орнатылған мөлшерде жерлеу ақысы түрінде төлем жүргізуге міндетті. Бұл ақы тиесілі қаржылық жылға орнатылған АЕК 15 есе мөлшерінен аз болмау керек.
Материал мен фотосурет көзі: http://enpi.kz/kompanii/hotite-sbezhat-iz-enpf-v-strahovuyu-kompaniyu-