bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру нарығы: өткен жылдың қорытындылары және биылғы жылға жоспарлар

Өткен жылы заңнамалық жаңалықтар енгізілген болатын, олардың арқасында нарықта бірнеше өзекті өнімдер пайда болды. Бұл ретте өмірді сақтандыру нарығының даму қарқыны 2021 жылға қарағанда төмен болды, себебі зейнетақы аннуитеті сыныбы бойынша сыйлықақылардың айтарлықтай түсімі байқалды. Себебі, 2021 жылдың басында халыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге БЖЗҚ-да өз жинақтарының бөлігін пайдалануға рұқсат берілді. Өткен жылдың қорытындылары және осы жылға жоспарлар туралы бірнеше ӨСК-нің топ-менеджерлері айтып берді.
Өмірді сақтандыру нарығы: өткен жылдың қорытындылары және биылғы жылға жоспарлар

2022 жылдың басында күрделі геосаяси және макроэкономикалық жағдайдың факторлары, теңгенің долларға және рубльге шаққандағы бағамының өзгеруі және соның салдарынан бизнесті жүргізудегі қиындықтар Қазақстанның сақтандыру нарығында көрініс тапты.

«Біздің компаниямыз үшін, және сол сияқты барлығы үшін бұл жыл оңай болған жоқ. Бірақ жыл басында болған барлық жағдайларға қарамастан, біздің Компания 11 айдың қорытындылары бойынша көшбасшы мәртебесінде тұр. Бүгінгі күні Халық-Life Қазақстан Республикасында өмірді сақтандыру бойынша ең ірі компания және көптеген қаржылық көрсеткіштер бойынша көшбасшы болып табылады, деді Халық-Life-тің басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова. – Жалпы, қиындықтарға қарамастан компания кезекті рет 35% нарық үлесімен жылды «көшбасшы» мәртебесінде аяқтап отыр. Іс жүзінде қазір өмірді сақтандыру нарығында әрбір 3-ші шарт біздің компанияда жасалады».

Ішінара өсім қарқынының түсімі елде зейнетақы заңнамасына енгізілген жаңалықтармен байланысты, 2021 жылы зейнетақы аннуитеті өнімдерінің сатуларының жоғары көрсеткіштерінен кейін нарықтың корреляциясымен байланысты. Сонымен қатар, 2022 жылы жасалған ЖОМС қызметтеріне бағаны белгілеу қағидаларының өзгеруі сондай-ақ сатулар көлемін ұлғайтып, белгілі бір жолмен өмірді сақтандыру нарығына әсер етті.

«Біз 2021 жылмен салыстырғанда сақтандыру портфелінің мақсаттық құрылымын қайта қарадық, соның арқасында өткен жылмен салыстырғанда таза пайданы айтарлықтай ұлғайттық. Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды (ЖОМС) реттеудің өзінің жүйесіз тәсілімен нарықты қамықтырған ҚР ЕжХӘҚМ-ні айтпауға болмайды. Бір жыл ішінде оның негізінде ЖОМС бойынша сыйлықақы есептелетін құжат екі рет өзгертілді. Жылдың аяғына қарай тіптен, бұл ведомстваның ішінде социализмге қайтару туралы қиратушылық ұсыныстар туындады. Нарықтық қатынастар аясында қызметкерлердің мүдделерін қорғаудың сәтті жұмыс істеп тұрған жүйесіне қарамастан, ЖОМС-ты нарықтан тартып алып, мемлекеттік құрылымдар арасында бөлу ұсынылып жатыр. Мемлекет «зияндыларға» қалай қамқорлық жасады - тұжырымдаманы қазіргі әзірлеушілер қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшыларды осылай атайды – бұл кеңестік кезеңнен көбісінің есінде. Сондықтан, барлық реттеушілердің жаңартулары бірдей пайдалы емес», - дейді «Евразия» ӨСК-нің басқарма төрайымы, Гүлмира Убегалиева. Бұл ретте, «Евразия» ӨСК жеке отандық компаниялардың да, квазимемлекеттік сектордың да рейтингтерін ауқымды қайта қарау аясында өзінің халықаралық рейтингін сақтап қалғанын атап өткен жөн.

Қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығы инвесторлар үшін келешегі бар және тартымды болып қалады. Сонымен, 2022 жыл «Коммеск-Өмір» СК үшін өзгеріс жылы болды. Осы жылдың қазан айында сақтандыру саласын өзгерту бөлігінде компанияны қайта құрылымдау туралы шешім қабылданды. «Бұл «өмірді сақтандыру» саласының келешегімен, нарықтың осы сегментінде позицияларды бекітумен, басқару құрылымын, бизнес-үдерістер мен «Сентрас» компаниялар тобының шығыстарын оңтайландырумен байланысты, себебі оның құрамына үш сақтандыру компаниясы кіреді. «Коммеск-Өмiр» СК» АҚ-ның сақтандыру портфелі (жалпы сақтандыру бойынша активтер мен міндеттемелерді қосқанда) «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның жалпы сақтандыру бойынша мейіргерлік компаниясына тапсырылды. Барлық шарттар бұрынғы талаптармен өзінің әрекетін жалғастырды», - деп пікір білдірді «Коммеск-Өмір» ӨСК-нің басқарма төрағасы Олег Ханин.

Заңнамалық жаңартулар

Елімізде клиенттерге одан әрі ыңғайлы қызмет көрсету үшін заңнамалық шарттар пайда болды. Әсіресе бұл қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру – сақтандырудың ең әлеуметтік түріне қатысты. «Клиент оларды жинаумен айналыспауы үшін, сақтандыру оқиғасы туралы кейбір қағаз құжаттарынсыз өткізу үшін ықтимал мүмкіндік пайда болды. Бұдан бөлек, негізінен сақтанушының, пайда алушының тәуелсіз қорғаушысының қоғамдық институты болып табылатын, сақтандыру омбудсманының рөлі күшеюде», - деді Жанар Жұбаниязова.

Өткен жылдың қыркүйек айында сақтандыру ұйымдарына Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) қатысуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттінің баспасөз қызметі. Сонымен, лицензияларды келесі компаниялар алды: Халық-Life, Freedom Finance Life және Евразия ӨСК. «МБЖЖ жүйесіне қатысатын сақтандыру компаниялары өмірді сақтандыру элементінің болуы есебінен банктермен салыстырғанда неғұрлым бәсекелес және тартымды. Қаражаттандырудың көмегімен мемлекет жинақтаушы сақтандыру нарығының дамуын, сондай-ақ отандық білім беру секторын қолдайды. Сөзсіз, бұл шара Қазақстанда бүткіл өмірді сақтандыру нарығына оң әсер етеді және олардың әлеуметтік рөлін күшейтеді. Бүткіл нарық бірлескен зейнетақы аннуитетіне үлкен үміт артып отыр, ол отандық өмірді сақтандырудың дамуына кезекті серпін беруі керек. Бірлескен аннуитет егер ерлі-зайыптылардың біреуінде қаражат жеткіліксіз, ал екіншісінде артығы болса, олардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және ерлі-зайыптыларға зейнетке ресми шығуды күтпей, сақтандыру төлемдерін алуға көмектеседі», - деп нақтылады Гүлмира Убегалиева.

МБЖЖ аясында өмірді білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын жасап, ата-аналар сақтандыру ұйымы есептейтін инвестициялық кіріске қосымша жылдық 5%-дан 7%-ға дейін мөлшерде мемлекеттің сыйлықақысын ала отырып, өз балаларының оқуына жинай алады.

Сонымен қатар, зейнетақы аннуитеті бойынша қосымша опциялар пайда болды. Бұл бірлескен зейнетақы аннуитеттерін енгізу. Ерлі-зайыптылардың бірінде жеткілікті жинақ болмаған кезде, бірақ жинақтарды біріктіру есебінен шарт жасасуға және мұндай өнімді пайдалана отырып, тұрақты зейнетақы төлемдерін алуға болады. Сондай-ақ, енді сақтандыру компанияларының клиенттеріне егер шарт жасасқаннан бері екі жыл өтсе, ең төменгі қалдықты шегеріп, ӨСК-ден жинақтарының бір бөлігін БЖЗҚ-ға кері қайтаруға рұқсат етіледі.

«Біздің жоспарларымыз туралы айтатын болсақ, біз өмірді сақтандыру нарығының даму тенденцияларын ескеруіміз керек. Соңғы 3 жылда өмірді ерікті сақтандыру нарығы 2,5 есе өсті. Оған қоса, қазірдің өзінде сақтандыру нарығы жыл сайын сақтандырудың ерікті түрлері бойынша ЗА және ЖОМС-тың бірге қосылған көрсеткіштерінен асып түсетін, сыйлықақылардың көлемін жинайды. Бұл отандастарымызға қызықты, нарықта перспективалық өнімдердің, атап айтқанда жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларының дамуымен байланысты», - деп нақтылады Standard Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Ғалым Амерходжаев.

Жоспарлар

Халық-Life қолданыстағы өнімдерді жетілдіреді және жаңа бағыттарды дамытатын болады. «Компания әр жыл сайын өз алдына өмірді сақтандыру нарығында, сондай-ақ жалпы өз командасының алдына өршіл жоспарларды қояды. Бүгінгі күні шындықты ескере отырып, біз үшін және сонымен қатар кез-келген бизнес үшін дамудағы маңызды бағыт бизнесті цифрландыру болып табылады. Қазірдің өзінде кейбір сақтандыру өнімдерін Halyk Homebank қосымшасы арқылы немесе біздің сайт арқылы онлайн сатып алуға болады. Келесі қадам – біздің клиенттерге онлайн режимінде қолжетімді болатын сақтандыру өнімдерінің тізімін кеңейту, бұл ел тұрғындарын өмірді сақтандыру қызметтерімен қамтуды кеңейтеді», - деп бөлісті Халық-Life-тің басқарма төрайымы.

«Коммеск-Өмір» Өмірді сақтандыру компаниясы брендті күшейтіп, технологиялық даму және басқа бәсекелес артықшылықтар есебінен жаңа сипатта танымалдылықты жоғарылататын болады. «Жуық арада біз артынша «Сентрас Коммеск Life» ӨСК – еншілес ұйымның қосылуымен, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру/қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия аламыз. Компанияның жоспарында – кеңсеге келмей-ақ, біздің сайтта сатып алуға болатын және басқасымен – сақтандыру секторы тұтынушылары үшін қызметтердің неғұрлым кең ауқымын көрсету мақсатында, өмірді жинақтаушы сақтандырудың бүткіл желісінің жаңа өнімдерімен, unit-linked өмірді инвестициялық сақтандыру, цифрлық өнімдермен шығу», - деп мәлімдеді «Коммеск-Өмір» ӨСК-нің басқарма төрағасы.

«Евразия» ӨСК қабылданған стратегия аясында дамуды жалғастырады. «2022 жылдың соңынан бастап біз халықаралық қайта сақтандыру нарығына белсенді түрде қатыса бастадық. Бұл жерде бізге табысты көпжылдық тарихы бар танымал халықаралық қайта сақтандырушы болып табылатын «Евразия» СК бас компаниясының тәжірибесі үлкен көмек көрсетті. Халықаралық қайта сақтандыру нарығы – бұл «Евразия» ӨСК үшін өзіндік көгілдір мұхит болып табылады, өйткені бас компаниядан басқа ешбір сақтандыру компаниясы халықаралық нарықта қайта сақтандыру мүмкіндігін сатушы ретінде белсенді емес», - дейді «Евразия» ӨСК-нің басқарма төрағасы.

Сурет ашық дереккөздерден

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру