bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру нарығы тұрақтады – ҚҚҚ

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өмірді сақтандыру нарығының дамуы туралы есеп дайындады. Өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) активтері 775,6 млрд теңгеге дейін болмашы қысқарды, бұл бүткіл сақтандыру нарығының жиынтық активтерінен 41%-ды құрайды.
Өмірді сақтандыру нарығы тұрақтады – ҚҚҚ

Секторда шоғырлану өзгерген жоқ: активтер бойынша өмірді сақтандыру нарығының 80%-ын бұрынғысынша төрт ірі компания алады: Nomad Life (+3%), Халық-Life (−2%), FFLife (−9%) және Евразия ӨСК (+4%).

Бірінші тоқсанда таза сақтандыру сыйлықақылар 14%-ға төмендеді, бұл өткен жылы зейнетақы аннуитетін сатып алуға ең жоғары сұраныспен байланысты болуы мүмкін, сол кезде ол аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының шегін заңнамамен төмендетуден кейін екі есе өскен болатын.

Төлемдер көлемі өмірді сақтандыру бойынша төлемдердің 3,3 есеге ұлғаюы есебінен 38%-ға өсті. Нәтижесінде ӨСК нарығы бойынша сыйлықақыларға төлемдердің ара қатысы өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 8%-дан 13%-ға дейін өскен. Бұл ретте барлық төлемдердің 53%-ы аннуитеттік сақтандыруға тиесілі.

2022 жылы ӨСК нарығының дамуына қосымша импульсті Unit-linked өнімдерінің және ерлі-зайыптылар аннуитеттерінің заңдармен жетілдірілуі, ӨСК-нің мемлекеттік білім беру жүйесіне қатысуы, сондай-ақ саланы одан әрі цифрландыру беруі мүмкін.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Құлпынайда нитраттарды қалай анықтауға болады
Құлпынайда нитраттарды қалай анықтауға болады

Ерте шыққан құлпынайды шектеулі көлемде жеген...

Дағдарысқа инвестициялар
Дағдарысқа инвестициялар

Дағдарыс кезінде көптеген қаржы құралдарға ба...

Ұжымдық сақтандыру: артықшылықтары мен кемшіліктері
Ұжымдық сақтандыру: артықшылықтары мен кемшіліктері

Ұжымдық сақтандыру былай жұмыс істейді: ұйым ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру