bs-preloader__icon
ru kz

Сбербанк және "Сбербанк страхование жизни" СК телемедицина сервисін енгізді

Бұл қызмет, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық тәуекелі кредиттік өмір сақтандыру өнімдерінің құрамына енгізілді
Сбербанк және "Сбербанк страхование жизни" СК телемедицина сервисін енгізді

Сomnews.ru компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, "Телемедицина" сервисі сақтандыру шартының бүкіл қолдану мерзімі бойына қашықтан медициналық көмек алуға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды. Бұл опция қалаларда мамандардың жетіспеуінен, уақыт тапшылығынан немесе мәселенің шетін болуы салдарынан дәрігерден көзбе-көз кеңес алу қызметін пайдалана алмайтын клиенттер үшін өзекті. 

Сервисті "Сбербанк страхование жизни" СК серіктесі – "Доктор рядом" емханалар желісі маркетплейсDocDoc негізінде ұсынады (Сбербанк Тобына кіреді).

Кредиттік өмір сақтандырудың жаңартылған бағдарламасына мерзімі отыз бір күннен асатын ұзақ мерзімді ембекке жарамсыздық тәуекелі енгізілді. Бұл клиенттерге ұзақ уақыт сырқаттануына байланысты жұмысқа шықпаған жағдайда, қаржылық көмек алуға мүмкіндік береді..

"2018 жылы өнімдерімізді жаңа сервистік құрамдас бөліктермен, соның ішінде телемедицина, чекаптар және «ауыр сырқаттарды диагностикалау» тәуекелі бойынша екінші медициналық пікір сияқты опциялар тәуекелді сақтандыруды дамытудағы басты драйверге айналмақ. Мұндай опциялар әртүрлі өнімдерге, соның ішінде көпшілік сегментке енгізіледі. Біздің бағалауымыз бойынша, телемедицина сервисін пайдалану мүмкіндігі биылғы жылдың соңына қарай 3 миллионнан астам Сбербанк клиенттерінде болады", — деп мәлімдейді Сбербанктің аға вице-президенті, "Әл-ауқатты басқару" блогының жетекшісі Александр Бондаренко.

Дерекнама: https://www.comnews.ru/digital-economy/content/112217/news/2018-03-15/sberbank-vnedril-servis-telemediciny

Фотосурет skalpil.ru, aif.ru сайттарынан алынған.

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Шайыртас қышқылы қалай вирустардан қорғайды
Шайыртас қышқылы қалай вирустардан қорғайды

Қыста ағза энергияның қосымша көздеріне мұқта...

Unit-linked сақтандырудың Қазақстанда болашағы бар ма?
Unit-linked сақтандырудың Қазақстанда болашағы бар ма?

«Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Азамат...

Қазақстандағы өмірді сақтандырудың негізгі аспектілері
Қазақстандағы өмірді сақтандырудың негізгі аспектілері

Өмірді сақтандыру Қазақстандағы қаржылық қау...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру