bs-preloader__icon
ru kz en

S&P Freedom ӨСК-нің рейтингілерін көтерді

S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі Freedom Finance Life (FFL) ӨСК-нің ұзақ мерзімді рейтингін халықаралық шәкілі бойынша «В+» деңгейінен «ВВ-» деңгейіне дейін, және ұзақ мерзімді рейтингін ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB» деңгейінен «kzА-» деңгейіне дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжамы – «Тұрақты».
S&P Freedom ӨСК-нің рейтингілерін көтерді

S&P Global Ratings есебіне сәйкес, рейтингтердің көтерілуі «Freedom Finance Life»ӨСК» АҚ капиталының жеткіліктілігі, операцияларының жоғары нәтижелері және 2022 жылғы маңызды табыстары арқасында елеулі жақсарғанын көрсетеді.

««Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ пайдасын арттырудағы қабілеттілігін сақтап қалатынын күтудеміз, және активтерді бөлуге қатысты салмақты саясатын жүзеге асырудағы менеджменттің мұқияттылығы арқылы кредиттік қабілеттілігінің қосымша нығаюына кепілдіміз, себебі FFL негізінде, мемлекетпен байланыстағы жүйелі маңызды банктерін және ұйымдарын қаржыландырады. «Тұрақты» болжамы, компания келешектегі 12 ай ішінде жоғары пайдасын көрсететінін, капитал көрсеткіштерін «А» санатындағы реитинг деңгейінде қолдайтынын және активтер сапасының тұрақтылығын айқындайды», - делінген S&P Global Ratings-тің есебінде.

Сонымен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, FFL таза пайдасы 10 млрд. теңгеге дейін өсті, 2021 жылғы 5,3 млрд. теңгемен салыстырғанда. FFL капиталы 2022 жылы абсолютті көрсеткіште 68%-ға, 45 млн долларға дейін ұлғайды. S&P талдаушыларының болжамдарына сәйкес, 2023–2024 жылдары компанияның капиталы бөлінбеген пайдасы есебінен 60–70 млн доллар деңгейінде тұрақталады. FFL 2023 жылдың алғашқы үш ай ішінде, бизнесті жылдық көрсеткіш бойынша 69% дейін кеңейтті. Рейтинг агенттігі, Қазақстанда өмірді сақтандыру секторында компания бизнесінің жағымды дамуын және соңғы үш жыл ішіндегі елеулі өсуіне байланысты, жоғары операциялық көрсеткіштердің пайда болуын атап өтуде.

FFL таза пайдасы орташа алғанда жылына 10-11 млрд теңге құрайтын болады, меншік капиталының тиімділік коэффициенті — 30-32%, ал активтерінің тиімділік коэффициенті — 10-11% шамалас болады деп күтілуде. Агенттіктің болжамы бойынша, FFL инвестициялық табысы 10% құрайтын болады, бұл компанияның инвестициялық құрауышы бар сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.

«Қазақстанда соңғы үш жылда, өмірді сақтандыру серпінді дамуда. Бұл сақтандыру сервисін цифрландыру, сондай-ақ, заңнамадағы өзгертулер арқылы жүзеге асырылуда, атап айтқанда, кейінге қалдырылған зейнетақылық аннуитетін іске қосу және 2021 бастап, ӨЖС бағдарламалары бойынша салық жеңілдіктерін енгізу. 2023 жылы, Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде білім беру жинақтаушы сақтандыру өнімі өмірді сақтандыру бойынша ҚР заңнамасымен қарастырылған жаңа әлеуметтік маңызды өнімінің бірі болып табылады, - дейді Freedom Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов. - Болашақта өмірін сақтандыруға қызығушылық білдіретін клиенттер санының өсуін күтудеміз, сонымен қатар, сақтандыру сервисі онлайнға көшуіне және сақтандыру ережелерінің жақсаруына байланысты, біздің бағдарламалар бойынша жасалатын шарттар саны ұлғаятынына сенім артамыз».

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК-ге БЖЗҚ-дан шамамен 40,8 млрд теңге аударылды
ӨСК-ге БЖЗҚ-дан шамамен 40,8 млрд теңге аударылды

2024 жылғы бірінші сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗ...

Белгісіз адамнан аударым картаға түссе не істеу керек
Белгісіз адамнан аударым картаға түссе не істеу керек

Біз бәріміз банктік шоттағы толықтыруларға қу...

РФ сақтандыру нарығы ненің есебінен өсіп жатыр
РФ сақтандыру нарығы ненің есебінен өсіп жатыр

2020 жылдың III тоқсанында ресейліктер 396,8 млрд ру...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру