bs-preloader__icon
ru kz en

Жақындарыңыз туралы қамқорлықпен

Қазақстанда Отбасы күні қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі тойланады. Осы жылы Отбасы күні 11 қыркүйек тойланады. Бұл отбасы мерекесін бірге, әңгімелесіп және махаббатпен өткізеді. Біз жақындарымызды қалай қорғауға болатынын және қосымша табысты қалай қамтамасыз ету туралы ақпаратпен бөліскіміз келеді.
Жақындарыңыз туралы қамқорлықпен

Отбасы махаббаты мен қорғанысы сенімді материалдық базасыз мүмкін емес. Әлемде көптеген елдерде жоғары инфляция банктік депозиттерді тиімсіз салым етті, сондықтан дамыған еуропалық елдерде 10 отбасынан 9-ында отбасының әрбір мүшесі сақтандырылған, АҚШ-та өмірді сақтандыру полистерінің саны халық санынан төрт есе асып түседі, бұл бір адамда бірнеше түрлі өмірді сақтандыру полистерінің болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Біздің елімізде де өмірді және денсаулықты сақтандыру белсенді дамуда, ол әрбір адам үшін маңызды міндеттердің шешімін қамтамасыз етеді: отбасының қаржылық қорғауы, білім алуға ақы төлеу, ірі сатып алулар және басқасы.

«Өмірді сақтандыру – бұл кез-келген адамның алдында пайда болуы мүмкін міндеттерді шешу тәсілі және олардың шешімі сізге және сіздің жақындарыңызға қорғаныш сезімін береді. Көпшілігімізде қаржылық міндеттемелер және бізге тәуелді жақындарымыз бар. Өмір жағымсыз жағдайды әкелгенде және сіздің жоспарларыңызды жазатайым оқиғамен, аурумен немесе қайтыс болуымен бұзған кезде де өмірді сақтандыру өз міндеттемелеріңізді орындауға мүмкіндік береді. Менің тәжірибем өмірді сақтандыру кредиттік немесе басқа қаржы міндеттемелері бар және олардың табысынан отбасының қаржылық әл-ауқаты тәуелді болатын адамдарға неғұрлым маңызды екенін көрсетеді», - дейді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның басқарма төрайымы, Аида Камысова.

Басқа қаржы құралдарымен салыстырғанда өмірді сақтандырудың артықшылықтары:

  • клиент кез-келген жағдайда ақшаны алатынының кепілі. Сақтандырудың қамсыздандырылуы клиент өмір сүрген кезде және сақтандыру мерзімінің аяғына дейін, сонымен қатар ол қайтыс болған жағдайда немесе осы мерзімнің ішінде еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайында да төленеді;
  • шарттың қолданылуының бүткіл мерзіміне кірістілік;
  • бұл денсаулықпен байланысты, жазатайым оқиға нәтижесінде, сонымен қатар ауыр ауру нәтижесінде күтпеген жағдайлардан қосымша қорғау.

Өмірді сақтандыру туралы ойлану қажет пе түсіну үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынамыз.

·         Болашағын қауіпсіздендіру үшін отбасының болуы (күйеуі/әйелі, балалар)

·         Адам өз отбасы үшін табыстың жалғыз (немесе негізгі) көзі болып табылады

·         Жарақат қаупі бар өндірісте жұмыс істеу, жұмыс өмірге қауіппен байланысты

·         Рөлде жиі жол жүру, жеке автокөлікті басқару немесе жүру

·         Спорттың экстремалды түрлерімен айналысу

·         3-6 айға қаржымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, резервтік жинақтардың болмауы

·         Күтпеген жағымсыз жағдайлар жағдайында қаржылық қолдаудың болмауы (ата-ана, туған-туыс, жақын достар).

Егер осы сұрақтардың біреуіне болсын «иә» деген жауап болса, онда өмірді сақтандыру полисін сатып алу туралы ойланған жөн.

«Бір шартты жасай отырып, сіз күтпеген жағдайлардан қорғауды, қаражаттың сақталуын және жинақталуын қамтамасыз етесіз. Егер банктер бір жылға салымды салуды ұсынса, ал өмірді жинақтаушы немесе инвестициялық шарттары үшін бұл мерзім әдетте ең азы болып табылады. Мұндай шарттардың орташа мерзімі – үш жыл және одан артық. Шарт мерзімі ішінде сақтандыру жағдайлары болмаған кезде нақты сақтанушының жалғыз іс-әрекеті жарналарды төлеу болып табылады», - дейді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның басшысы.

Егер шартта пайда алушы (төлемдерді алушы) көрсетілсе, сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі пайда алушыға төленеді, мұраның құрамына кіргізілмейді. Өмірді сақтандыру полистері бойынша жарналар заңнама түсінігінде «мүлік» болып табылмайды және тәркіленуге, тыйым салуға немесе ажырасу кезінде бөлінуге жатпайды.

«Яғни, өмірді сақтандыру – бұл клиент немесе бенефициар әрқашан ақшаны алатын сенімді өнім. Бұдан бөлек, сақтандырудың бұл түрі өмірді инвестициялық сақтандыру секілді адамдарға өздігінен инвестициялық стратегияны таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, біздің клиенттер өз портфелінің құнын қадағалау мүмкіншілігіне ие, шартты бұзуға және кепілдендірілген мөлшерлемемен шартты жасай отырып, жинақтарды сақтандыру бөлігіне аударуға, стратегияны өзгертуге және «тәуекелге тәбетіне» байланысты ақшаны басқа инвестициялық портфельдерге аударуға құқылы», - деп нақтылайды сұхбаттасушы.

Өмірді сақтандыру – уақытпен тексерілген және батыс елдерде оның ішінде салық салуды оңтайландыру үшін, танымалдылыққа ие құрал. Сондықтан, өмірді сақтандыруды жиі отбасылы адамдар сатып алады. Себебі бұл жақындарыңызға қамқорлық танытудың ең жақсы тәсілі.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру