bs-preloader__icon
ru kz

Үндістанда мастықтың салдарынан арылудың ең қарапайым тәсілдерін атады

Жаңа жылдық мерекелер кезінде көбісі мастықтан кейінгі синдромнан арылудың қолжетімді тәсілін табуға тырысады. Times Now үнді басылымының сарапшылары мәселені шешуге көмектесетін азық-түліктер мен сусындардың тізімін жасады, деп хабарлайды «Параграф».
Үндістанда мастықтың салдарынан арылудың ең қарапайым тәсілдерін атады

Бірінші қадам – кофеині бар сусындарды ішу дейді олар. Антиоксиданттар шаршауды басады және ынталандырушы әрекеті бар. Сондай-ақ жылы су немесе зімбір қосылған шәй пайдалы болады. Мамандардың пікірі бойынша, бұл ас қорытуды жақсартады, асқазанды тыныштандырады және лоқсудан арылтады.

Мерекелік дастарханнан кейін келесі күні дәрігерлер киви, апельсин, жидектер – С дәруменіне бай азық-түліктермен қамдануға кеңес береді. Олар денеге қуат береді және бас ауруын басуға көмектеседі.

Мазасыздық сезімінен арылу үшін мамандар түймедақ қосылған шәй демдеуге қеңес береді. Осындай сусын тез ұйықтауға және ағзаны уланудан жылдам оңалуға мүмкіндік береді.

Ірімшікпен жеңіл тамақтану сондай-ақ жағымсыз белгілерден арылта алады. Бұл өнім асқазанның қышқылдығын төмендетеді, бұзылуын тыныштандырады, ағзаның сусыздануы кезінде жоғалтқан дәрумендер мен минералдарды қалпына келтіруге көмектеседі.

Мастықтың салдары алкогольдің тым үлкен мөлшерін ішкеннен кейін ағзаның реакциясын білдіреді. Оның белгілеріне шаршау және лоқсу, бас ауруы, жарыққа сезімталдылық, сондай-ақ бастың айналуы кіреді. Бұрындары ғалымдар мерекелік дастарханнан кейінгі салдардан арылтатын 23 қарапайым азық-түлікті тапты.

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/samye-prostye-sposoby-izbavitsya-ot-poxmelya-nazvali-v-indii-577345/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұзақ өмір сүруетін адамдардың құпиялары аталды
Ұзақ өмір сүруетін адамдардың құпиялары аталды

Статистикаға сәйкес, егер анасы 25 жастан кіші ...

Көп күш жұмсамай калорияларды қалай жағуға болады
Көп күш жұмсамай калорияларды қалай жағуға болады

Арықтауға деген ұмтылыс көптеген ерлер мен әй...

Ресейде салық шегерімін миллион рубльге дейін ұлғайтуды ұсынуда
Ресейде салық шегерімін миллион рубльге дейін ұлғайтуды ұсынуда

Ресейде әлеуметтік салық шегерімінің шекті со...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру