bs-preloader__icon
ru kz
✕

Коби Брайанттың қайғылы өлімі АҚШ-та өмірді сақтандыру саласының сұранысына әкелді

Тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Коби Брайанттың қайғылы өлімінен кейінгі күндерді сақтандырушылар «Коби әсері» деп атады.
Коби Брайанттың қайғылы өлімі АҚШ-та өмірді сақтандыру саласының сұранысына әкелді

25 ақпанда Лос-Анджелесте қаңтар айында әуе апатында қайтыс болған Ұлттық баскетбол қауымдастығының (НБА) бес дүркін чемпионы Коби Брайант пен оның 13 жасар қызы Джианомен қоштасу рәсімі өтті. Аңызға айналған спортшымен 70 мыңнан астам адам келді. Салтанатты рәсім өткен Staples Center спорттық аренасы тек 30 мың адамды қамтығандықтан, қалғандары стадионның жанында тұрды және рәсімді үлкен экраннан көрді.

True Blue Life Insurance мәлімдемесіне сәйкес (бұл өмірді сақтандыру бойынша компаниялардың онлайн-салыстыру агрегаторы), өмірді сақтандыруға сұраныс пен өтінім саны күрт өсті.

Сонымен, өтінімдер саны Брайант қайтыс болғаннан кейін сейсенбі күні 50%- ға, сәрсенбі күні 52%- ға және бейсенбі күні 55%- ға көтерілді.

«Бұл күндері өмірді сақтандыру полистерін сатып алудың басты триггерлерінің бірі Коби Брайанттың өлімі болды», – деп True Blue Life Insurance негізін қалаушысы және бас директоры Брайан Гринберг мәлімдеді.

Дереккөзі: https://money.yahoo.com/kobe-bryant-life-insurance-172357104.html

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандырушылар ЖОМС-ты бірыңғай мемлекеттік операторға беруге қарсы
Сақтандырушылар ЖОМС-ты бірыңғай мемлекеттік операторға беруге қарсы

Қазақстанда еңбек (қызметтік) міндеттерін (ЖОМ...

01.10.2025 жылдың бойынша «МАК» ӨCК» АҚ қаржылық есептілігі
01.10.2025 жылдың бойынша «МАК» ӨCК» АҚ қаржылық есептілігі

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді са...

Пандемиялық қорқыныш өмірді сақтандыру нарығына қызығушылық тудырады
Пандемиялық қорқыныш өмірді сақтандыру нарығына қызығушылық тудырады

Ұлыбританияда Covid-19 бес жылдық сатылым төменде...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру