bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандағы өлім-жітім 26%-ға төмендеді

Қазақстан «пандемияға дейінгі» деңгейге оралды. Жедел деректер бойынша 2022 жылы елімізде 134,7 мың атам қайтыс болды – бұл бірден 2021 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда ширек мөлшерге аз. 2022 жылы өлім-жітімнің жалпы коэфффициенті (6,77) COVID-19 пайда болғанға дейін байқалған цифрлардан да төмендеді (7,19). Бұл туралы Energyprom.kz. мақалысында хабарланды.
Қазақстандағы өлім-жітім 26%-ға төмендеді

Негізгі себептер бойынша 2022 жылы өлім-жітім құрылымы түбегейлі өзгерген жоқ. Әлі де негізгі «өлтірушілер» қан айналымы жүйесінің аурулары болып саналады, олардың өткен жылы өлім-жітімнің жалпы статистикасындағы үлесі 22,6% құрады (бір жыл бұрын – 23,7%). Екінші орынды қатерлі ісік және басқа өсінділер (10,3%) алып тұр. Өлім-жітімнің дәл осындай үлесін тыныс алу органдарының аурулары алады (9,7%).

Жүрек  және қан айналымы ауруларынан қайтыс болғандар саны 2022 жылы осы «басқа себептерден» қайтыс болғандармен  бірдей төмендеді: сәйкесінше минус 30% және минус 31,6%. Атап өтетін бір жай, абсолютті сандарда инфаркт, инсульт және жүрек-қан тамырлары жүйесінің басқа проблемаларынан қайтыс болғандар саны тек 13 мың адамға азайды.

Пандемия аяқталғаннан соң  тыныс алу органдарының ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуі қисынды: минус 7,7 мың жағдай немесе 36,9%. Барлық басқа санаттар бойынша өткен жылы қайтыс болғандар саны 2019 жылғы  көрсеткіштеріге дейін азайды.

Дерек көзі:

https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/smertnost-v-kazahstane-snizilas-na-26

Фото ашық дерек көздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтар ипотекалық сақтандыру туралы не білуі керек
Қазақстандықтар ипотекалық сақтандыру туралы не білуі керек

Ипотекалық сақтандыру-форс-мажорлық жағдайла...

Ипотекалық сақтандыру нені қамтиды
Ипотекалық сақтандыру нені қамтиды

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан...

Машиналық оқыту негізіндегі жүйе өмір сүру ұзақтығын болжайды
Машиналық оқыту негізіндегі жүйе өмір сүру ұзақтығын болжайды

Гарвард медицина мектебінде жасанды интеллек...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру