Forbes Kazakhstan Қазақстанның барлық сақтандыру компанияларының рейтингін жасады. Республикада бұл компаниялардың саны 32 құрайды, оның ішінде 25 – жалпы сақтандыру, 7 – өмірді сақтандыру компаниялары. Алайда Lifeinsurance.kz редакциясы өзінің ерекшелігіне қарай бүгінгі таңда ӨСК рейтингісін ұсынады. Рейтинг сақтандыру компанияларының қаржы жағдайының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін айқындайтын 9 көрсеткішке негізделген, оның ішінде:
• тиімділік көрсеткіштері: ROE (1) және зияндылықтың араласа коэффициенті (2);
• активтер (3), өзіндік капитал (4), таза еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылары (5), таза сақтандыру төлемдері (6) және таза пайда (7) сияқты абсолюттік көрсеткіштер;
• өсу көрсеткіштері: өткен жылмен салыстырғанда таза еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақыларының өсуі (8);
• сақтандыру қорларын өтеу коэффициенті (9).
Әрбір тоғыз көрсеткіш бойынша 1-ден 25-ке дейін жеке рэнкинг есептелген болатын. Содан кейін әрбір компания үшін синтетикалық балл тоғыз рэнкинг көрсеткіштерінің сомасы ретінде есептелген. Қорытынды рейтиг осы баллдың ұлғаюы бойынша құрастырылған, деп forbes.kz мәлімдейді. Барлық мәліметтер компаниялардың қаржылық есептіліктен немесе ҚР ҰБ статистикалық мәліметтерінен алынды. Бұл ретте рейтинг құрастырылған кезде компаниялардың былтырғы жылғы – 2017 ж. 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңі талданды.
Сонымен, Forbes Kazakhstan мәліметтері бойынша «Өмірді сақтандыру» сегментінде рейтинг кестесін тоғыз көрсеткіш бойынша «Номад Life» ӨСК» АҚ басқарды, екінші орында – «Қазақстан Халық банкінің «Халык-Life» өмірді сақтандыру компаниясы»ЕК» АҚ, үшінші орында – «Еуропалық сақтандыру компаниясы» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ орналасты.
Forbes Kazakhstan мәліметтері бойынша, республикада өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру саласындағы сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері 99,5 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 14%-ға артық. Нарықта жиналған сыйлықақыларының барлық көлемінің 27%-ды құрайды.
Өмірді сақтандырудан түскен сақтандыру сыйлықақыларының ең көп санын – 16 млрд теңге мөлшерінде – «Қазақстан Халық банкінің «Халык-Life» өмірді сақтандыру компаниясы»ЕК» АҚ жинап алды. Бұл алдыңғы жылғы 6,3 млрд теңгемен салыстырғанда 153%-ға артық болды. «Номад Life» ӨСК» АҚ көрсеткіші 2016 жылғы 1,7 млрд теңгемен салыстырғанда 44%-ға ұлғайды.
Forbes Kazakhstan атап көрсеткендей, аннуитеттік сақтандыру саласында сақтандыру сыйлықақыларының көлемі бойынша лидер «Номад Life» ӨСК» атанды, ол 8,2 млрд теңгеден 12,5 млрд теңгеге дейін 53%-ға артты.
Өмірді сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша орын алмаған шығындардың қоры бір жылдың ішінде 12,7 млрд теңгеден 13,9 млрд теңгеге дейін өсіп, 9,9%-ға ұлғайды.
Жалпы 2017 жыл ішінде «Өмірді сақтандыру» сегменті бойынша сақтандыру төлемдері 11%-ға, 2,2 млрд теңгеден 2 млрд теңгеге дейін азайды. Едәуір төмендеу «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-да байқалды – 1,3 млрд теңгеден 937 млн теңгеге дейін, немесе 28%-ға төмендеді, деп forbes.kz атап көрсетеді. Бұл ретте басылымның мәліметтері бойынша өмірді сақтандыру сегментінде сақтандыру төлемдерінің жалпы төмендетілуіне қарамастан, «Қазақстан Халық банкінің «Халык-Life» өмірді сақтандыру компаниясы»ЕК» АҚ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ, «Standard Life» ӨСК» АҚ оң динамикасын көрсетті.
Өмірді сақтандыру компанияларының рейтингі (Forbes Kazakhstan):
1. «Номад Life» ӨСК» АҚ
A.M. Best: B-/Тұрақты (24.08.2017)
Басқарма төрағасы: Кайрат Чегебаев
Портфельдің үлкен үлесі: зейнетақы аннуитеті, ҚЖОМС
2017 жылғы қорытындылары бойынша 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық болған активтері 67 млрд теңгені құрайтын, өмірді сақтандыру бойынша ең ірі компаниялардың бірі болып табылады. сонымен қатар ол 2017 жылы 5,3 млрд теңгені еңбекпен тауып, таза пайдасы бойынша да бірінші орынға ие. ROE бойынша да ең үздік нәтиже көрсетті – 57,1%. Компанияның жалғыз иесі Алмас Мыңбаев болып табылады (Forbes Kazakhstan ең бай бизнесмендер рейтингісінің №50 – 2018).
2. «Қазақстан Халық банкінің «Халык-Life» өмірді сақтандыру компаниясы»ЕК» АҚ
A.M. Best: B+/қайта қарау (07.09.2018)
Басқарма төрағасы: Оксана Радченко
Портфельдің үлкен үлесі: өмірді сақтандыру, ҚЖОМС
Компания өзіндік капиталы бойынша лидер болып табылады – 10,8 млрд теңге, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 23%-ға артық. Таза пайдасы бойынша 2016 жылдағыдай 2 млрд теңгемен төртінші нәтижені көрсетті.
3. «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ ЕҰ)
Басқарма төрағасы: Виталий Любимов
Портфельдің үлкен үлесі: зейнетақы аннуитеті, ҚЖОМС
2018 жылғы тамыз айында компанияның акционерлері «Казкоммерц-Life» туыс компаниясын «Халык-Life» компаниясына қосу туралы шешім қабылдады. Қосу туралы шешім «Казкоммерц-Life» компаниясының иесі Казкоммерцбанкті «Халык-Life» компаниясының құрылтайшысы Халык Банкпен сатып алудың салдарынан қабылданды. Қыркүйекте реттеушінің ресми рұқсаты алынып, қосылу процедурасының аяқталуы 2019 жылдың басында жоспарлануда.
4. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ
Басқарма төрағасы: Дмитрий Надиров
Портфельдің үлкен үлесі: өмірді сақтандыру
«Еуропалық сақтандыру компаниясы» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (бұрын Generali Life және PPF Insurance брендімен жұмыс істеген) – Generali Employee Benefits Network (GEB) ресми өкілі, 2006 жылы құрылған, және Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында жалғыз шетелдік компаниясы болып табылады. 2017 жылғы қорытындылары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының 14 млрд теңгені жинақтады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға кем.
5. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ
Басқарма төрағасы: Галым Амерходжаев
Портфельдің үлкен үлесі: еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан аннуитет, ҚЖОМС
Мемлекеттік аннуитеттік компания жарғылық капиталында мемлекеттің 100%-дық қатысуымен 2004-2006 жылдарға Қазақстанның сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасын іске асыру және Қазақстанда 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды тереңдету мақсатында 2004 жылғы желтоқсан айында құрылған. Иелену және пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиесілі.
6. «Standard Life» ӨСК» АҚ
Fitch Ratings: В/Тұрақты (13.03.2018)
Басқарма төрағасы: Ержан Конурбаев
Портфельдің үлкен үлесі: зейнетақы аннуитеті, ҚЖОМС
2018 ж. наурыз айында Fitch Ratings Standard Life компаниясына «В» деңгейдегі қаржы тұрақтылығының рейтингісін берді. Болжамы – «Тұрақты». 2017 жылы компания сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері 5,8 млрд теңгені құрайды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 26%-ға кем.
7. «Азия Life» ӨСК» АҚ
Fitch Ratings: В/Жағымсыз (05.10.2018)
Басқарма төрағасы: Азамат Ердесов
Портфельдің үлкен үлесі: зейнетақы аннуитеті, ҚЖОМС
Ағымдағы жылдың қазан айында Fitch Ratings «Азия Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандырушының қаржы тұрақтылығының рейтингісін «В» деңгейінде растады. Болжам – «Жағымсыз». Компания активтердің мөлшері бойынша ең шағын болып табылады – 9,1 млрд теңге. Алайда жылдың ішінде 15%-ға өсуі байқалады. Ірі акционері Нұрбол Сұлтан (ең бай бизнесмендер рейтингісінің №42) болып табылады.
Дереккөзі:
https://forbes.kz/leader/reyting_strahovyih_kompaniy_2018_1545216218/
https://forbes.kz/ranking/strahovyie_kompanii_po_obschemu_strahovaniyu_-_2018
Фотосурет anderidagroup.com сайттарынан алынды.