Ең алдымен, 2022 жылы 12 шілдеде мемлекет басшысы қол қойған, ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын айта кету керек. Мысалы, құжат бірлескен зейнетақы аннуитетін және Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (МБЖЖ) аясында өмірді сақтандыруды қосқанда, сақтандырудың кепілдендірілген түрлерінің 5-тен 10-ға дейін ұлғаюын болжайды.
«Коммеск-Өмір» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның («Коммеск-Өмір» ӨСК) Басқарма төрағасы Олег Ханин және «Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрайымы Гүлмира Убегалиева «өмірді сақтандыру» саласында бірлескен (ерлі-зайыптылық) зейнетақы аннуитеттері және МБЖЖ аясында өмірді жинақтаушы сақтандыру секілді әлеуметтік маңызды өнімдер енгізілгенін хабарлайды.
Олег Ханин бірлескен зейнетақы аннуитеті шеңберінде ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес сақтандырыла алатынын түсіндіреді.
Олардың біреуінде зейнетақы жинақтарының сомасы жеткіліксіз болған жағдайда ерлі-зайыптылар зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін өз жинақтарын біріктіре алады. Олег Ханиннің сөзінше, бұл өнім табыстарды әйелдердің пайдасына қайта үлестіруді білдіреді, себебі көбінесе олардың зейнетақы аударымдары сомалары ерлерге қарағанда төмен, ал өмір ұзақтығы жоғары.
«Freedom Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның (Freedom Life ӨСК) Басқарма төрағасы Азамат Ердесов, 2022 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы аннуитетінің сақтандыру сыйлықақылары нарығы бойынша жалпы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61%-ға төмендегінін айтты. Спикер бұл жағдай 2021 жылдың басында заңнамаға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге мерзімінен бұрын шешу туралы түзетулер енгізгені үшін болғанын түсіндіреді.
«Евразия» ӨСК»-нің Басқарма төрайымы Гүлмира Убегалиева зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде әрбір сақтандырылушыға сома мен төлемдер кестесі жеке анықталатынын нақтылады. Төлемдер сақтанушылардың біреуінің қайтыс болуына тәуелсіз жүзеге асырылатын болады.
«Егер аннуитет шартымен сақтандырылушының қайтыс болуы жағдайына сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың кепілдендірілген кезеңі көзделсе, онда шартпен белгіленген тұлға немесе заңды мұрагерлер кепілдендірілген кезең ішінде кесте бойынша төлемдерді алатын болады. Аннуитеттік төлемдер ай сайын жүргізіледі және жыл сайынғы индекстеуді қосады», - деп түсіндіреді спикер.
МБЖЖ шеңберінде өмірді жинақтаушы сақтандыруға қатысты айтатын болсақ, «Коммеск-Өмір» ӨСК-нің Басқарма төрағасы Олег Ханин шартты жасаған кезде бұл өнім ата-аналарға өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) арқылы балалардың білім алуына ақшалай соманы жинауға мүмкіндік беретінін хабарлайды. Жоғары оқу орнына түсу мерзіміне қарай ӨСК сақтандыру төлемін жүзеге асырады, яғни баланың білім алуының ақысын өтейді.
Бұл ретте сақтанушы (ата-ана) 5-7% мөлшерінде мемлекеттен пайыздық бонустарды алады. Ал ата-ананың біреуі өмірден өтсе немесе I не II топтағы мүгедектік бойынша еңбекке қабілеттіліктен айырылса, ӨСК жинақтар сомасына тәуелсіз баланың оқуына ақы төлейтін болады.
Олег Ханин МБЖЖ бағдарламасында екінші деңгейдегі банктер қатысып жатқанын хабарлады: жинақтар депозиттер арқылы жүзеге асырылады. Алайда, ӨСК-ден айырмашылығы банктерде ата-ананы сақтандыру қорғауы құралы жоқ, деп атап өтті спикер.
«Евразия» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гүлмира Убегалиева МБЖЖ 2013 жылы енгізілген сәттен бастап депозиттер түрінде екінші деңгейдегі банктер базасында қызмет ететінін еске салды. Сонымен қатар, мемлекетпен қаржыландырылатын қосымша сыйақы бар.
Гүлмира Убегалиева ӨСК-ні МБЖЖ-ға қосудың негізгі айырмашылығы мен артықшылығы - қайтыс болған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедек болған жағдайда сақтандыру қорғауы болып табылатынын түсіндірді. Бұл ретте сақтанушының жинақтарына сақтандыру компаниясынан да, мемлекеттен де пайыздар есептеледі.
Спикер сонымен қатар, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды (ЖОМС) еске салады, ол бойынша ата-ана жұмыста қайтыс болған жағдайда, бала 23 жасқа толғанға дейін, егер ол мектептен кейінгі күндізгі білім алып жатса, ай сайынғы төлемдер жүзеге асырылатын болады.
Freedom Life ӨСК-нің Басқарма төрағасы Азамат Ердесов 2022 жылдың қараша айынан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан қазақстандықтардың ӨСК-ден ақшаны БЖЗҚ-ға жартылай қайтару мүмкіндігі бар екенін хабарлады. Спикердің пікірінше, бұл функция халықтың өз жинақтарын басқару бойынша мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар, бұл жаңалық БЖЗҚ-дан ӨСК-ге аударылатын сақтандыру сыйлықақыларының жинағына әсер етеді, ол зейнетақы аннуитетінің және жалпы сақтандыру қызметінің дамуына теріс әсер етеді, деп қорытындылады Азамат Ердесов.
Бұл жаңашылдық туралы айта келе, «Евразия» ӨСК-нің Басқарма төрайымы Гүлмира Убегалиева клиенттің ай сайынғы аннуитет төлемдерін қамтамасыз ету үшін қажетті соманы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес мөлшерде қалдыруы керек екеніне назар аударады.
Спикер 2022 жылғы 8 қарашадан бастап, заң күшіне енгеннен кейін «Евразия» ӨСК 38 шарттар бойынша БЖЗҚ-ға кері 315 млн теңге аударғанын хабарлайды. Гүлмира Убегалиеваның сөзінше өтінімдердің саны күннен күнге өсуде.
Сақтанушылар үшін маңызды жаңалық Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (СТКҚ) кепілімен өтелетін, сақтандыру сыныптары тізбесінің кеңеюі болып табылады. Заң бойынша СТКҚ-ның кепіліне сонымен қатар бірлескен зейнетақы аннуитеттер және МБЖЖ аясында өмірді сақтандыру кіреді.
Оған қоса, жаңа жүйе бойынша тұтынушылар енді төлемдерді соттың тарату туралы шешімін күтпей, сақтандыру ұйымын лицензиядан айырғаннан кейін бірден ала алады.
Нарықта қандай өзгерістер күтілуде
Freedom Life ӨСК-нің Басқарма төрағасы Азамат Ердесов бірлескен зейнетақы аннуитеттері және МБЖЖ аясында өмірді жинақтаушы сақтандыру 2023 жылы нарыққа соңына дейін енгізілетінін айтты.
«Евразия» ӨСК-нің Басқарма төрайымы Гүлмира Убегалиеваның сөзінше, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы ХҚЕС 4 «Сақтандыру шарттарын» алмастыратын, ХҚЕС 17 «Сақтандыру шарттарының» жаңа стандарты күшіне енеді. Қазақстанның барлық сақтандыру компаниялары алғашқы рет 2023 жылғы I тоқсанға жаңа стандарт бойынша қаржылық есептілікті (ҚЕ) ұсынатын болады, деп хабарлайды спикер.
ХҚЕС 17 өзекті параметрлер мен болжалға негізделетін, сақтандыру шарттарын есепке алудың бірыңғайланған саясатын ұсынады, деп түсіндіреді Гүлмира Убегалиева. Сонымен қатар, жаңа стандарт сақтандыру ұйымдарының күтілетін пайданы бірден емес, қызметтер көрсетілуіне қарай танитынын көздейді. Бұдан бөлек, ХҚЕС 17 пайданың (сақтандыру немесе инвестициялық қызмет) драйверлерін нақты анықтауға мүмкіндік береді, бұл сонымен қатар ҚР талдау кезінде инвесторлар үшін айтарлықтай қосымша болып табылады.
«ХҚЕС 17-ге ауысу сақтандыру саласы үшін жалпы оң қадам болып табылатынына қарамастан, көптеген сақтандыру ұйымдары қиыншылықтарға тап болуы мүмкін. Келесі жылдың басынан барлық сақтандыру ұйымдары әдіснаманы дайындауы және өздерінің бағдарламалық жасақтамасын істеп бітіруі керек, бұл өте үлкен көлемдегі міндет болып табылады», - дейді Гүлмира Убегалиева.
Жаңа стандарт ретроспективті есеп тәсілін қамтиды. Сақтандыру ұйымдары ХҚЕС 17 талаптарына сәйкес барлық алдыңғы кезеңдердегі қызметтерін талдап және қажет болған жағдайда сақтандыру шарттарын қайта есепке алуды жүргізуі қажет.
«Сонымен бірге, уәкілетті орган ХҚЕС 4 бойынша реттеуші және пруденциялық есептілік беру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, ХҚЕС 4 және ХҚЕС 17 бойынша қос есеп жүргізу сақтандыру ұйымдарының қосымша IT және адами, уақыт ресурстарын бөлуін талап етеді», - деп хабарлайды «Евразия» ӨСК-нің басқарма төрағасы.
Себебі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда жаңа стандарт бойынша есептелетін болады, сонымен қатар салық салуға табыстар да болашақта түзетулетін болады, деді Гүлмира Убегалиева.
«Бұл жерде барлық уәкілетті органдар реттеуге жүйелік тәсілмен ерекшеленбейтінін айта кету керек. Сонымен, 2022 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылына екі рет қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру (ЖОМС) бойынша сақтандыру сыйлықақысы есептелетін құжатты өзгертті. Жылдың аяғына қарай, бұл ведомствода тіпті ЖОМС-ты нарықтан тартып алу және мемлекеттік құрылымдар арасында бөлу идеясы пайда болды», - деп бөлісті спикер.
Еске салайық, 2022 жылы 3 қазанда «Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның акционерлері сақтандыру қызметін «жалпы сақтандыру» саласынан «өмірді сақтандыру» саласына өзгертуге, сондай-ақ компанияның атын «Коммеск-Өмір» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға ауыстыруға шешім қабылдады. Акционерлер «Сентрас Коммеск Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның «Коммеск-Өмiр» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға қосылуына алдын ала келісім беруге шешім қабылдады.
2022 жылы 27 тамызда «Фридом Финанс» АҚ сатып алу-сату шартын жасады, оған сәйкес ол «Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның 100% дауыс беруші акцияларын сатып алды.
Осылайша, Қазақстанның сақтандыру секторында 2022 жылдың аяғында 26 сақтандыру ұйымы болды, оның ішінде 10-ы өмірді сақтандыру компаниялары.
Дереккөзі: https://kapital.kz/finance/111606/strakhovaniye-zhizni-itogi-goda-i-prognozy.html.
Сурет ашық дереккөздерден