bs-preloader__icon
ru kz

Соңғы жылдары Қазақстанда зейнетақы аннуитеттері институттары жоғары қарқынмен дамуда.

Сонымен қатар, 2014 жылы қолданысқа енгізілген зиянды еңбек жағдайларында өз қызметін жүзеге асыратын азаматтардың міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының жүйесі дамып жатыр. Еңбек министрлігінің деректеріне сүйенсек, осы сұлба аясында 8000-нан астам жұмыс беруші 430 мыңнан астам жұмыскердің пайдасына 5% мөлшерінде міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын жүргізген. Осылайша, 1 қаңтарға жинақталған сома 142 миллиард теңгені құрады.
Соңғы жылдары Қазақстанда зейнетақы аннуитеттері институттары жоғары қарқынмен дамуда.

Бұл ретте, зейнетақы аннуитетін алуға жеткілікті сома жинақтаған 55 жасқа толған ерлер мен 50,5 жасқа толған әйелдер зейнетке ерте шығуға құқылы. Зейнетақы аннуитетін алу үшін зейнетақы жинақталымдарының жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші тарабынан жұмыскерге қосымша ерікті зейнетақы жарналарын аудару мүмкіндігі қарастырылған.

«Осы мәселе бойынша ары қарайғы жұмыс аталмыш санаттарға зейнетақы аннуитеттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктерін жасап шығаруға бағытталады», - деген бұрынғы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова.

Ресми статистикаға сүйенсек, республикамызда 2 миллион 140 мың 117 зейнеткер бар деп есептеліп отыр. Бүгінге Қазақстанда зейнетақының ең аз мөлшері 49 мың теңгені құрайды, ал орташа зейнетақы мөлшері 71,3 мың теңгеге өскен.

Дереккөз: http://abctv.kz/ru/news/kolichestvo-pensionerov-v-kazahstane-perevalilo-za-2-mln-chelovek

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
AXA болашақ зейнеткерлерге арналған жаңа жоспарды іске қосады
AXA болашақ зейнеткерлерге арналған жаңа жоспарды іске қосады

AXA Гонконг пен Макао кейінге қалдырылған аннуи...

Қаржыгерлерге БЖЗҚ салымшыларының ақшасына рұқсат беруі мүмкін
Қаржыгерлерге БЖЗҚ салымшыларының ақшасына рұқсат беруі мүмкін

Қаржылық қадағалау қазақстандықтардың БЖЗҚ-д...

Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді
Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді

Әлемдік сақтандыру секторы шамамен $ 33 трлн қа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру