ҚР Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің Қаржы технологиялары мен инновацияларды дамыту жөніндегі бекітілген тұжырымдамасында сақтандыру қызметтерін цифрландыруды дамыту бағыттары көрсетілген.
Бірінші бағыт - Insurtech, бұл сақтандыру компаниялары өздерінің клиенттеріне сақтандыру қызметін көрсеткен кезде тиімді өзара іс-әрекетке ықпал ететін цифрлық технологиялар.
Екінші бағыт – RegTech. Бұл технологиялар сақтандыру нарығы қатысушылары қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін арналған. Мысалы, сақтандыру шарттары бойынша толық деректер қорын құру есептілікті қысқарту есебінен сақтандыру компанияларына жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік деректер қорын біріктіру әрбір клиент бойынша тәуекелдерді анағұрлым толық және дұрыс бағалауды (андеррайтинг) жүргізуге мүмкіндік береді. Толық деректер базасы бүткіл нарықты кешенді талдау және барабар деңгейде сақтандыру тарифтерін белгілеу мүмкіндігін тудырады.
Үшінші бағыт – SupTech: сақтандыру компаниялары реттеуші талаптарды орындауына қадағалауды автоматтандыру. Бұл қадағалаушы органға сақтандырушылардың қызметінде теріс факторларға жедел әрекет етуге мүмкіншілік береді. SupTech-тің арқасында қадағалаушы органның тиімділігі артады, нәтижесінде клиенттің құқықтарын тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.
«Цифрландыру электронды алаңдарды – сақтандыру қызметінің бүткіл кешенін ұсыну бойынша маркетплейстерді құруға мүмкіндік береді, ол клиенттердің сақтандыру өнімдері туралы хабардар болуын арттырады, ал сақтандыру компанияларына бәсекелестік барысында клиенттердің жеке мүдделерін есепке алатын сақтандыру өнімдері желісін кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді ҚНРДА төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.
Цифрлық сақтандыруды сату келешегі өте үлкен, сақтандыру бизнесінің операциялық үдерістерін цифрландыру бар қарқынмен жүруде. Негізгі заманауи әлемдік трендтердің қатарына стандартталған сақтандыру өнімдерін әзірлеуден әлеуметтік желілердің, медициналық ұйымдардың және т.б. қолжетімді ақпаратын пайдаланумен жеке сақтандыру бағдарламаларын жасауға ауысуды жатқызуға болады.
Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/276280?lang=ru
Сурет ашық дереккөздерден