Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) банк депозиттерімен қатар альтернативті инвестициялау құралына айналу керек. Сақтандырушылар қазіргі күні ӨЖС толық бағаланбауына сенімді, сондықтан бұл өнімнің мүмкіндіктері туралы адамдардың көбі де, банкирлер де біле бермейді. Ал осы банктер бұл құралға артық ликвидтілікті бере отырып, ӨЖС-ды тұтынушыға дейін жеткізуші бола алады. Өз алдына билік пен реттеуші «Сақтандыру қызметі туралы» заңды қайта қарастыруда, ол бұл саланың бірден бастама алуға көмектеседі. Бұл туралы саладағы көшбасшылық орынды алған «НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру компаниясы басқармасы төрағасы Қайрат Шегебаев айтты.
- Кайрат Садырбаевич, қазіргі күні Қазақстанда өмірді сақтандыру саласы қандай күйде?
– Менің көзқарасым бойынша, қазіргі күні өмірді сақтандыру нарығының даму перспективасы зор. Көп жылдар бойы сала мәселелері өте ақырын шешілді, тек соңғы жылы өмірді жинақтаушы сақтандыруға салық салу түбегейлі өзгерді, нарықпен қатар Unit Linked өнімі өңделді. Прогрессивті өзгерістерді мен нарықтың және біздің клиенттердің талабымен, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) әрекетімен, ал нақты айтқанда ҚР ҰБ сақтандыруды қадағалау департаментінің (СҚД) бұрынғы директоры Ж.Б.Құрмановпен (бүгінгі күні ҚР ҰБ төраға орынбасары) байланыстырамын. Бүгінгі күні СҚД директоры өте тәжірибелі жетекші – Г.Ж.Шайкакова болып табылады, оның сақтандыру нарығында да, РОБ-де үлкен тәжірибеі бар, біз жемісті ынтымақтастықтың жалғасуына үміттенеміз.
Қазақстанның тәуелсіздігі басында салық салудың прогрессивті межелігі енгізілген болатын, ол салық ставкасын адамның табысына қарай анықтаған: табыс жоғары болған сайын, ставка да жоғары болған. ӨЖС адамға өзінің көп табыстарын оған деген қажеттілің зейнет кезінде артуы мүмкіндігімен зейнетақы кезеңіне аударуға мүмкіндік берді, сол арқылы өз салықтарын оңтайландырды. Бірақ бүгінгі күні ЖТС бірыңғай ставкасы бар, әрекеттегі салық жеңілдігі өз мәнін жоғалтты.
- Ал бүгінгі күні салықтардың қай жері өзгеше?
– Мысалы, адамның жалақысы, шартты алғанда 100 теңге болсын, бұнда ӨЖС келісім шартты жасай отырып, 10 теңгені сақтандыру компаниясына төлейді, ал қалған 90 теңгеге ЖТС салынбайды. Сақтандыру төлеміне салық салынады. Яғни прогрессивті межелік жоқ, содан барлық логика да жойылады. Бірақ ең мәселелір бірнеше сәттер де туындайды. Біріншіден, бухгалтерлер айлықты төлеу кезінде кіріс салығын есептеу базасынан сақтандыру сыйақысын ұстап қалмайды. Екіншіден, клиент өзінің өмірді жинақтаушы сақтандыруға салық салынған ЖТС табысынан – банк шотынан немесе депозиттен төлейді. Сәйкесінше, сақтандыру жинағына салынғн ақшаларға салық екі рет салынады. Клиенттің сақтығын тудыратын тағы бір сәт, болашақта салық салу ставкасының ұлғаю ықтималдылығы болып табылады.
- Міндетті және ерікті өмірді ақтандырудың дамуы туралы сіз не айта аласыз?
– Міндетті сақтандыру дамуда, ал ерікті сақтандыру – онша дамып жатқан жоқ. Неліктен ерікті сақтандыру тежелуде? Әрине, бұл салықтар, заңдар. Содан кейін үдеріскен банк депозиттері бойынша дәне өмірді жинақтаушы сақтандыру келісім шартттары бойынша әртүрлі шектеуші ставкалар әсер етеді. Депозиттер бойынша – 11–12%, ал өмірді сақтандыру бойынша – 6%. Әрине, сыйақы бойынша шектеу қажет, бірақ мерзімі әртүрлі, ал бұндай дисбаланс болғанда, бұл дұрыс емес. Еуропалла бұндай айырмашылық онша жоқ, ал бізде ол 2 есе дерлік.
- Дисбаланс себебі неде?
–Қазақстанда барлық уақытта банктер «депозит» терминін тарқатуға көп қаражат салды: сыртқы жарнама, БАҚ және т.б.. Тұрғындар бүгінгі күні Қазақстанда депозиттерден басқа ешнәрсе жоқ деп ойлайды. Бұл тек сақтандыру компанияларының ғана емес, сонымен қатар елдің барлық инвестициялық нарығының мәселесі – банк депозиттерімен біз қазір бәсекеге түсе алмаймыз. Сонымен қатар, банктерде бізбен салыстырғанда құрылу кезеңі жоғары, банк секторына инвестицияларынды салуды айтпаса да болады. Егер қайтадан сол Еуропаны мысалға келтірсек, онда банк депозиттерінің көлемі сақтандырушы life-өнімдермен белгілі бір мөлшерде өлшемдес. Біз депозиттердің маңызын азайтқымыз келмейді, тек өмірді жинақтаушы сақтандыру – қыржылық жоспарлау кезінде қолданылуы қажет қаржылық құралдардың бірі деп айтқымыз келіп отыр. Ағымдағы жағдай ӨЖС және жалпы қор нарығының дамымауы халық өз жинақтарын тек депозитте сақтауына алып келді, яғни барлық жұмыртқа бір себетте, бұл әрине толық дұрыс емес.
- Сақтандыру мен инвестициялаудың бірігу жерінде қандай қаржылық құралдардың потенциалы зор?
– Бізді Unit-linked немесе инвестициялық сақтандыру бағыты аса қызықтыруда. Клиент ақшасын сақтандыру компаниясына бере отырып, өзі оған сақтандыру компаниясы ұсынатын нұсқалардан инвестициялау бағдарламасын таңдай алады. Шығысына біршама көп нәтиже алуға болады. Айта кетсек, Ресейде бұл бағыт - Unit-linked – аса танымалдылыққа иеленуде. Бұл өнімдердің операторлары сақтандыру компаниялары, ал сату арналары банктер болып табылады. Несие мекемелері клиентке қажетті табыстылықты қамтамасыз ете алмайтынын түсінеді де, олар өздерінің депозиттерінің бір бөлігін өмірді жинақтаушы сақтандыруға аударып, сақтандырушы агенттерге айналады. Мысалы, Ресейбің бір ірі банкінде сақтандыру бағдарламалары бар, ол бойынша клиенттер әртүрлі стратегияларды инвестициялай алады, мысалы, Еуропаның көшбасшы фармацевтік компаниялары (Novartis, Roche, Sanofi және т.б.)акцияларына инвестициялау,ірі ресей компанияларының еурооблигациялары және т.б. Сондықтан Ресейде сақтандыру компаниялары инвестициялық нарықта тетіктерді толтыра бастады. Біз қазақстандық реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге (қазір белсенді талқылануда және қарастырылуда) қажетті өзгерістерді енгізеді және біз Unit-linked-ті өз ұсыныстарымызға толық қоса аламыз деп ойлаймыз.
- Қаншалықты тез сақтандыру нарығы Unit-linked қабылдануына әрекет жасай алады?
– Тез. Біз қәзірдің өзінде осы бағытта ресей компанияларымен ынтымақтастық жүргізіп жатырмыз, шетел мамандарынан кеңес алып жатырмыз.
- Өмірді жинақтаушы сақтандыру нарығын кім «тарқату» керек?
– Халықтың сауаттылығын арттыру көзі саладағы барлық ойыншылардың күштерінің бірігуінен көреміз. «НОМАД LIFE» жарнамалық және PR-белсенділікті ұйымдастырудың ынтагері ретінде шыққан, ол өмірді сақтандыру идеясын жалпы, белгілі-бір брендке байланыстырмай алға ұсына береді, бірақ бұл сала әлі белсенді емес. Осыған ұқсас шаралар Тайланд сақтандырушыларымен ұйымдастырылған болатын. Жарнама роликтерінде және баспа өнімдерінде ұзақ мерзімді жинақтардың, отбасыны, балаларды, жақындарды қамқорға алу маңыздылығы туралы айтылған. Жарнамалық кампания сақтандыру ұйымдарына өз өнімдерін жылжытуға мүмкіндік берді. Бігінгі күні Allianz сарапшылары тай өмірді сақтандыру нарығының аз дегенде 2026 жылға дейін жылына 8% аз емес деңгейде тұрақты дамуын болжауда.
Осындай мысалдар тек сақтандыру саласында ғана тиімді емес. Мысалы, өз уақытында алюминий өндірушілері осындай жарнамалық кампанияларда сыра шін алюминий банкілерін қолдану идеясын ұсынған болатын.
Сонымен қатар ӨЖС бағдарламаларын, мысалы, Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінде (МББЖЖ) қарастыру керек, онда мемлекет жыл сайын балаларды оқытуға жинаққа пайыз қоса төлейді. МББЖЖ банктерге енгізу қадамы болған, бірақ сәтсіз болды, себебі депозиттер қысқа мерзімді, ал МББЖЖ –ұзақ мерзімді жинақ, бұд біздің өніміміз.
- Қазіргі уақытта «Сақтандыру қызметі туралы» заңға түзетулер қарастырылуда. Заңның осы басылымынан қандай күтім бар?
– оң күтімдер бар, ҚР ҰБ саланың дамуымен айналысуда. Соның ішінде электрондық сақтандыру полисі қарастырылуда, оны қабылдауды Қазақстанда күткен. Сенімділікпен өмірді онлайн-сақтандырудың болашағы зор деп айта аламын: клиент ғаламторда «өмір сүреді» (заттар интернеті) банкке бармайды (онлайн-банк) – оның барлық өмірі смартфонға шоғырланған (диджитал конвергенс). Бізге бұл мүмкіндіктер ұзақ мерзімді сақтандыру келісім шарттарын қатар жүру құнын біршама азайтуға, полисті жазып беру үдерісін тездетуге мүмкіндік береді.
Әрине, электрондық полисті енгізуде білгілі бір қиындықтар болады, мысалы келісім шартты жасасау кезінде жүретін ақшаны шаю және терроризмді қаржыландыру (АЖ/ТҚҚ) тексеру (құжаттар көшірмесін қоса тіркеп, клиентке 60 сұрақ қою).
Автор: Александр Воротилов, Forbes Kazakhstan бас редакторының орынбасары
Ақпарат көзі: https://forbes.kz/finances/insurance/severnyiy_polis