2019 жылғы сәуір айында ӨСК-ның жиынтық брутто-сыйлықақылары былтырғы жылғы ұқсас кезеңіне қатысты 51,4 млрд теңгеге жетіп, 55%-ға (18 млрд теңгеге) дейін өсті. Өмірді сақтандыру жиынтық брутто-сыйлықақыларында 39,7% немесе 20,4 млрд теңгені иеленіп, ең сыйымды түрі болып қалуда. Сәуір айында өмірді сақтандыру бойынша ӨСК түсімі 42,4%-ға (6 млрд теңгеге) ұлғайды. Дегенмен Ұлттық банктің статистикасы өмірді сақтандыру бойынша портфельі ӨСК жиынтық сақтандыру портфельінде сығылатындығын көрсетеді. Осы жылғы наурыз айында өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың үлесі айтарлықтай маңызды болды: 44,2%. Енді ол басқа сегменттердің агрессиялық өсуі себепті бұзылуда. Өмірді сақтандыру бойынша ӨСК тұрғысында шағын компаниялар сыйлықақылардың маңызды өсуін көрсетуді жалғастыруда. Максималды динамиканы (3796,6%) «Standard Life» ӨСК (өмірді сақтандыру нарығының 1,4% ие болады, активтердің мөлшері бойынша ӨСК арасында төртінші орын (32,6 млрд теңге)) көрсетті. Мемлекеттік аннуитеттік компания (МАК) 599,2% тең сыйлықақыларының динамикасы бойынша екінші орынға (36,8 млрд теңгеге тең активтер бойынша үшінші) жайғасты. Үштіктің соңында 308,4% сыйлықақысының динамикасымен «Freedom Finance Life» ӨСК (өмірді сақтандыру нарығының 1,9%, 11,7 млрд теңгеге тең активтер бойынша алтыншы ойыншы) орналасты. Наурыз айында Freedom өмірді сақтандыру нарығының 0,7% иеленген болатын. Өмірді сақтандыру нарығының 96%-дан жоғары бөлігін бұрынғыша үш ірі ӨСК: Halyk life, Nomad Life және Еуропалық сақтандыру компаниясы (ЕСК) иеленіп отыр.
Сәуір айдың нәтижелері бойынша аннуитеттер сақтандырудың ең динамикалы түріне айналды: сыйлықақылары 2 есеге, 7,9 млрд теңгеден 18,4 млрд теңгеге дейін өсті. Аннуитеттер құрылымында негізгі орынға зейнетақы аннуитеттері ие болғандықтан, олардың 2,7 есеге, 6 млрд теңгеден 16,5 млрд теңгеге дейін өсуі аннуитеттердің бүкіл сыныбының қорытындыларына әсер етті. «Жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеттері» сыныбы бойынша шарттар 9%-ға, 1,55 млрд теңгеге дейін өсті. Айдың ең басты жаңалығы – аннуитеттік сақтандыруда және зейнетақы аннуитеттері бойынша көшбасшының ауысуы. Бұл сыныпта көшбасшы болып «Nomad Life» ӨСК табылды. Сәуір айында компанияның сыйлықақылары нарық өсуінің қарқынынан төмен өсті. Олардың динамикасы 114,3% және 140,8% сәйкесінше (жылдан жылға) құрады. Дегенмен компания абсолюттік мәнде максималды нәтижені көрсетті.
Зейнетақы аннуитеттері бойынша 7,3 млрд теңге, жалпы аннуитеттік сақтандыру бойынша 8,1 млрд теңге жинақталды. Бұл «Nomad Life» ӨСК-ға нарықтың үлесі бойынша көшбасшылық орынға ауысуға мүмкіндік берді. Компания зейнетақы аннуитеттері бойынша нарықтың 44% және аннуитеттік сақтандыру бойынша 44,1% қамтиды. Сондай-ақ компания «Жұмыс берушінің аннуиететтері» сыныбында 44,7% нарықтық үлесімен, 696 млн теңге сыйлықақыларының максималды жинағымен көшбасшы болып қалуда.
Зейнетақы аннуитеті және аннуитеттік сақтандыру бойынша екінші орынға «Halyk life» ӨСК шықты. Ол 4,9 млрд теңге және 5,7 млрд теңге сәйкесінше жинады. Компания «Жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеттері» сыныбы бойынша 566 млн теңгеге тең сыйлықақылары мөлшерімен екінші орынға ие болғаның атап өтеміз. «Halyk life» ӨСК зейнетақы аннуитеті бойынша нарықтың үлесін 30,2%-ға дейін, аннуитеттік сақтандыру бойынша 31,2%-ға, «Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» бойынша 36,3%-ға дейін кеңейтті. Нарықтың бұрыңғы көшбасшысы «Standard Life» ӨСК үшінші орынға түсті. Зейнетақы аннуитеттері бойынша компанияның нарықтық үлесі 21,5% құрады, жалпы аннуитеттік сақтандыру бойынша – 19,5% құрады.
Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлерінің сыныбы 492 млн теңгеден 388 млн теңгеге дейін төмендеп, 21%-ға түсті.
Жазатайым оқиғадан (ЖО) сақтандыру бойынша сыйлықақылар 2,3 млрд теңгені құрады. Ең үлкен портфель «Halyk life» ӨСК-де, ол 1,3 млрд теңгені құрайды. Компания нарықтың 55,4% иеленіп отыр. Екінші орында нарықтың 38,9% ие болған, портфельі 904 млн теңгені құрайтын ЕСК орналасты. Бұл екі компания бірге нарық мөлшерінің 94,4% құрайды.
Ауырған жағдайда сақтандыру (ЕМС) ӨСК шектеулі компаниялардың мүдделер саласы болып қалуда. ӨСК тұрғысынан ЕМС портфельі 3,8 млн теңгеден аспайды. Сегменттің көшбасшысы «Standard Life» ӨСК, сыйлықаның көлемі 3,3 млн теңге, нарықтың 86,8% иеленіп отыр. Екінші орынға сақтандырудың бұл сыныбында тез дамып келе жатқан «Freedom Finance Life» ӨСК ие болды. Компанияның портфельі 0,3 млн теңгені құрайды және нарықтың 8,3% ие болады. Үшінші орынға «Halyk life» ӨСК ие болды, нарықтық үлесі 4,88% және сыйлықақысы мөлшері 0,2 млн теңгені құрайды.
Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру (ЖОМС) сәуір айында былтырғы жылғы кезеңінің қорытындыларына қарай сыйлықақыларының 28% немесе 3,9 млрд теңгеден айырылып қалды. 2019 жылғы мамыр айының басында ӨСК 10,2 млрд теңгені жинақтады. ЖОМС бойынша сыйлықақыларды жинақтайтын барлық ӨСК, МАК-тан басқа, түсімді ұлғайтты. Сыйлықақылардың көлемі бойынша көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болды, ол 3,4 млрд теңгені жинақтады. Бұл нәтиже компанияға портфельдің үлесі бойынша (33,4%) бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді.
Артынша сыйлықақылардың 3 млрд теңгені жинақтаған, бірақ нарықтық үлесті 29,9%-ға дейін түсірген. Наурыз айында компания ЖОМС нарығының 36,4% иеленді. Үшінші орынға өткен айдағыдай «Standard Life» ӨСК ие болды. Оның сыйлықақылары ЖОМС нарығының 15,9% иеленіп, 1,6 млрд теңгені құрады. Өткен аймен салыстырғанда компанияның нарықтық үлесі төмендеді.
Сыйлықақылардың тұрақты және жоғары жинақтары ӨСК-ға активтерді және сақтандыру қорларды ұлғайтуға мүмкіндік береді. сәуір айында ӨСК активтері (жылдан жылға) 25,6%-ға 353 млрд теңгеге дейін өсті, сақтандыру қорлары 24%-ға, 281 млн теңгеге дейін ұлғайды. Соның салдарынан ӨСК-ның бөлінбеген табысы 22,7%-ға, 5,4 млрд теңгеден 6,6 млрд теңгеге дейін өсті. Пайданың максималды мөлшерін тағы да «Nomad Life» ӨСК көрсетті. Компанияның бөлінбеген пайдасы 2,75 млрд теңгені құрады. Екінші орында «Halyk life» ӨСК (1,7 млрд теңге), үшінші орында ЕСК (1,3 млрд теңге) орналасты. «Standard Life» ӨСк шығынның мөлшерін 219 млн теңгеден 33 млн теңгеге дейін қысқартты.
Фото: zensar.com