bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстанда инфляция үдеді

2022 жылғы мамыр айының қорытындылары бойынша Қазақстанда жылдық инфляция 14%-ды құрады, деп хабарлайды LS.
Қазақстанда инфляция үдеді

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша инфляция қарқыны үдеді, себебі сәуірде бағаның жылдық өсімі 13,2%-ға жеткен. Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 19%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға баға 11,9%-ға, халыққа арналған ақылы қызметтерге - 9,1%-ға көтерілді.

Бір жылда ең көп қымбаттаған құмшекер, жаңа піскен көкөніс, ұн, ет, жарма, картоп, макарон өнімдері, жаңа піскен жеміс, қатты ірімшік, тоқаш және ұннан жасалған өнімдер.

Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры, Қуанышбек Жақыпбекұлының сөзінше, 2022 жылғы мамырда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық баға өсімі 11,9% құрады. Оның деректері бойынша, баға деңгейі тұрмыс құралдарына – 20,2%, жеке қолданылатын тауарларға – 19,5%, жуу және тазалау заттарына – 17,5%, құрылыс материалдарына – 17,2%, автомобильдерге– 16,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 13,3%, тоқыма бұйымдарына – 9,4%, фармацевтикалық өнімдерге 8,7% өсті.

Жыл басынан инфляция туралы айтатын болсақ, мамырда ол 8,8%-ды құрады: азық-түлік тауарлары бойынша - 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 13,5%, қызметтер – 4,5%.

Дереккөзі: https://lsm.kz/inflyaciya-v-mae-2022-goda

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Nomad Life ұтыс ойынның аясында екінші автокөлікті табыстады
Nomad Life ұтыс ойынның аясында екінші автокөлікті табыстады

«Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясы ZOLOTO NOMADOV ...

ӨСК 2021 жылдың қорытындылары бойынша рекордтық нәтижелерді көрсетті
ӨСК 2021 жылдың қорытындылары бойынша рекордтық нәтижелерді көрсетті

2021 жылы өмірді сақтандыру нарығында сыйлықақы...

Балаларды сақтандыру: балаңыздың болашағын қалай қорғауға болады
Балаларды сақтандыру: балаңыздың болашағын қалай қорғауға болады

Балаларды сақтандыру-бұл тек формальдылық еме...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру