bs-preloader__icon
ru kz en

2021 жылдың бірінші жарты жылында ӨСК сыйлықақылардың жоғары өсімін көрсетті

Өмірді сақтандыру нарығының барлық сегменттері өсті
2021 жылдың бірінші жарты жылында ӨСК сыйлықақылардың жоғары өсімін көрсетті

Жаздың басында ӨСК өте жақсы көрсеткіштермен жұмыс істеді. 2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша сыйлықақылардың динамикасы жылдық көріністе 100,2%-ды құрады. Жиналған брутто-сыйлықақылардың көлемі 182,6 млрд теңгеге жетті. Кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы жинақтар сомасы бойынша көшбасшы сыйлықақылардың 59,3 млрд теңгесін жинаған «Halyk life» ӨСК болып қалады. Өмірді сақтандыру саласында компанияның нарықтық үлесі 32,5%-ға дейін өсті. Өмірді сақтандыру компаниялары арасында активтер (222,1 млрд теңге), сақтандыру резервтері (163,8 млрд теңге) және үлестірілмеген табыс (6,7 млрд теңге) бойынша көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Сақтандыру резервтерінің көлемі бойынша ол бүткіл ҚР сақтандыру нарығында көш бастап келеді. Өмірді сақтандыру саласында «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі 29,8%-ды құрады.

2021 жылдың алты айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру өмірді сақтандыру саласында өсу драйвері болып қалуды жалғастыруда. Аннуитеттік сақтандырудың жиынтық сыйлықақылары шілденің басына 75,69 млрд теңгеден асып, 2020 жылдың осы кезеңіне 148,4%-ға өсті. Күшті жылдық өсімді аннуитеттік сақтандырудың барлық бағыттары көрсетті: зейнетақы аннуитеттері (158,1%), жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері (ЖЖА) - 41,9%, аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері - 29% (жылдан жылға).

Абсолюттік көріністе зейнетақы аннуитеттері бойынша жинақтар 72,2 млрд теңгеге дейін өскен. Бірақ сақтандырудың басқа сыныптарында өсуші жинақтардың есебінен ӨСК-нің жиынтық сыйлықақыларында қысқаруды (39,57% дейін) жалғастыруда. Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегментінде сыйлықақыларды жинайтын ӨСК-лердің көпшілігі нарықтан жоғары сыйлықақылардың динамикасын көрсетті.

Аннуитеттік сақтандыру секторы және зейнетақы аннуитеттері сегментінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. 2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК портфелінің көлемі 24,1 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 23,58 млрд теңгеге дейін өсті. «Nomad Life» ӨСК маусымның қорытындысы бойынша аннуитеттер сегментінде 31,9%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 32,6%-ды алады. Аннуитеттік портфель көлемі бойынша екінші орынды «Halyk life» ӨСК алады. Ол аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 20,2 млрд теңгесін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 18,8 млрд теңгесін жинады. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде ӨСК үлесі 26,7%-ды, зейнетақы аннуитеттері сегментінде 26,1%-ды алады. Үшінші орында «Евразия» ӨСК. Ол 10,2 6 млрд теңге, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 10,1 млрд теңге жинады. 2021 жылдың алты айының қорытындысы бойынша «Евразия» ӨСК «Аннуитеттік сақтандыру» сыныбында 13,5%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 14%-ды алады.

 

2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша «Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар жылдық көріністе 2,55 млрд теңгеге дейін 41,9%-ға көтерілуші динамиканы көрсетті. ЖЖА сегментінің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады. 2021 жылғы маусымда компания 953,8 млн теңге жинады, бірақ дегенмен, сегментте нарықтық үлесін төмендетті. Үлесі басқа ӨСК-лердің белсенді жинақтары есебінен 2021 жылғы мамырдағы 38,5%-ға қарсы 37,3%-ды құрады. Екінші орынды «Nomad Life» ӨСК алып отыр. ЖЖА сегментінде оның сыйлықақыларының портфелі 528,5 млн теңгеге дейін өскен, ал нарықтық үлесі 20,7%-ды құрады.

Үшінші орынға маусым айында күрес күшейе түсті. ЖЖА бойынша ірі сақтандырушылардың Топ-3-не 2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша «Standard Life» ӨСК қайтып оралды. Ол ЖЖА сегментінде нарықтық үлесін 14,7%-ға дейін ұлғайтып, сыйлықақылардың 376,7 млн теңгесін жинады. ЖЖА сегментінде бұрынғы жүлдегер - «KM Life» ӨСК сегментте үлесін 2021 жылғы мамырдағы 14,4%-ға қарсы 13%-ға дейін қысқартып, сыйлықақылардың 333,6 млн теңгесін жинап, төртінші позицияға ығысты. 2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігі сегментте сыйлықақылардың 72,67%-ын жинады.

 

Маусымда «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті мамырдағы 45,7% (жылдан жылға) өсімге қарсы 29%-ға дейін сыйлықақылардың өсімі динамикасын төмендетті. Сыйлықақылардың жиынтық портфелі ақшалай көріністе 864,8 млн теңгеге дейін өсті.

Сегменттің көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалады. Ол сегменттің 46,5%-ын ала отырып, 402,5 млн теңге жинады. 380,9 млн теңгеге сыйлықақыларды жинау бойынша екінші көрсеткішті «Halyk life» ӨСК көрсетті. 2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша сегментте оның нарықтық үлесі 44%-ды құрады. Сегментте үшінші ірі сақтандырушы - «Nomad Life» ӨСК сегментте 7,2% нарықтық үлесін ала отырып, 62 млн теңге жинады.

2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сыныбы бойынша ӨСК-лердің ірі үштігі 2021 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша 98,19% үлеске қарсы сыйлықақылардың 97,8%-ын жинады.  

 

«Өмірді сақтандыру» сыныбы 2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша 116,2%-ға сыйлықақылардың жылдық өсімін көрсетті. Ақшалай көріністе жинақтар ӨСК-нің жиынтық портфелінде болуын 2021 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша 41,2%-ға қарсы 43,2%-ға дейін ұлғайтып, 78,9 млрд теңгені құрады.

Сегменттің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады. Ол 44,7%-ға нарықтық үлесін ұлғайтып, 35,3 млрд теңге жинады. Екінші позицияда «Nomad Life» ӨСК тұр, ол 32,2% нарықтық үлесті ала отырып, 25,4 млрд теңге жинады. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» ӨСК (ЕСК) сегменттің 15,2%-ын алады және өмірді сақтандыру бойынша үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. 2021 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша ӨСК портфелін 12 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. 

 

ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғаны сақтандыру бойынша (ЖО) сыйлықақылар 2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша 2021 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша 41,2% өсімге қарсы (жылдан жылға) 32,3% өсімді көрсетіп, жинақтардың динамикасын төмендетті. Абсолюттік көріністе ӨСК сыйлықақылары 9,3 млрд теңгені құрады.

ӨСК бөлігінде ЖО сақтандыру бойынша 4 млрд теңге көлемінде ең ірі портфель «KM Life» ӨСК-де қалады. Маусымда ӨСК 2021 жылдың мамырына қатысы бойынша 0,1%-ға жинақтардың әлсіз динамикасын көрсетті. Жылдық көріністе өсім 99,8%-ды құрады. ӨСК бөлігінде жиналатын ЖО сақтандыру бойынша «KM Life» ӨСК-нің сыйлықақыларының үлесі 2021 жылғы шілденің басына 2021 жылғы маусымның басына 48,2%-ға қарсы 43,2%-ға дейін қысқарды. «Freedom Finance Life» ӨСК сыйлықақылардың 2,1 млрд теңгесін жинап және нарықтық үлесін 23,1%-ға дейін ұлғайтып, екінші позицияны алады. 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша үшінші позицияны ЕСК ӨСК ұстап тұр. Ол 1,59 млрд теңге жинады және нарықтық үлесін 17%-ға дейін ұлғайтты.

 

2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша «Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар мамырдағы 4,3% (жылдан жылға) өсімге қарсы 7,7%-ға дейін динамиканы ұлғайтты. ЖОМС бойынша ӨСК-нің жиынтық сыйлықақылары 17,7 млрд теңгені құрады. ЖОМС бойынша сыйлықақыларды жинайтын сегіз ӨСК-ден бесеуі 2020 жылғы осы кезеңге қатысы бойынша сыйлықақылардың өсімін, ал үшеуі түсімді көрсетті. ЖОМС сегментінің сөзсіз көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. ӨСК портфелі 4,5 млрд теңгеден асып түсті және 2021 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша 24,8% үлеске қарсы сегменттің 25,6%-ын алады. Екінші орынға «KM Life» ӨСК шықты. Маусымда ол 3,45 млрд теңге жинады және 2021 жылғы мамырдағы 17,7%-ға қарсы 19,5%-ға дейін сегментте нарықтық үлесін ұлғайтты. «Halyk life» ӨСК 3 млрд теңге портфельмен және 17,2% нарықтық үлесімен үшінші орынға түсті. ЖОМС-тың жалпы жинақтарында ірі сақтандырушылар үштігінің үлесі 2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша 2021 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша 60,6%-ға қарсы 62,2%-ға дейін өсті.

 

ӨСК бөлігінде ауру жағдайына сақтандыру бойынша (ЕМС) сыйлықақылар 2021 жылғы маусымда мамырдағы 23,3%-ға (жылдан жылға) қарсы 27,5%-ға өсті. Ақшалай көріністе сыйлықақылар 842,6 млн теңгені құрады.

«KM Life» ӨСК сегментте ең ірі сақтандырушы болып қалады. Маусымның қорытындысы бойынша ӨСК 713,3 млн теңге жинады және мамырдағы 87,4%-ға қарсы сегментте 84,7%-ды алады. Нарықтық үлестің төмендеуі сыйлықақылардың әлсіз динамикасымен түсіндіріледі. Маусымда ӨСК сыйлықақылары 1,5%-ға, жылдық көріністе 10,2%-ға өсті, нәтижелер нарық өсімінің қарқынынан төмен болып шықты.

Сегментте екінші орынды алатын ЕСК ӨСК-нің сыйлықақылары 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша жылдық көріністе 104,6 млн теңгеге дейін, ал үлесі мамырдағы 10,7%-ға қарсы 12,4%-ға дейін өсті. Сегментте үшінші ірі компания - «Freedom Finance Life» ӨСК – 11,79 млн теңге жинады және нарықтық үлесін мамырдағы 1%-ға қарсы 1,4%-ға дейін ұлғайтты.

 

2021 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша ӨСК жиынтық активтері 672,6 млрд теңгеге дейін 29,1%-ға (жылдан жылға) өсті. Сақтандыру резервтері 483,4 млрд теңгеге дейін 31,2%-ға ұлғайды. ӨСК меншікті капиталы 126,19 млрд теңгеге дейін, 30,1%-ға (жылдан жылға) өсті.

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнеткерлер қай елдерде көп тұрады
Зейнеткерлер қай елдерде көп тұрады

Freedom Life ӨСК мамандары зерттеу жүргізіп, 65 жаста...

АҚШ-тағы өмірді сақтандырудың танымал түрлері аталған
АҚШ-тағы өмірді сақтандырудың танымал түрлері аталған

Өмірді сақтандыру - қаржылық жоспарлау процес...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру