bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру бағдарламасы шеңберінде телемедицина кеңінен таралуда

Телемедицина тегін қосымша опция ретінде өмірді несиелік сақтандыру шарты бойынша «Сбербанк өмірді сақтандыру» СК бағдарламаларына енгізілді. Сақтандыру компаниясының серіктесі және медициналық кеңес беру қызметінің операторы «Доктор рядом» телемедициналық қызметі болып табылады. оған клиенттер DocDoc платформасы арқылы өтініш жібереді.
Өмірді сақтандыру бағдарламасы шеңберінде телемедицина кеңінен таралуда

Бұл қызмет мереке және демалыс күндері, сонымен қатар ауруханалар мен медициналық орталықтарда мамандарға көмек үшін жүгіну кезінде шетелдегі демалыс барысында жақсы көмектеседі. Бұған дәлел ретінде телемедицинаны «Сбербанк өмірді сақтандыру» СК сақтандыру полистерінде тегін қосымша опция ретінде пайдаланатын Сбербанк клиенттерінің жаңа жылдық мереке күндеріндегі өтініштері бола алады.

2019 жылы телемедициналық дәрігерге алғашқы қоңырау 1 қаңтарда сағат таңғы 7:30-да түскен. Әйелдер және ерлер дәрігерлерге тең санында хабарласқан, көбінесе көмекке 28 жастағы ерлер, 30 жастағы әйелдер және балалар зәру болған. Жаңа жылдық мереке күндерінде қашықтан медициналық көмек үшін ең көп сұраныс түскен жалпы практиканың дәрігерлері болды.

Көбінесе клиенттер вирустық инфекцияларға (тұмау және тыныс алу органдарының асқынған аурулары) қатысты – 40% жағдай, сонымен қатар жарақаттану және неврология бойынша кеңес алу үшін (жалпы қоңыраулардың 23%), гастроэнтерология бойынша (11% қоңырау) қоңыраулар түсті.

Сонымен қатар науқастар аллергиялық сипаттағы белгілерге (5% қоңырау) және терімен байланысты ауруларға (7% қоңырау) шағымданған. Талдамалардың нәтижелері бойынша (7% жағдай) және дәрігермен көзбе-көз кездесудегі оның тағайындаған емі бойынша екінші медициналық пікірді алу үшін кеңес жиі қажет болды. Басқа нозология бойынша сұрақтар тағы 7%-ды құрады. Қоңыраулардың көбісі – шамамен 90% - жалпы практиканың кезекші дәрігерлеріне, медицинаның негізгі салаларында білімі бар мамандарға келіп түскен. Тар мамандық дәрігерлері арасында акушер-гинекологтар және дерматологтар сұранысқа ие болды.

Кеңес берудің нәтижелері бойынша көптеген жағдайларда дәрігерлер терапевтке, аллергологқа, травматологқа, педиатрға, неврологқа және гастроэнтерологқа қабылдауға баруды ұсынды, сонымен қатар қажетті талдамалар тізімін, ұсынылған күн тәртібі мен емдәмін ұстануды ұсынған. Бір жағдайда кезекші дәрігер науқастың шағымдарын тыңдап болған соң жедел жәрдемді шақырту керектігін алға тартты.

Науқастар шетелде сапарда болып, медициналық көмекке көбірек жүгінген: қоңыраулардың бір қатары күнге күйіп қалу мен бассейнде шомылу кезінде сақтық шараларына қатысты болған. Телемедицина шетелде медициналық көмекті алу тәсілі ретінде кеңінен таралуда, өйткені орыс тілді дәрігерлермен байланыс интернет арқылы жүзеге асырылады, сондықтан қосымша шығындарды қажет етпейді. Сонымен қатар кезекші мамандар орташа есеппен алғанда қоңырауға үш миніт ішінде жауап береді.

Дереккөзі: https://www.vladtime.ru/econom/709583

Фотосурет: 56orb.ru, ros.biz сайттрынан алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда
Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда

Қазақстанның актуарийлер қоғамы мен Nomad Life өмі...

Канадада сақтандыру полисі бойынша несиелер танымал
Канадада сақтандыру полисі бойынша несиелер танымал

Канадада өмірді сақтандыру полисі бойынша нес...

Алматыда «Көшпенділер әуені»байқауында дарынды жастарды таңдайды
Алматыда «Көшпенділер әуені»байқауында дарынды жастарды таңдайды

Алматыда 19-21 қазан аралығында ұлттық музыкалы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру