Бүгінде елдің сақтандыру секторы 32 сақтандыру ұйымдарымен ұсынылады, олардың 7-еуі – өмірді сақтандыру бойынша. Реттеуші мәліметтері бойынша, 2017 жылы жинақталған «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемі 66205 млн.теңгені құрады, ол 2016 жылғымен салыстырғанда 18,8% артық. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйақысының жиынтық сақтандыру сыйақыларындағы үлесі 2016 жылғымен салыстырғанда 17,9% құрады.
Қызметкерді қызмет міндеттемелерін орындауындағы қайғылы жағдайлардан сақтандыру саласындағы түскен сақтандыру сыйақылары осы жылдың 1 қаңтарында 42 758 млн теңгені құрады, ол өткен жыл көрсеткішінен шамамен 4 млн теңгеге артық.
Сырқаттану жағдайын сақтандыру саласында сыйақылар да бір жылда 23852 млн теңгеден осы жыл басына қарай 25950 –ге өсті.
Аннуитеттік сақтандыру саласында да оң динамика бақыланылады – сақтандыру сыйақыларының өсуі бір жылда 28572 млн теңгеден 33560 млн теңгеге дейін.
Тікелей өмірді сақтандыруда сыйақы көлемі бір жылда шамамен 5 млн теңгеге артты – 27167 млн теңгеден 32645 млн теңгеге дейін.
Қайғылы жағдайлардан сақтандыруда да жақсы статистикалық көрсеткіштер – көрсеткіш өсуі 2017 жылдың 1 қаңтарында 6865 млн теңгеден 2018 жылдың 1 қаңтарында 9076 млн теңге.
Осылайша, ерікті жеке сақтандыруда барлығы сыйақылардың түсуі 1.01.2018 ж. 101 231 млн теңгені құрады, ал 1.01.17 ж. олар 86 456 млн теңгені құраған.
Сақтандыру төлемдерінің құрылымында көрсеткіштер, ҚР-ның Ұлттық банкісінің мәліметтері бойынша, келесідей:
- қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындауы барысындағы қайғылы жағдайлардан сақтандыру 1.01.2017 ж. 4570 млн теңге және 1.01.2018 ж. 5251 млн теңге.
- сырқаттану жағдайынан сақтандыру 16 519 млн теңге және 16 862 млн теңге сәйкесінше.
- аннуитеттік сақтандыру өткен жылдың басында 10 596 млн теңге және осы жылдың басында 12 528 млн теңге.
- өмірді сақтандыру 2 278 млн теңге және 2 045 млн теңге 2017 жыл қаңтарында және 2018 жыл қаңтарында сәйкесінше.
- қайғылы жағдайлардан сақтандыру 1.01.17 ж. 823 млн теңге және 1.01.18 ж. 675 млн теңге.
Жалпылай алғанда ерікті жеке сақтандыруда бір жылдағы төлемдер 1.01.18 ж. 32110 млн теңгені құрады, 1.01.17 ж. 30216 млн теңге болған.
Дерек көзі: http://www.nationalbank.kz, «Статистика» бөлімі
Фото Kursiv.kz сайтынан