Мемлекеттік зейнетақы тиянақталған мөлшерлеме бойынша, ұлттық сақтандыру (NI) жарналары есебінен қаржыландырылатын, үкіметтің тұрақты төлемдерін білдіреді. Мөлшерлеме Ұлыбритания азаматы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өз жалақысынан жарналарды төлеген кездегі жылдар көлеміне немесе ол жұмыссыз болған және мемлекеттік жәрдемақы алған кезде, үкіметтің төлемдеріне сүйене отырып есептеледі. Соңғысына, мысалы 12 жасқа дейін балаларға арналған жәрдемақы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, науқас адамды күту бойынша жәрдемақы жатады. Егер Ұлыбритания азаматына жұмыс өтілі жетпей жатса, мемлекеттік зейнетақы жұмыс істеген жылдар көлеміне пропорционал есептеледі.
Егер Ұлыбритания азаматы 2016 жылғы 06 сәуірден кейін зейнетақы жасына жетсе, олардың қатысында зейнетақыны есептеудің жаңа ережелері қолданылады. Мұндай зейнеткерлер 35 жыл біліктілік өтілі, кемінде 10 жыл әлеуметтік сақтандыру жарналарының аударымдары болған кезде және егер олар:
— ерлер үшін – 1951 жылы 6 сәуірде немесе кейінірек,
— әйелдер үшін – 1953 жыл 6 сәуірде немесе кейінірек туылған жағдайда мемлекеттен төлемдерді алуға үміттене алады.
Жаңа ережелер бойынша төлемнің ең жоғары мөлшері – аптасына 179,6 фунт (2021/2022 салық жылына жағдай бойынша). Төлемдер сомасы әр жылы немесе тұтынушылық бағалар индексі (CPI) бойынша, немесе жалпы 2,5%-ға – пайыздардың қайсысы көбірек, соған байланысты индекстеледі.
Кез-келген мемлекеттік зейнетақыға табыс салығы салынады, себебі ол таза төленеді. Салық мөлшері жиынтық табысқа (басқа зейнетақыларды, инвестицияларды және жинақтардан пайыздарды қосқанда) байланысты.
Ұлыбритания аумағында алуға болатын зейнетақының екінші түрі – еңбек зейнетақысы (workplace pension). Әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлерін зейнетақы үлгісіне қосуға және тиісті жарналар жасауға тиіс. Мұндай үдеріс «автоматты түрде қосу» » (automatic enrolment) деп аталады. Егер жұмыс беруші үлгіге қосылу үшін тіркелмеcе немесе жарналарды жасамайтын болса, реттеуші оған айыппұл салады.
Басшы қызметкерді зейнетақы үлгісіне қосуға міндетті, егер ол:
— Ұлыбританияда жұмыс атқарса;
— 22 жастан асқан, бірақ мемлекеттік зейнетақы жасына жетпеген болса;
— жылына 10 мың фунт табыс табатын болса;
— әзірге зейнетақы үлгісіне қосылмаса.
Жұмыс беруші айына 520 фунттан, аптасына 120 фунттан немесе төрт аптада 480 фунттан аз табыс табатындарды еңбек зейнетақы үлгісіне қосуға міндетті емес. Сонымен қатар, қызметкерді егер оның қатысында келесі критерийлер қолданылатын жағдайда да тіркемеуге болады:
— қызметкер жұмыстан шыққалы жатыр және жұмыс берушіні кету туралы хабарландырды;
— қызметкердің өмір бойылық жәрдемақы алу туралы куәлігі бар (мысалы, HMRC сертификаты);
— ол тағы бір жерде жұмыс істейді және оның екінші жұмыс берушісі еңбек зейнетақысы бойынша жарналарды аударады;
— ол ЕО-ға кіретін елдің азаматы және ЕО-ның зейнетақы үлгісі аясында зейнетақы алуға үмітті.
Жеке зейнетақылар
Ұлыбритания азаматы қалауы бойынша мемлекеттік емес зейнетақы провайдерінен жеке зейнетақы жоспарын аша алады. Бұл әсіресе өз өзіне жұмыс істейтіндер немесе фрилансер болып табылатын және еңбек орнында зейнетақы үлгісінің қатысушысы болу мүмкіндігі жоқтарға өзекті. Провайдерге жүгіну алдында өтініш беруші Қаржылық бақылау басқармасының (FCA) тізілімінде тіркелгеніне көз жеткізуі тиіс.
Жеке зейнетақылар әдеттегі еңбек зейнетақысына ұқсас, тек өтініш беруші жарналарды меншікті жинақтарынан өздігінен төлейді. Еңбек зейнетақыларымен жағдайдағыдай – ол мемлекет бұрын төленген, табыс салығын ішінара қайтаратын кездегі, салық жеңілдігіне сене алады.
2021/2022 жылға үкіметтің деректеріне сәйкес, Ұлыбритания азаматы зейнетақы аударымдары ретінде - жыл сайын өз табысының 100%-ына дейін, бірақ 40 мың фунттан артық емес енгізе алады. Зейнетақыны рәсімдеген кезде провайдер әдепкі қалпы бойынша 25%-ға тең, салық шегерімінің базалық мөлшерлемесін таңдайды.
Қалаған кезде жинақталған соманы 55 жастан бұрын да қолма-қол ақша етуге болады, бірақ бұл жағдайда Ұлыбритания тұрғынына 55%-ға дейін – өте үлкен салықты төлеуге тура келеді. Азаматтардың белгілі бір санаттары ғана мерзімінен бұрын өз жинақтарына қолжетімділікті ала алады: әдеттегіден бұрын мансабын аяқтайтындар (кәсіби спортшылар) немесе созылмалы аурулармен ауыратын адамдар.
Дереккөзі: https://www.kommersant.uk/articles/vse-o-britanskih-pensiyah-chast-2-rabochie-i-chastnye-pensii-chernovik
Сурет ашық дереккөздерден