bs-preloader__icon
ru kz

Канадада тұратын жесір әйел күйеуінің өліміне байланысты төлемнен бас тартқаны үшін сақтандыру компаниясын сотқа берді

Жанет Уорд Co-Operators Life Insurance Company мен Cumis Services Incorporated компанияларына қарсы Британдық Колумбияның Жоғарғы сотына талап-арыз түсірді. Ол 97 054 АҚШ доллары көлеміндегі төлем сұрауын сақтандырушы қанағаттандырмағаннан кейін сотқа жүгінген. Компания бас тарту себебі ретінде 2020 жылы полисті рәсімдеу кезінде «шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелердің» жасалуын атаған.
Канадада тұратын жесір әйел күйеуінің өліміне байланысты төлемнен бас тартқаны үшін сақтандыру компаниясын сотқа берді

Сот құжаттарына сәйкес, сақтандыру компаниясы бастапқыда өтініш беру кезінде төлем сомасын арттыруды мақұлдаған. Алайда 2023 жылдың шілдесінде талап ұсынылғанда, сауалнамада берілген мәліметтердің дұрыс еместігін алға тартып, өтінішті кері қайтарған. Айта кету керек, компания алаяқтық белгілерін нақты көрсетпеген.

Талап-арызда көрсетілгендей, төлем сомасын ұлғайту кезінде компания Ян Уордтан денсаулық жағдайы туралы сауалнаманы қайта толтыруды сұраған. Жаңа полис бекітілген соң, сақтандырушы бұған дейінгі полисті ерлі-зайыптыларға ескертпестен күшін жойған.

Құжаттарда ер адамның сауалнаманы «сол кездегі білімі мен түсінігіне сай адал толтырғаны» көрсетілген. Жанеттің айтуынша, ерлі-зайыптылар полистерді сатып алған кезден бастап төлем талап етілген сәтке дейін сақтандыру жарналарын уақытылы төлеп отырған.

Сақтандыру төлемі ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда ипотеканы өтеуге және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған болатын.

Талап-арызда компания:
– төленуі тиіс соманы бермегені;
– адал әрекет етпегені;
– төлемнен бас тартуға негіз болмағаны үшін айыпталып отыр.

Жанет соттан 97 054 доллар көлеміндегі төлемге құқықты мойындауды, шарттың бұзылғаны үшін өтемақы төлеуді және қосымша зиянды өтеуді талап етуде.

Дереккөз: https://www.castanet.net/news/Vernon/560358/Vernon-widow-takes-insurance-company-to-court-over-denied-death-benefits

Сурет ашық көздерден алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру компаниялары клиенттер үшін күреске қосылды
Өмірді сақтандыру компаниялары клиенттер үшін күреске қосылды

Дәулетті қазақстандықтар «бірдің ішінде екеу...

Өмірді сақтандыру полисінің құнына не әсер етеді
Өмірді сақтандыру полисінің құнына не әсер етеді

Өмірді сақтандыру – бұл өлімнің тәуекелін бағ...

Қаржылық тәуелсіздікке бес қадам
Қаржылық тәуелсіздікке бес қадам

Өз бюджетіңізді қалай дұрыс бақылау қажет? Жин...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру