bs-preloader__icon
ru kz

Allianz Life компаниясының 1,4 миллион клиентінің деректерін хакер ұрлап кетті

Allianz Life Insurance Company of North America компаниясы ауқымды деректердің таралуын растады. Нәтижесінде АҚШ-тағы 1,4 миллионнан астам клиенттің жеке ақпаратына хакер қол жеткізген.
Allianz Life компаниясының 1,4 миллион клиентінің деректерін хакер ұрлап кетті

Оқиға 16 шілдеде болған. Хакер компания пайдаланатын үшінші тараптың бұлттық жүйесін бұзып кірген. Allianz Life өкілдері өздерінің ішкі жүйелері бұзылмағанын, шабуыл тек сыртқы платформаны қамтығанын мәлімдеді.

Компания мәліметінше, қаскүнем әлеуметтік инженерия әдісін қолданған. «Зиянкестер Allianz Life клиенттерінің, қаржы мамандары мен кейбір қызметкерлерінің жеке деректеріне қол жеткізді», – делінген компанияның ресми хабарламасында.

Компания оқиғаны дереу бақылауға алып, қауіптің таралуын тоқтату үшін шаралар қабылдаған. Сондай-ақ, ФБР мен басқа да реттеуші органдарға, соның ішінде Мэн штатының Бас прокуроры кеңсесіне хабарланған.

Қазір тергеу жалғасуда. Компания зардап шеккендерді хабардар ету процесін бастап кетті. Ресми құжаттарға сәйкес, бұзушылық 17 шілдеде – оқиғадан келесі күні анықталған. Барлық зардап шеккен тұлғаларға 24 ай мерзімге тегін кредиттік тарих мониторингі мен жеке деректерді қорғау қызметі ұсынылады.

Компания өкілі Бретт Вайнберг тергеу жалғасып жатқандықтан, бұзу тәсілінің егжей-тегжейін ашпаған. Оқиға тек АҚШ-тағы Allianz Life бөлімшесіне қатысты болған және Allianz SE халықаралық тобының басқа компанияларына әсер етпегені атап өтілді.

Миннеаполисте орналасқан Allianz Life Insurance Company of North America – немістің қаржы алыбы Allianz SE-нің еншілес компаниясы, АҚШ-та шамамен 2000 қызметкері бар.

Дереккөз: AP News
Фотосурет ашық дереккөздерден алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтардың жалақысы 210 мың теңгеден асады - болжам
Қазақстандықтардың жалақысы 210 мың теңгеден асады - болжам

2021 жылы қазақстандықтардың орташа айлық жалақ...

СберСтрахование саяхатшы Федор Конюховты сақтандырды
СберСтрахование саяхатшы Федор Конюховты сақтандырды

СберСтрахование ресейлік саяхатшы Федор Коню...

Банкирдің кеңесі: жинаған ақшаны қалай сақтауға болады
Банкирдің кеңесі: жинаған ақшаны қалай сақтауға болады

«Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының бөлшек ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру