bs-preloader__icon
ru kz en

Жетекші сақтандыру компаниясы білім беру грантын беру конкурсын жариялады

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігі және ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен бірінші базалық актуарлық курсын тегін тыңдау және кейіннен емтиханды тегін тапсыру үшін грантты беру бойынша конкурс жариялайды. Бұл дәстүрді жобаның ұйымдастырушылары бірнеше жыл қатарынан өткізуде. Осы арқылы Қазақстанның актуарлық ғылымы саласында жаңа жоғары білікті кадрларды тәрбиелеу ісіне өз үлесін қосады. Өйткені сақтандыру нарығында актуарийлер жетіспейтіні анық.
Жетекші сақтандыру компаниясы білім беру грантын беру конкурсын жариялады

2018  жылғы актуарлық курстардың қатысушыларынан түскен кері байланыс олар қаржы сауаттылығының деңгейін көтеріп, ҚР Ұлттық Банкінің магистратурасында оқуын жалғастырып, курстардың арқасында өзінің болашақ кәсібін актуарий, математик немесе қаржыгер ретінде көріп отырғандығын айтады. Актуарлық курстарда оқу магистранттарға диссертацияларды жазуда көмектесті. Ең бастысы, курстарды бітіргені туралы сертификаттардың арқасында студенттер сақтандыру компанияларына жұмысқа орналаса алды.  Студенттердің пікірлерімен www.actuary-grant.kz сайтында тансуға болады.

Міне, мысалы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы Экономика кафедрасының оқытушысы Баева Юлия Владимировна актуарийлерді даярлаудың міндетті бағдарламасының І Бөлімін меңгеру барысында алған білім М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалында «Экономика» бағытының үшінші курс студенттеріне оқытылатын «Сақтандыру талдауға кіріспе» курсын жетілдіруге және тереңдетуге мүмкіндік берді, деп көрсетеді. Сонымен қатар курсты меңгергеннен кейін Қазақстандық филиалдың студенттерінде актуарий мамандығы және оның Қазақстан экономикасындағы рөлі туралы түсінік қалыптасады. Бұл бітіруші мамандардың деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. «Сондай-ақ, ІІІ Бөлімді меңгеру барысында алған білімді мен кандидаттық диссертацияны жазуда пайдаланамын, оның тақырыбы Қазақстан Республикасында аграрлық сақтандыруға қатысты... Осылайша, мен актуарийлерді даярлау бойынша курстарына қатысуымды жоғары бағалаймын және ұйымдастырушыларға және демеуші компанияға осы жобаға қатысу мүмкіндігін ұсынғаны үшін алғысымды білдіремін».

2001 жылдан бері актуарлық курсты өткізіп отырған «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» сақтандыру компанияларында, банктерде, зейнетақы қорларында талап етілген кәсіби мамандарды даярлайды. Актуарийлер – математика, статистика, экономика, демография, ықтималдық теориясы және қаржы сияқты ғылымдарда жақсы теориялық дайындығы және қолданбалы дағдылары бар жан-жақты аналитик-мамандар.

Осы бірлескен жоба аясында ниет білдірушілердің оқытылуы тегін негізде өткізіледі, сонымен қатар бүкіл техникалық база (калькуляторлар, кітаптар, көрнекі құралдар) тегін қамтамасыз етіледі. Курстардың бағдарламасы жетекші шетелдік актуарийлермен әзірленген. Ал оқу аяқталғаннан кейін Қазақстан актуарийлерінің қоғамымен берілген сертификат бүкіл әлем бойынша әрекет етеді, өйткені Қоғам SOA ассоциативтік мүшесі болып табылады.

«Біз компанияға біздің жастарымызды даярлауына және нарықтың дамуына қосқан осы үлес үшін үлкен алғысымызды айтамыз, өйткені біздің жас мамандар, бұл көбінесе жақсы ақылды балалар, негізінен механикалық-математикалық факультеттің студенттері, магистранттары, лайықты, қажетті және жақсы төленетін кәсіпті меңгеріп алу, сақтандыру және жалпы қаржы нарығында жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды, - актуарлық курстардың ұйымдастырушыларының және оқытушыларының бірі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механикалық-математикалық факультетінің іргелі математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор м.а. Мирбулат Сихов атап өтті. – Актуарлық курстардың құны өте жоғары, сондықтан оларда биыл осы курстардан өту мүмкіндігі болмас еді. Тәжірибе көрсеткендей, алғашқы екінші курстардың түлектері сақтандыру компанияарына актуарийлердің көмекшілері, андеррайтерлері, тәуекел-менеджері болып жұмысқа кіреді. Сондай-ақ оларда болашақта, тіпті ақылы актуарлық курстарда, әдетте өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеруде қызығушылық танытатын компаниянығ есебінен әрі қарай оқудан өту мүмкіндігі бар. Сондықтан бұл екі курстың өткізілуі тыңдаушыларға да, сақтандыру нарығына да үлкен мүмкіндіктер береді.

Бұрын «NomadLife» ӨСК» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Чегебаев атап көрсеткендей, актуарийлер сақтандыру компаниялары бизнесінің  барлық бағыттарында, оның ішінде андеррайтинг, қайта сақтандыру, төлемдер, сүйемелдеу және т.б. бағыттарында қызметкерлер болып табылады. «Яғни актуарий базалық білімді меңгеріп, сақтандырудың математикалық негізінде терең оқудан өткен маман ретінде басқа маманға көмекші бола алады», - деп сөзін толықтырды ол.

«Сонымен қатар біз Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде өмірді сақтандыру саласы қарқынды дамиды деп күтудеміз. Бүгінгі таңда егер өмірді сақтандыру компаниялардың ағымдағы алымдарды жалпы әлемдік алымдармен салыстыратын болсақ, онда олардың айырмашылығы еселеніп түседі. Бұл білім деңгейі, саланың біліктілігі әлемдік стандарттарға сәйкес болу үшін едәуір қарқынды дамуын талап етуімен байланысты. Бірақ біздің артықшылығымыз жергілікті актуарийлер батыс стандарттары бойынша білім алып, дамыған елдердің дайын білімін алып келеді де, сақтандыру компанияларына велосипедті ойлап табудың қажеті жоқ. Олардың міндеті – өз қызметінің әрбір бағытына бір жақсы актуарийді алып, оған жауапкершілікті жүктеу. Сондықтан біз біздің саламыз үшін қажетті осындай оқытудың бастап отырмыз. Бүгін білімге ақша салып отырып, біз ортақ болашағымызға инвестицияларды құйып отырмыз», - деді Чегебаев мырза. 

Конкурсқа 1994 ж. бұрын емес туған, жоғары оқу орнының бакалавриаттың соңғы курсында оқитын немесе ЖОО 2018-2019 жж. бітірген, немесе магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқитын GPA (орташа балл) көрсеткіші жоғары ҚР азаматтары қатыса алады. Математика, физика басымдық пәндер болып табылады. Сондай-ақ таңдау барысында математика, физика бойынша олимпиадаларда, жобларада алған жүлделі орындар, курстардың толық бағдарламасын тыңдау үшін бос уақытының болуы да ескеріледі.

Жоба екі базалық курстың өткізілуін қамтиды: «Өмірді сақтандыруда пайыздық мөлшерлеме және кездейсоқ үрдістер теориясы», сонымен қатар «Актуарлық қағидалар және олардың қосымшалары» (бірінші курс бойынша емтиханды тапсыру нәтижелері бойынша қабылдау).

Базалық курстар бойынша емтиханды табысты тапсырғаннан кейін қатысушылар «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» ҚБ-ның мүшесі болып, жұмысқа орналаса алады.

Жобаға қатысу туралы ұсыныстар бүкіл Қазақстан бойынша қазақстандық ЖОО сәйкесті факультеттерінің декандарына жолданды.

Жобаға қатысу үшін өтінімдер және құжаттар www.actuary-grant.kz сайтында 2019 ж. 15 мамыр-15 маусым аралығында қабылданады. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақтар АҚШ үкіметінде жұмыс істеп жатыр
Қазақтар АҚШ үкіметінде жұмыс істеп жатыр

Америкада қазақ ұлт өкілдері әртүрлі іс-әреке...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру