АҚШ долларымен – ҚР халқы арасында ең танымал шетел валютасымен – өмірді жинақтаушы сақтандыру тек қана қорғауды емес, сонымен қатар ең көп пайданы қамтамасыз етеді. Мерзім аяқталғаннан кейін клиент АҚШ долларына индексациялаумен өзінің жинақтарын алады. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ долларының ресми бағамы тамыз айында орташа есеппен 386,67 теңгені құрады – жыл басымен салыстырғанда 4%-ға жоғары және 2018 жылдың тамызымен салыстырғанда 8,5%-ға жоғары.
Долларды өз қаражатын инвестициялау және сақтау құралы ретінде пайдаланылуын АҚШ долларының нетто-сатулары да растап отыр, олар 2019 жылғы қаңтар-шілде айларында екі есеге өсіп, 1,1 трлн теңгені құрап отыр. Яғни қазақстандықтар айырбастау орындарында сатқаннан гөрі 1 трлн теңгеден астам долларды сатып алды.
ҚДКҚ ұсынған АҚШ долларындағы мөлшеріндегі 2%-дан аспауы тиіс ЕДБ-мен салыстырғанда, сақтандыру компанияларында ЖСТМ 2,3%-дан 3,41%-ға дейін түрленеді.
Ең ірі сақтандыру компанияларынан АҚШ долларында өмірді сақтандыру тек Nomad Life ұсынады. Жалпы сақтандыру нарығы бойынша ұқсас өнімдерді Standart Life және Freedom Finance Life ұсынады.
АҚШ долларында өмірді жинақтаушы сақтандыруды ұсынатын үш компанияның ішінде ең жоғары ЖСТМ Nomad Life – 3,41 % дейін ұсынады. Екінші орын Freedom Finance Life ӨСК-да (3,28% дейін), үшінші орын – Standart Life (3,25% дейін).
Nomad Life ӨСК-да сақтандыру мерзімі – 2 жылдан 15 жылға дейін, Freedom Finance Life – 3 жылдан 10 жылға дейін. Standart Life 2 өнімді ұсынады: 3 жылдан 10 жылға дейін, сондай-ақ 15 жылдан астам.
ҚР сақтандыру секторында ұсынылған 27 компанияның 7-і өмірді сақтандырумен айналысады. Ағымдағы жылдың 7 айында өмірді сақтандыру бойынша жиналған сыйақы көлемі 40 млрд. теңгеден асты, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге артық.