bs-preloader__icon
ru kz

ҚР өмірді сақтандыру төлемдері 80%-ға артты

2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында өмірді сақтандыру компанияларының сыйлықақысының көлемі 23,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық.
ҚР өмірді сақтандыру төлемдері 80%-ға артты

Бұл ретте сақтандырушылардың төлемдері осы кезеңде 79,2%-ға 1,1 млрд теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары

Жиналған сыйлықақы көлемі бойынша секторда Халық-Life (9,6 млрд теңге), Nomad Life (6,8 млрд теңге), Еуропалық сақтандыру компаниясы (5,7 млрд теңге) көш бастап тұр.

Төлем көлемі бойынша бірінші орында Еуропалық сақтандыру компаниясы (463,7 млн теңге), Nomad Life (418,1 млн теңге) және Халық-Life (223,9 млн теңге).

Өмірді сақтандыру саласындағы төлемдердің барлық сақтандыру төлемдерінің жиынтық көлемінен салмағы шамалы – 1,4%-дан 1,5%-ға дейін ұлғайды. Ерікті жеке сақтандыру бойынша сыйлықақылардың жиынтық көлемінен сектордың үлесі бір жылда 35,1%-дан 35,4%-ға дейін өсті, барлық жиналған сыйлықақылардан – керісінше, 12,3%-дан 12,2%-ға дейін аздап қысқарды.

Секторда барлығы 8 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді.

Өмірді сақтандыру. 2020 қаңтар-сәуір (млн тг)

 

Сыйлықақылар

Төлемдер

2020/04

2019/04

Қорытындыға өсу

2020/04

2019/04

Қорытындыға өсу

Барлығы

23 634,8

20 433,5

115,7%

1 139,6

635,9

79,2%

«Халық-Life» ӨСК

9 615,7

9 309,9

103,3%

223,9

131,7

170,0%

«Nomad Life» ӨСК

6 800,1

4 346,6

156,4%

418,1

56,8

736,4%

«Еуропалық сақтандыру компаниясы» ӨСК

5 701,0

6 104,3

93,4%

463,7

442,0

104,9%

«Евразия» ӨСК

726,6

0,0

-

0,0

0,0

-

«Standard Life» ӨСК

434,2

283,8

153,0%

24,6

4,2

581,9%

«Freedom Finance Life» ӨСК

355,0

387,3

91,7%

8,8

1,3

676,6%

«KM Life» ӨСК

2,0

-

-

0,0

-

-

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК

0,2

1,7

12,8%

0,6

-

-

Ranking.kz есептеулері ҚР ҰБ деректері негізінде

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
2021 жылы банк секторының қалпына келуі
2021 жылы банк секторының қалпына келуі

Өткен жыл тұтынушылық кредит беру динамикасын...

Өмірді тәуекелді немесе жинақтаушы сақтандыру: нені таңдау керек
Өмірді тәуекелді немесе жинақтаушы сақтандыру: нені таңдау керек

Сақтандыру полистерінің айырмашылықтары неде...

Әйелдер еркектерге қарағанда білімге жинақтар туралы жиірек ойлайды
Әйелдер еркектерге қарағанда білімге жинақтар туралы жиірек ойлайды

«Сбербанк өмірді сақтандыру» компаниясы көпт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру