Кәмелет жасына толған азаматтар нысаналы жинақтарды негізінен екі бағытқа жұмсады:
— тұрғын үй жағдайын жақсартуға — 127 445 өтінім, 19,69 млн АҚШ доллары;
— білім беру ақысын төлеуге — 78 060 өтінім, 11,92 млн АҚШ доллары.
Алушы қаражаттың толық көлемін немесе оның бір бөлігін пайдалана алады. Пайдаланылмаған қалдық оның нысаналы жинақтау шотында сақталады.
2025 жылға арналған нысаналы жинақтар инвестициялық кірісті қоса алғанда, бағдарламаға қатысушылардың шоттарына 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей аударылады. Сондай-ақ осы күні 2008 жылы туған және 2026 жылы 18 жасқа толатын азаматтарға да қаражат есептеледі.
Фото ашық дереккөздерден


