bs-preloader__icon
ru kz

Жарты жылдың ішінде Қазақстанда «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 9,9%-ға 35,6 млрд. теңгеге дейін өсті

Қазақстанның Ұлттық Банкі бүгін еліміздің қаржы нарығындағы жағдай, оның ішінде биылғы жылғы маусым айындағы сақтандыру секторындағы жағдай бойынша мәліметтерді жариялады.
Жарты жылдың ішінде Қазақстанда «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 9,9%-ға  35,6 млрд. теңгеге дейін өсті

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру секторы 32 сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарымен ұсынылған.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі  2018 жылғы 1 шілдеде 993,2 млрд. теңгені (жылдың басынан 7,3%-ға өсу) құрады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жылдың басынан 8,4%-ға 556,8 млрд. теңгеге өсті.

Қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен қалыптастырылған сақтандыру қорларының көлемі жылдың басынан 6,8%-ға 491,8 млрд. теңгеге дейін артты.

Өзіндік капитал 436,4 млрд. теңге (жылдың басынан 6,0%-ға өсті) құрады.

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2017 жылғы осыған ұқсас 212,1 млрд. теңге көрсеткішімен салыстырғанда 3,8%-ға өсті, оның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған – 187,3 млрд. теңге сақтандыру сыйлықақлыраның мөлшері.

2018 жылғы алты айының қорытындылары бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2017 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 35,6 млрд. теңге, 9,9%-ға өсті. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақысының үлесі жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында 16,8% құрады, ал 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15,9%.

Қайта сақтандыруға жіберілген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері 60,3 млрд. теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшерінен 28,4% құрады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қайта сақтандыруға жіберілген сақтандыру сыйлықақыларынан 83,4% қайта сақтандыруға жіберілді.

2018 жылдың басынан жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегеріп) 37,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңіне қарағанда 2,3%-ға ғана кем.

Фотосуреттер baomoi.com, zakon.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда ең табысты депозиттер аталды
Қазақстанда ең табысты депозиттер аталды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ...

Өмірді сақтандыру полисін сатып алудың күтпеген себептері аталған
Өмірді сақтандыру полисін сатып алудың күтпеген себептері аталған

Өмірді сақтандыру - бұл полис иесі мен оның отб...

Шілдеде инфляция үдеді
Шілдеде инфляция үдеді

2022 жылдың шілде айында елде жылдық инфляция қа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру