bs-preloader__icon
ru kz en

Сіздің ойыңызды күрт өзгертетін өмірді сақтандыру жайында 10 дерек пен статистикалық мәлімет

Мен Америка Құрама Штаттарында өмірді сақтандыру туралы аса қызықты деректер мен статистикалық мәліметтерді жинап алғанымыз қызықты болар деп ойладым. Бұл тізімге енгізу белгілерінің бірі негізінен нақты дерек немесе статистикалық мәліметтер қаншалықты қызықты болатынымен байланысты болады. Егер сіз бұны басқа елде отырып оқысаңыз, онда бұл деректер ол жақта қолданылмауы мүмкін. Бұл жазбаны зерттеу өте оңай болды. Көптеген ұйымдар өмірді сақтандыру саласындағы шығындарды қадағалап отыратындығы анықталды. Мен бұл мәселе бойынша әр түрлі объективті мәліметтерді таба алдым. Сізді таң қалдыратын өмірді сақтандыру туралы 10 дерек пен статистика мәліметтерді ұсынамын.
Сіздің ойыңызды күрт өзгертетін өмірді сақтандыру жайында 10 дерек пен статистикалық мәлімет

1- АМЕРИКАНДЫҚТАРДЫҢ 70% МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДІ ТАЛАП ЕТПЕЙТІН ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ ПОЛИСТЕРІН САТЫП АЛУДА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА.

Өмірді сақтандырудың мұндай түрі «жеңілдетілген андеррайтинг» деп аталады. Медициналық тексеруден өтпеудің себептері өте көп. Менің бір досым бар, оның анасы дәрігерге қаралуды ұнатпайтын еді.

Расымен, ол өз өмірінің соңғы 30 жыл ішінде бірде бір рет дәрігерге қаралмады. Егер ол тұрақты түрде медициналық тексерулерден өтетін болса, онда ол ұзағырақ өмір сүретін еді. Бірақ оның психикалық ауруы бұған кедергі болған. Бақытына орай, досымның әкесінде өмірді сақтандыру полисі болған екен, сондықтан ол әйелінің жерлеуіне ақша шығара алды.

Медициналық тексеруден бас тартудың басқа себептері соншалықты қызықты бола бермейді. Сізде елеулі семіздік (немесе тіпті «аса елеулі семіздік», бұл да шынайы медициналық анықтама болып табылады) болуы мүмкін. Сіз талқылағыңыз келмейтін денсаулығыңызда қиындықтар болуы мүмкін.

Осы тұста мен айтқым келген негізгі ойым медициналық тексеруден бас тартқысы келетін өмірді сақтандыру бойынша клиент болып табылсаңыз, онда сіз жалғыз емес екеніңізді ұмытпаңыз.

Медициналық тексеруді талап етпейтін өмірді сақтандыру полистерінің 4 түрі туралы Сіз осы жазбадан біле аласыз.

2 – ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА 600-ДАН АСТАМ КОМПАНИЯ ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНАДЫ.

Бұл өте үлкен нарық. Шын мәнінде де ол соншалықты үлкен, тіпті Сіз барлық компаниялардың полистерін өзіңіз салыстыра алмайсыз. Егер Сіз күніне 12 компаниямен хабарлассаңыз, Сізге барлығымен хабарласу үшін екі ай уақыт кетеді.

Сонымен қатар түрлі компаниялар өздерінің полистері мен артықшылықтарын сипаттау кезінде әр түрлі терминдерді қолданады. Орташа тұтынушы өмірді сақтандыру полистерінің осыншама санын салыстыра алмайды.

Сіз 3 компаниядан баға белгілеуді алу және бір бағадан екіншісіне өту – ең жақсы нұсқа деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл 600 әр түрлі компаниядан ақпаратты алудан гөрі дұрысырақ болады.

Бірақ мен бұдан да жақсы тәсіл бар деп ойлаймын.

Ең дұрысы ақпаратты жинауды сеніп тапсыра алатын тәуелсіз брокерді табу қажет. Бұл сайт тәуелсіз брокерлік қызметтерді ұсынады, сондай-ақ Сіз осы сайтта бұл қызмет туралы көп мәліметті ала аласыз.

«Цитатаны алу» бастырманы басып, нысанды толтырыңыз, біз Сізбен көптеген өмірді сақтандыру компаниялар не ұсынып отырғаны туралы ақпаратпен хабарласамыз.

 

3. ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ САЛАСЫНДА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА СЫЙЛЫҚАҚЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 552,51 МЛРД. ДОЛЛАРДЫ ҚҰРАЙДЫ. ЖАПОНИЯ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ 2 ЖӘНЕ 3 ОРЫНДА,  СЫЙЛЫҚАҚЫЛАРДЫҢ 343,82 МЛР. ДОЛЛ. ЖӘНЕ 210,76 МЛР. ДОЛЛ. СӘЙКЕСІНШЕ

552 миллиард доллар қанша тұрады екен?

ҰФЛ орташа футбол командасы 1 млрд доллар тұрады екен. Олардың саны 32, сондықтан Сіз осы барлық командаларды 17 рет сатып ала аласыз!

Сіз осы ақшаға Құрама Штаттарындағы балалардың барлығына  5 Mac ноутбукты сатып ала аласыз.

Сіз 100-ден астам Learjets сатып ала аласыз.

Басқаша айтқанда бұл түсінуге келмейтін ақша.

Сыйлықақылар дегеніміз не? Өмірді сақтандыру нарығы сыйлықақылардың 552 миллиард доллардан тұрады дп айтқанымызда, нені меңзеп тұрмыз?

Егер Сіз өмірді сақтандыру терминдері туралы менің жазбамды оқысаңыз, сонда сыйлықақы – бұл Сіз өмірді сақтандыру полисі үшін төлейтін ақша сомасы екенін көресіз.

Қорытынды – өмірді сақтандыру индустриясы аса ауқымды.

4- ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ 80% ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ ӨТЕ ҚЫМБАТ ТҰРАДЫ ДЕП ОЙЛАЙДЫ.

Тұтынушылардың көбісі өмірді сақтандыру мөлшерлемелері олардың нақты құнынан үш есе жоғары болады деп есептейді. Шын мәнісінде бұл тұтынушыларда өмірді сақтандыру полисінің жоқтығының № 1 себебі. Олар сақтандыру тым қымбат деп ойлайды.

Ұзақ мерзім тұрғысынан бұл Сіз және отбасыңыз үшін бұл аса қымбат емес. Сақтандыру полисі болмағаны қымбатқа түсетіні анық.

2015 жылғы Тәуекелдер барометріне сәйкес  дені сау 30 жастағы адамды сақтандыратын болсақ, жылдық сыйлықақылар қандай болады деген сұраққа, сұратылған адамдардың көбісі сақтандыру сыйлықақысының құнын жылына 400 доллардан 1000 долларға дейін бағалады.

Мұндай полистің нақты бағасы шын мәнісінде жылына $ 160 долларды құрайды.

Бұл қарапайым дерек көптеген американдықтардың жеткілікті сақтандырылуы жоқтығына әкеп соғады.

5-АМЕРИКАНДЫҚТАРДЫҢ КӨБІСІНДЕ САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ БАР БОЛҒАНЫМЕН, ОЛАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ЖЕТКІЛІКСІЗ

Американдықтардың 61% астам бөлігінде өмірді сақтандыру полистері бар. Бірақ бұл клиенттердің тең жартысында (47%) сақтандыру қорғауы АҚШ 100 000 долларын немесе одан да төмен соманы құрайды.

Сізге қандай сақтандыру қажет екенін анықтау үшін ең қарапайым формула – өзіңіздің жылдық табысыңызды 10 көбейту қажет. Құрама Штаттарында адам орта есеппен алғанда жылына 80 000 долларға тең табыс табады. Сондықтан орташа сақтандыру полисі 100 000 АҚШ доллары орнына 800 000 долларға жақын болуы керек.

Колледжге түсетін балалары бар отбасылар үшін қосымша табысты қосу туралы ойланатын болсаңыз, бұл сома одан да жоғары болу керек.

Бұл шамадан тыс болып көрінуі мүмкін, бірақ сіздің мезгілсіз қазаңыз отбасыңыздың экономикасына қалай әсер етуі мүмкін жайында ойланып көріңіз. Бүгінгі таңда адамдардың көбісі екі адамның табысы бар отбасында өмір сүреді, олар күндерін көру үшін осы екі табыс көзіне сеніп отырады. Осы табыстың бірінен айырылып қалу өмір салтының өзгеруіне әкеп соқтырады.

Сіздің отбасыңызда қаржылық мақсаттары бар. Осы мақсаттарға қол жеткізуге қалай болатынын сіз ойлап отырғанда, өзіңізге ең нашар сценарийін елестетіп көріңіз.

6- ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ САЛАСЫ СОҢҒЫ 11 ЖЫЛ БОЙЫ СЕНІМДІ ҚАРҚЫНМЕН ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТЫР.

Американдықтардың 60%-да сақтандыру бар болғандықтан, бұл индустрия келесі онжылдықтарда өсуін жалғастырады, деп ойлаймын. Өз клиенттеріне өмірді сақтандыруды ұсынып отырған компанияға инвестициялар елеулі пайда әкелетінін білдіреді.

Маңсап тұрғысынан сіз өмірді сақтандырудан үлкен табысқа қол жеткізе алатыныңыз айдан анық. Сатушылар осы салада әрдайым талап етілетін болады. Актуарийлердің еңбегі үшін жақсы ақша төленеді, алайда бұл жұмысқа қол жеткізу үшін өте жақсы білім қажет.

Өмірді сақтандыру бойынша көреген компаниялар аз қызмет көрсетілетін нарықтарға өз күшін жинақтап жұмылдыруға ниеттеніп отыр. Көбінесе бұл сақтандыру компанияларына аса дәулетті емес отбасыларды енгізу үшін өзінің клиенттік базасын кеңейту керектігін білдіреді.

Сақтандыру қорғау тым кішкентай немесе сол қорғауы мүлдем жоқ көптеген отбасылар туралы айтып отырғанда, біз табысы орташа адамдар туралы айтып отырамыз. Саланың өсуі үшін нағыз мұмкіндігі осында орналасқан.

7-METLIFE – ОСЫ САЛАДАҒЫ ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ІШІНДЕ ЕҢ ІРІ КОМПАНИЯ (АҚШ), ЖӘНЕ ОЛ ӨЗІНІҢ БАСТЫ БӘСЕКЕЛЕСІ PRUDENTIAL FINANCIAL КОМПАНИЯСЫНАН ЕКІ ЕСЕ ҮЛКЕН.

Үздік ондықтың қатарына енетін басқа 8 компания - Securian Financial Group, New Life Life Insurance Group, Cigna Corp., Massachusetts Mutual Life Insurance Co., Unum Group, Hartford Financial Services, Aetna Inc және Meiji Yasuda Life Insurance Co.

Осы 10 компания өмірді сақтандыру саласында көлемнің (доллармен) жартысынан басым бөлігін құрайды. Сіз осы салада жұмыс істейтін көптеген шағын компанияларды кездестіре аласыз.

8 – БҰЛ САЛАДА ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ХАБАРДАР ЕТУ ҮШІН БІР АЙ БӨЛІНЕДІ.

Бұл ай өмірді сақтандыру туралы Хабардар болу айы (LIAM) деп аталып, жыл сайын қыркүйек айында өткізіледі.

Өмірді сақтандыру туралы хабардар болу айы Life Happens компаниясымен ұйымдастырылған және өмірді сақтандыру бойынша 100-ден астам компаниялармен қолданған ақпараттандыру бойынша кампания болып табылады.

Осы іс-шараның мақсаты – американдықтарға өзінің қаржылық жоспарларына өмірді сақтандыруды енгізу қажет екенін естеріне салу.

Бірақ көптеген американдықтар қажетті сақтандыру қорғауға қол жеткізу үшін кейбір артықшылықтары туралы білмейді.

9-ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ КЛИЕНТТЕРІНІҢ 18%-ДА МЕРЗІМДІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ САҚТАНДЫРУ ПОЛИСТЕРІ БАР.

Бұл клиенттер өмірді сақтандырудың бір ғана түріне ие болғандарға қарағанда, орташа есеппен ең жақсы орнын толтыруға ие болады. ThinkProgress сөзінше, өмірді мерзімді және тұрақты сақтандырумен таныс болған тұтынушылардың орнын толтыру сомасы орташа есеппен  400 000 АҚШ долларынан астам соманы құрайды. Өмірді тұрақты сақтандырған отбасы орташа есеппен 197 000 АҚШ доллары мөлшерінде орнын толтыруға ие. Ал өмірді мерзімді сақтандыруға ие отбасының орнын толтыру мөлшері орташа есеппен 300 000 долларды құрап отыр.

Неліктен орташа сомада осындай сәйкессіздіктер орын алуда?

Мен мерзімді сақтандыруды сатып алу және айырмашылықты инвестициялау жағдайларының өсуі ауқымды орнын толтыру үшін клиенттің белгілі бір типіне келтірді деп болжай аламын. Сонымен қатар мерзімді сақтандыру аса қымбат емес.

10 – ЖЕРЛЕУ РӘСІМІНЕ ШЫҒЫНДАР ОРТАША ЕСЕППЕН АЛҒАНДА 7000 ЖӘНЕ 10 000 АҚШ доллары АРАСЫНДАҒЫ МӨЛШЕРДІ ҚҰРАЙДЫ.

Егер сіз осы посттан ештеңе алмасаңыз, онда төмендегі туралы ойланып көріңіз:

Сіздің жерлеу рәсіміңіз қымбатқа түседі. Сіздің отбасыңыздың қаржылық жағдайына байланысты 7000 және 10 000 АҚШ доллары шамасындағы шығындар қажетсіз болады.

Сізді жерлеу үшін шығындардың орнын толтыру үшін жеткілікті сақтандыру қорғаудың болуы қарапайым, қол жетерлік және саналы шешім болатыны анық.

Әрине, көптеген адамдар үшін жерлеу рәсіміне шығындардың орнын толтыруға жеткілікті соманың болуы алдын ойламайтын адамдардың шешімі болып көрінеді. Адамдардың көбісі кем дегенде жылдық табыстан 10 есе артық сомаға қол жеткізу мәселесін қарастыруды жөн көреді.

Егер Сіз жылына 50 000 доллар табыс тапсаңыз, онда Сізге полисыңыздың бастапқы нүктесі ретінде  500 000 долларды қарастыру қажет. Егер Сіздің колледжге баратын балаларыңыз бар болса, онда әр балаға 100 000 доллар мөлшерінде соманы қосымша алуды ойлағаныңыз дұрыс. Белгілі бір жағдайда бұл ұсыныстар іске аспайтыны анық. Егер сіз жұмыс істемейтін ана болсаңыз, онды сізде алмастыру табысыңыз жоқ. Бірақ сіз үй шаруашылығына қосатын үлесіңіз сіз мезгілсіз қайтыс болсаңыз отбасыңыз үшін қымбатқа түседі. Сізге өмірді сақтандыруға қандай сома қажет екенін шешетін жағдайда осы мәселені ескеру қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жазбаның басты ойы өмірді сақтандыру индустриясы өте үлкен, үдемелі және қызықтырғыш сала екенін көрсетеді. Кейінгі хабарламаларда осы саладан жақын арада, менің ойымша, нені күтуге болатыны туралы жазамын

Осы хабарламадан шегіне отырып, сіз барлық адамдарда сақтандыру полисі болу керектігін түсінуіңіз қажет. Және кез келген адамның, тіпті мен ала алмаймын, деп сеніп отырған адамдардың өзінде оны алуға мүмкіндігі бар.

Авторы: Тай Стюарт, Simple Life Insure

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы: танымал шәйдің күтпеген пайдасы аталды
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы: танымал шәйдің күтпеген пайдасы аталды

Барлығына танымал шәй сұрыбының бірінің қанда...

Сіз бен ақша - кім кімге жұмыс істейді?
Сіз бен ақша - кім кімге жұмыс істейді?

Кейде ақша табу мақсатқа айналатын жағдайлар ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру