bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандырудың үздік полисін қалай табамыз

Өмірді сақтандыру алуан түрлі болады, сол себепті сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін қолайлы сақтандыруды таңдаған маңызды.
Өмірді сақтандырудың үздік полисін қалай табамыз

Тәуекелді сақтандыру

Ашық түрде өмірді тәуекелді сақтандыру бір жалғыз сақтандыру жағдайын білдіреді – өмірден өту. Бұл жағдайда сақтандырылатын адам бір жарнаны төлейді немесе оларды тұрақты түрде төлейді – оның барлығы шартқа байланысты. Сақтандыру жағдайы орын алған кезде, ақшаны оның туыстары алады.

Өмірді тәуекелді сақтандыру жиі аралас сақтандыру аталатынға негіз болады, ол кезде сіз төлемді ауырған кезде немесе жарақат алған кезде де аласыз. Жинақтар бұл жағдайда жасалмайды.

Жарналардың мөлшерін сақтандыру компаниясының өкілі есептейді. Ол компанияның тарифтеріне және басқа факторларға (мысалы, төлем мөлшерінен) байланысты.

Инвестициялық сақтандыру

Өмірді инвестициялық сақтандыру бағдарламалары белгілі мерзімге қаржы резервін құруға және өмір мен денсаулыққа байланысты күтпеген оқиғалар жағдайына сақтандыру қорғауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиналған сома ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыруға мүмкіндік береді: өз өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгерту немесе үлкен сатып алу жасау, қаражатты баланың білім алуына жұмсауға немесе оларды бастапқы капитал ретінде пайдалану.

Зейнетақы аннуитеті

Зейнетақы аннуитеті – бұл өмір бойылық тиянақталған мерзімдік төлемдер. Адам мұндай зейнетақыны зейнетақы қорынан емес, сақтандыру компаниясынан алады. Зейнетақы аннуитеті – бұл тұтынушыны инвестициялық тәуекелдерден, ұзақ өмір сүру тәуекелдерінен және инфляциядан қорғайтын кепілдендірілген сақтандыру өнімі.

Дереккөзі: https://finance.yahoo.com/news/best-life-insurance-policy-family-190026713.html?guccounter=1&guce_referrer=aHR0cHM6Ly93d3cuZ29vZ2xlLmNvbS8&guce_referrer_sig=AQAAAGmNndF_a-CnzrSuk8Kfqil4-QILpc5mDDo4JOxfpTUQ7M-CzI3kbHkzFYzlxhC_OAFXpLu2gQxnZfYeRfyBzjbu9RdkEPIc7W-BkTOdiG0snqhfEnl8a_CPPwZc9dpXURx6KR5WW3REzb92SgJxi6w4lZWK6J5UpZfbd6vJQaXe

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру