bs-preloader__icon
ru kz
✕

Жас кезінде өмірді сақтандыруды сатып алу: нені білу керек

Жас кезімізде біз күтпеген жағдайлар туралы сирек ойланамыз. Өмірді сақтандыру адам мен оның жақындарын осындай жағдайлардан қорғауға көмектеседі деп жазады Forbes.
Жас кезінде өмірді сақтандыруды сатып алу: нені білу керек

Сақтандырушы үшін негізгі тәуекел – сақтандырылушының қайтыс болуы. Сақтандыруға арналған өтінішті қарау кезінде сауалнама немесе денсаулық туралы декларация толтырылады, ол бойынша андеррайтерлер стандартты тарифтер бойынша сақтандыруға қабылдауға немесе ұсынысты арнайы шарттармен қалыптастыруға шешім қабылдайды (сақтандыру қорғауының сомасы аз, жоғарылату коэффициенті бар немесе нақты тәуекел бойынша сақтандыруға қабылдаудан мүлдем бас тартады). Сауалнама сақтандырушыларға сіз таңдаған тәуекелдердің туындау ықтималдығын анықтауға көмектеседі. Полистің соңғы құны сауалнамадағы жауаптарға байланысты болады.

Сіздің шығындарыңыз ересек болып, мансаптық баспалдақпен жоғарылаған сайын өседі. Сіздің бюджетіңіз тұрғылықты жеріне және отбасылық жағдайыңызға байланысты өзгеретін болады.

Сақтандыру жарналарындағы айырмашылықты уақыт өткен сайын көрсету үшін түрлі жастағы сау әйелдер үшін бағаларды қарастырайық. Джейн 25 жаста, оның салмағы қалыпты, ауыр дертке шалдықпаған, темекі тартпайды. Джейн үшін 20 жылға 500 000 доллар көлеміндегі сақтандыру өтелімі айына 17,91 долларға бағаланады.

Оның құрбысы Оливия 45 жаста, оның да зиянды әдеттері, ауыр дерті жоқ және ол салауатты өмір салтын ұстанады. Алайда, 20 жылға 500 000 доллар көлемінде сақтандыру өтемі үшін оның ай сайынғы төлемі айына 46 долларды құрайды.

Дереккөзі: https://www.forbes.com/sites/forbesfinancecouncil/2020/09/30/buying-life-insurance-when-youre-young-what-you-should-know/#71cc42724c43

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда банктік депозиттердің баламасы пайда болды
Қазақстанда банктік депозиттердің баламасы пайда болды

Инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктері туралы Н...

Балаларға дұрыс үнемдеуді қалай үйретуге болады?
Балаларға дұрыс үнемдеуді қалай үйретуге болады?

Ақша біздің күнделікті өміріміздің ажырамас б...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру