Жұмыскер өз жалақысынан жеке зейнетақы шотына ай сайын 15%-ға дейін аудара алады, бірақ жылына 11 мың доллардан артық емес. Сонымен қатар, жұмыс беруші де ай сайын осы шотқа жұмыскердің аударымдарынан белгілі бір пайызды енгізеді – әдетте бұл 30–50%, бірақ 100% болатын жағдайлар да бар. Салықтар зейнетте барлық алынған сомадан төленеді.
«401 (k) жоспары секілді зейнетақы жоспарларына аннуитеттерді қосуға сұраныс болашақ зейнеткерлердің алаңдаушылығынан туындап жатыр, - дейді Kendall Capital Management-тің президенті және бас атқарушы директоры, Кларк Кендалл. – Адамдардың көбісі егде жаста өмірінің соңына дейін кепілдендірілген табысқа иеленгісі келеді.
Зейнетақы опционы (аннуитет) – өмірді сақтандыру компаниясы клиентке өмір бойы немесе сақтандыру шартында айқындалған мерзім ішінде тең бөліктермен жүзеге асыратын, сақтандыру төлемдерінің жүйелілігі.
Аннуитет төлемі сақтандыру шартының тараптарымен анықталған және сақтандыру шартына қосымша келісіммен (немесе қосымшамен) рәсімделген мөлшерде, мерзімде және шарттарда жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты аннуитеттің келесі түрлерін көздеуі мүмкін:
• белгілі бір мерзімге арналған аннуитет;
• өмір бойылық аннуитет.
АҚШ-та аннуитет нысанында бірінші төлем жүзеге асырылғаннан кейін аннуитеттің түрі өзгертілмейді.
Белгілі бір мерзімге арналған аннуитетке және өмір бойылық зейнетақыға қосымша опциялар қосылуы мүмкін, атап айтқанда:
• капитал қорғанысымен опция;
• төлемдерді басқа адамға ауыстыру опциясы (мұраға қалдыру құқығымен зейнетақы опционы).
Сурет ашық дереккөздерден