Әзірге бұл туралы ресми хабарлама болған жоқ, алайда сәрсенбіде ҚКП ОК 19-шақырылымының үшінші пленумінің қорытындылары бойынша партиялық және мемлекеттік органдарды қайта құру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ бұл реформалардың жоспары мақұлданды. Құжаттар елдің жоғары заң органы – халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысына қарауға шығарылатын болады, олардың жұмысы бірнеше күннен кейін Пекинде басталады.
Сарапшылардың айтуынша, Қытайдағы қаржы реттеушілерінің жүйесі аса бытыраңқы, әр ведомство өз бетінше әрекет етеді. 2015 жылы елдің қор нарығының күрт төмендеуінен кейін Қытай өкіметі қаржы жүйесіне, әсіресе сақтандыру саласында бақылауды күшейтті.
Өткен жылдың сәуірінде сақтандыру операцияларын басқару және бақылау комитетінің басшысына қатысты партиялық тәртіпті бұзғаны үшін күдіктенуі бойынша тергеу басталды, бұл тұжырымдама әдетте Қытайда сыбайлас жемкорлыққа қарсы істерде қолданылады. Содан бері ведомство басшысыз қалды. Өткен аптада кезекті сыбайлас жемқорлық жанжалдан кейін комитет елдегі ірі сақтандыру компанияларының бірі Anbang Insurance басқаруды өзіне алды, ал оның басшысына қаржы айла-амалдарын жасағаны үшін ресми түрде айып тағылды.
Өткен жылдың қарашасында Қытай Халық банкінің басшысы Чжоу Сяочуань, - Қытай қаржы секторында жүйелік тәуекелдер туындаудың жоғары мүмкіншілігімен шыңдық мерзімде тұр және бұдан кейін де тұра береді, деген. Қытай ОБ басшысы түрлі ішкі факторларға байланысты тәуекел әлеуеті мен бұқпа тәуекелдерінің жиналуын жалғастырып келетінін, қаржы жүйесінің осалдығы айқын артып келетінін атап өтті. Чжоу Сяочуань негізгі тәуекелдерге қаржы тұтқасын, өтімділік тәуекелдерін, корпоративтік кредиттік тәуекелдерді, жергілікті үкіметтердің борыштық тәуекелдерін және көлеңкелі банк жүйесін жатқызды.
Дереккөз: https://ria.ru/world/20180301/1515554766.html