bs-preloader__icon
ru kz en

Қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері

Қаржы алаяқтарының схемалары күннен күнге түрленіп, көп жағдайда оларды бірден ажыратып, тануға мүмкін болмай жатады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Fingramota.kz жобасы бірлесіп азаматтарды абай болуға шақырады және мүмкін айла-тәсілдердің жаңа түрлері туралы айтып береді.
Қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері

Тіл үйрететін жалған курстар

Қаржы пирамидалары мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы барынша қарбанып, тіл үйрету курстарына шақырулар жіберуде. Шет тілдеріне оқытудан басқа олар клиенттерге әріптестік бағдарламалар ұсынады, ондағы басты талап - компанияның өнімін жеке пайдалану немесе сату мақсатымен сатып алу. Алайда, ол үшін алдымен белгілі бір қызметтер топтамасына қандай-да бір сомада ақша салу қажет. Сату және жаңа адамдарды тарту нәтижелері бойынша ең белсенді қатысушыларға банк салымдары бойынша кірістіліктен асатын жоғары сыйлықақы немесе автомобильге кепілдік беріледі мыс.

Тәуекелдерді айналып өтудің жалғыз жолы – күмәнді компаниялардың мұндай ұсыныстарын мүлдем елемеу. Ақшаңыздан айырылмас бұрын, осы компания туралы, оның қанша уақыт жұмыс істегені, өз қызметін жүзеге асыруға тиісті лицензиясының бар-жоғы туралы ақпарат жинаңыз. Егер наразы немесе қарсы пікірлер көп болса, онда бұл сізді кезекті қаржы пирамидасына тартып жатыр ма деген күдіктенуге себеп болады.

Жалған инвестициялар және өтірік IPO

Интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде, сондай-ақ YouTube бейнехостингінде инвестициялық жобалардың алаяқтық жарнамасы белсенді түрде насихатталуда, олардың құрушылары азаматтарды елдің ірі компанияларының IPO-сына қатысуға шақырады.

Сенгіш азаматтар оған жеке мәліметтерін: e-mail және ұялы телефон нөмірін қалдырғаннан кейін, біраз уақыт өткен соң алаяқтар оларға қоңырау шалып, әлеуметтік инженерия әдістерін қолдана отырып, олардың басын қатыра бастайды. Олардың мақсаты азаматтардың толық банктік деректемелерін алу болып табылады, содан кейін алаяқтар олардың шоттарынан ақша шығарып және олардың атынан сырттай кредит ресімдей алады.

Мысалы, алаяқтық платформалардың бірінде «елдің табиғи ресурстарын сатудан дивидендтер» алу үшін адамдар бейнежазбаның астындағы тікелей сілтеме бойынша өтіп, өздерінің банк картасының деректерін енгізіп, апта сайын 150 мың теңге алу үшін 65 мың теңге салуы қажет. Шындығына келгенде салынған қаражатты қайтару туралы айтпағанда, ешқандай пайыздық төлем болмайды: адамдар тақырға отырады, ал «инвестициялық компанияның» өкілдері барлық байланыс арналарын өшіріп, ғайып болады.

Коммуналдық төлемдер немесе салық төлеу бойынша жалған түбіртек

Қаскүнемдер адамдарға банктің атын жамылып коммуналдық қызметтерге немесе салық берешегін төлеуге қойылған шотты төлеуге хабарлама жібереді. Адамдар білмегендіктен шотты автоматты түрде төлейді, ал ақша мақсатқа сай төленбей, алаяқтардың қалтасына түседі. Бұл қармаққа қалай түсіп қалмауға болады және салық немесе коммуналдық қызметтің нақты түбіртегін жалғаннан қалай ажыратуға болады?

Біріншіден, бұл хабарламалар пошта арқылы тапсырыс хатпен немесе салық төлеушінің жеке кабинетіне, сондай-ақ ресми мобильдік қосымша арқылы келеді.

Екіншіден, жалған түбіртекте мемлекеттік органның немесе коммуналдық қызметтердің ресми қағазында ешқашан кездеспейтін «Сатушы» сөзі бар.

Үшіншіден, бұл түбіртектің сол жағында мемлекеттік орган не ұйымның логотипі, ал жалған түбіртекте – логотиптің орнында аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетілген. Мемлекет органның атауына назар аударыңыз, ол осы уақыттағы атауына өте ұқсас келеді, мысалы, «ҚР салықтары АҚ», «KazTransGaz АҚ». Мемлекеттік ұйымның ресми интернет-ресурсындағы заңды атауымен салыстырыңыз.

Төртіншіден, бұл түбіртекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетіледі: жылжымайтын мүліктің орналасқан жері және салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша – көлік құралдары салығын төлеу кезінде, жалған түбіртекте мұндай болмайды;

Бесіншіден, әдетте мемлекеттік орган әрдайым салықтарды төлеудің белгіленген мерзімдерін ескереді. Мысалы, көлік құралдары салығы бойынша – 1 сәуірден кешіктірмей, мүлік салығы бойынша – 1 қазаннан кешіктірмей. Сондықтан әрбір салық бойынша хабарламалар осы мерзімге дейін жіберіледі.

Егер сіз күмән тудыратын түбіртек алатын болсаңыз, ешбір жағдайда шотты төлеуге асықпаңыз. Дұрысы, алдымен оны түпнұсқамен салыстыру қажет. Коммуналдық не салық қызметіне қоңырау соғып, сізге шотты төлеу туралы хабарламаны солардың жібергенін нақтылап біліңіз.

Сондай-ақ, сіз мобильді банкингтің тиісті бөлімінен (мысалы «Мемлекеттік қызметтер»), сонымен бірге Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті сайтының «Алдағы төлемдер» сервисі арқылы, «E-salyq Azamat» қосымшасынан немесе egov.kz порталынан алдағы салықтардың сомасын тексере аласыз.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Бір жыл ішінде теңге қандай деңгейге дейін әлсіздейді – PwC
Бір жыл ішінде теңге қандай деңгейге дейін әлсіздейді – PwC

Бір жылдан кейін ұлттық валюта курсының макси...

АҚШ-тағы балалардың өмірін сақтандыру
АҚШ-тағы балалардың өмірін сақтандыру

Ересектердің өмірін сақтандыру полисі сияқты,...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру