bs-preloader__icon
ru kz

ҚНРДА-да қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын саралады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі халық арасында жүргізілген сауалнаманы жариялады. Агенттікте азаматтардың қаржылық өнімдер мен қызметтер жөнінде хабардарлық деңгейін, сондай-ақ олардың тұтынушылар арасында таралуы мен пайдалануын зерттеді.
ҚНРДА-да қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын саралады

Қазақстандықтар арасында ең танымалы - тауар кредиті (67,6%) және банктік депозит (60,4%) болды, бұл сұралғандардың осы қаржылық өнімдер туралы жоғары хабардарлығын көрсетеді.

Банктік депозит респонденттердің соңғы екі жыл ішінде ең жиі рәсімдеген өнімі болып табылады – 38,2%, 2022 жылы сауалнама жүргізу сәтіне оны сауалнамаға қатысқандардың 35,6%-ы пайдаланған. Салыстырмалы түрде соңғы екі жыл ішінде тауар кредитін респонденттердің 36,9%-ы, ал 2022 жылы сауалнамаға қатысқандардың 23%-ы пайдаланған.

Аталған қызметтерден басқа, респонденттер соңғы екі жыл ішінде тұрғын үй кредитін немесе ипотеканы (39,1%), Интернет және мобильдік  банкингті (38,8%), зейнетақы аннуитетін (38,7%) жиі пайдаланған.

Айтпақшы, бұл жерде кредитті, ал мына жерде сіздің сеніміңізге сәйкес келетін депозитті таңдауға болады.

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді таңдау кезінде қазақстандықтар әртүрлі қаржы ұйымдарында бірнеше нұсқаны қарайды (43,3%). Сауалнамаға қатысқандардың жас ерекшелігі респондент неғұрлым жас болса, тиімді нұсқаларды іздеу кезінде олардың нарықты жан-жақты талдайтынын көрсетті: 18-29 жас – 43,2%; 30-49 жас – 44,3%. Салыстырмалы түрде 50 жастан 63 жасқа дейінгі респонденттер – 41,6%, 63 жастан асқандар – 40,5%. Гендерлік тұрғыдан әйелдер (44%) ерлерге (42,6%) қарағанда қызметтерді іздеуде көп қызығушылық танытады.

Қаржылық сауаттылықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі қаржы ұйымдарында ресми құжаттарға қол қою тәртібі болып табылады.  Халықтың басым бөлігі (2022ж. – 45,2%, 2021ж. – 44,9%) қаржы ұйымымен шартқа қол қойған кезде шартты мұқият оқитындарын, талаптарын зерделейтінін айтады. Ресми құжаттарға қол қою кезіндегі білімдерінің төмен деңгейін Қарағанды (30%) және Павлодар (27,3%) облыстарының респонденттері, Ақтөбе (50%), Алматы (48%), Қызылорда (48%), Солтүстік Қазақстан (48%) және Батыс Қазақстан (48%) облыстарының респонденттері жоғары деңгей көрсетті.

Қаржы жүйесі туралы хабардар болу

Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі қаржы ұйымдарын өз мақсаттарына жету ретінде (32,5%) қарастырады, қаржылық қызметтерді еркін ажырата біледі (31,2%) және Қазақстанда қандай қаржы ұйымдары жұмыс істейтіні жөнінде жақсы біледі (30,4%).

Бұл ретте, қаржы жүйесінің сенімділігіне ерлерге (5,3%) қарағанда әйелдер (4,8%) сенімсіздік танытады (тиісінше 3,6% және 3,8%).

Жалпы алғанда, халық қаржы ұйымдарының тарапынан құқықтардың бұзылуы анықталған жағдайда қандай органдарға жүгіну керектігі жөнінде хабардар. Сауалнама нәтижелері мемлекеттік сектордың, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың дамығаны жөнінде айтуға мүмкіндік береді. Олардың ішінде, респонденттердің бағалауы бойынша, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде (29,5%), адвокаттар мен заңгерлерде (29,1%), сондай-ақ ҮЕҰ-да (25,3%) құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік басым түседі.

Әрбір бесінші респондент (19,6%) өз мәселесін қаржы ұйымымен шешкен. Әрбір алтыншы (17,7%) заңгерге/адвокатқа және әрбір жетінші респондент (14,9%) қаржы нарығын дамыту және реттеу жөніндегі уәкілетті органға жүгінген. Респонденттердің 10%-ға жуығы сот тәртібінде реттеуге жүгінген.

Қаржылық алаяқтық

Қаржылық алаяқтықтың ең көп тараған түрлерінің бірі телефон арқылы (34,2%) жасалатын және интернет-алаяқтық (32,7%) болып табылады. Пікіртерім көрсеткендей, респонденттердің жартысынан көбі қаржылық алаяқтықпен таныс – 55,8%. Көбінесе бұл телефон арқылы жасалатын алаяқтық – «вишинг» (34,2%) және интернет-алаяқтық – «фишинг» (32,7%). Пікіртерімге қатысқандардың 21,6%-ы қаржы пирамидалары тарапынан ұйымдастырылған алаяқтықтың қатысушылары болды, ал 11,5%-ы төлем карталары бойынша орын алған алаяқтыққа тап болды.

Бұл ретте алаяқтардың азаматтармен байланысының ең көп тараған тәсілдері ұялы немесе қалалық телефонға қоңырау шалу (51,5%), сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламалар (33,4%) болып табылады. 56% жағдайда мұндай құқық бұзушылықты танып-білуге болады, алайда респонденттердің қалған 44%-ы мұндай құқық бұзушылықты уақтылы анықтай алмаған.

Алаяқтардың айла-амалдарына көбінесе аға буын өкілдері сенім артады, өйткені зейнет жасындағы пікіртерімге қатысқандардың 50,7%-ы (63+) алаяқтық пиғылды ажырата алмаған. Белгілі болғандай, алаяқтарға ерлерге (42,6%) қарағанда әйелдер (45,3%) көбірек сеніп қалған.

Өңірлер бойынша Алматы және Шымкент қалаларында (49,3%-дан), Шығыс Қазақстан облысында (48,7%) және Астана қаласында (48%) «Жоқ, танып-білу мүмкін болмады» деген жауап нұсқасы жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Бұл көрсеткіштер, ең алдымен, ірі қалаларда кәсіби экономикалық алаяқтықтың даму тәуекелінің жоғары деңгейде екенін көрсетуі мүмкін.

Алаяқтыққа тап болған жағдайларда не істеу керектігі туралы азаматтардың хабардар болу деңгейі өте жоғары: респонденттер көбінесе интернеттен ақпарат іздейді (37,9%) немесе құқық бұзушымен одан әрі байланысты үзеді (29,8%). Бұл ретте құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінудің төмен деңгейі (3,1%) жазасыздық және қылмыскерлерді әшкерелеу мүмкіндігінің болмауы тәуекелдерін туындатады.

Бұл ретте, зейнеткерлер көбінесе ақпаратты қылмыскерлерге ішінара берді (6,3%) және қылмыскер қоңырау шалған ұйымнан ақпаратты ешқашан нақтыламады (0%).

Бұл сұраққа жауаптардың гендерлік ерекшелігі әйелдердің алаяқтардың алдауына көбірек бейім екенін көрсетеді: 9,2% оларға қажетті ақпаратты ішінара берді, салыстырар болсақ, ерлерде бұл көрсеткіш 2,9%-ды құрайды.

Қаржылық алаяқтардың кеңінен таралуына байланысты респонденттердің жартысынан көбі қандай да бір шығынға ұшыраған жоқпыз деп санайды, өйткені олар алаяқтармен өзара әрекеттеспеді (57,2%), ал психологиялық қысым (34,4%) басым болған.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Нарық аннуитеттерді қолдады
Нарық аннуитеттерді қолдады

ӨСК жиынтық брутто-сыйлықтары 2023 жылғы ақпанд...

Өмірді сақтандыру полисі: алаяқтықтан қалай аулақ болуға болады
Өмірді сақтандыру полисі: алаяқтықтан қалай аулақ болуға болады

Өмірді сақтандыру - бұл сіздің отбасыңызға қиы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру