Сонымен, Қытай, бірінші кезекті, өзінің ауқымдарымен таң қалдырады. Тұрғындар 1,36 млрд. аданан артық. Бұл біздің, қазақстандық, тұрғындардан сексен есе артық. Қытайлық ЖІӨ 11 трлн. доллардан артық, ол қазақстандықтан 60 есеге асады. Осымен қатар Қытай экономикасы бірқатар жылдар бойы барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсудің тұрақты ырғақтарын көрсетуде:
- жұмыссыздық 4% деңгейінде сақталынуда;
- жыл сайынғы инфляция – 1,7 - 2,6%;
- юаньның долларға қатынасы бойынша ұзақ жылдар бойы тұрақтылығын сақтауда (қазақстандық өлшемдер бойынша). Девальвация 1,4% шегінен шықпайды. Қытайдың ұлттық валютасы кезеңді түрде долларға қатынасы бойынша нығаюда, яғни юань курсы өсуде;
- ЖІӨ жылдан жылға кем дегенде 6,5% өсуде.
Көрсеткіштердің көпшіліктері бойынша қытайлық экономика әлемде көшбасшылық орында тұр. Осымен қатар ерекшелей кететініміз, ҚХР-ның экономикасының дамуында жетекші рөлде Коммунистік партия тұр, ал экономикалық жүйенің шаруашылық басқармасы – жоспарлы.
Қытайдың әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі 2010 жылға дейін мемлекеттің өзінің тұрғындары үшін зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз ету сұрақтарында ең жоғары кепілдік беруге бағдарланған. Жұмыспен қамтамасыз етушінің құралдары есебінен қалыптасқан қорлар (еңбекті өтеу қорының (ЕӨҚ) көлеміне байланысты төлемдер) зейнеткерлікке шыққан, табыстарынан зейнеткерлікке жеткенге дейін үлес алып отырған, азаматтар табыстарының және мемлекет есебінен медициналық шығындарының 50% жабуды қамтамасыз етуі тиіс. Алайда 1980 жылдары енгізілген туылу шектеулері тұрғындардың қартаю үрдістерінің дамуына алып келді. Болжамдар бойынша, 2050 жылға қарай Қытай тұрғындарының үштен бірі 65 және одан жоғары жаста болады. Қалыптасқан зейнеткерлікпен қамтамасыз ету жүйесі мемлекеттің бұл сұрақтағы міндеттемелерін жаба алмас еді. Жұмыспен қамтамасыз етушілердің ЕӨҚ-на жүктемелер 65-70% дейін өсті. Егде жастағы тұрғындардың қаржылық жағдайларын зейнеткерлерді балалар және немерелермен қамтамасыз ету есебінен жеңілдететін, туу шектеуін жою, өз кезегінде, мемлекеттік шығындарды жүктілік, босану және декреттік төлемдерге арттыруға алып келді.
Бұл жағдайларда 2010 жылы сақтандыру жүйесін қайта қалыптастыру және ел тұрғындарының зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз етілінулерін ұйымдастыруда жеке ынтаны кеңейту жайлы шешім қабылданды. Салық салу жүйесі қайта қарастырылды. Жұмыспен қамтамасыз етушілер өз қызметкерлерінің зейнеткерлік жоспарларын қалыптастыруда ауқымды жеңілдіктер алды. Сақтандыру ұйымдары да бірқатар салықтардан босатылды, немесе салықтық жүктеме төмендетілді. Сондай-ақ сақтандырушы қызметінің есебі және барлану жүйесі қайта қарастырылды. Бұл шаралар сақтандыру саласының жылына 17-20 % өсуіне алып келді. Мемлекетпен бұрындары монополизирленген сақтандыру нарығы жеке сақтандыру компанияларымен белсенді түрде меңгеріліне бастады. Мемлекеттік сақтандыру компаниясы өзінің нарықтағы үлесін 77%-дан 26% дейін төмендетті.
Бүгінгі күнде Қытайдың сақтандыру нарығын сақтандыру өнімдерін алдыға жылжытушы 180 ұйымдары, және елдің әртүрлі аудандарында барлау қызметтерін жүзеге асырушы 38 сақтандырушылар ассоциациялары ұсынып отыр.
Сақтандыру нарығы ҚХР-ның сақтандыру қызметі жайлы Заңымен реттелінеді. Қазіргі уақытта Заңның төртінші редакциясы қызмет атқаруда. Оның жекелей өзгерістеріне қарамастан, Заң сақтандыру нарығының барлық өзектіліктерін бейнелей алмайды, сондықтан жоғарғы сот кезеңді түрде Заң «тұжырымдарын» жариялап отырады. Қазір шығарылымға осындай «тұжырымдамалардың» төртінші редакциясы дайындалуда. ҚХР-ның әр аймағы сақтандыру нарығын реттеу құзыреттілігіне ие, тіпті – өз шекарасында сақтандырудың міндетті түрлерін енгізуге, алайда басты реттеуші – Қытайдың сақтандыру барлауының Комиссиясы (ChinaInsuranceRegulatoryCommission - CIRC). CIRC сақтандыру ұйымдарының, агенттер, брокерлер, төтеншелік комиссарларды қамтығандағы өкілдердің қызметтерін, және бұл субъектілердің барлық бизнес-операцияларын реттейді. CIRC сақтандыру ұйымын, оның төлеуге қабілетсіздігі қауіпі туындауында, тікелей басқаруды енгізуге дейінгі кең құзыреттілікке ие. CIRC-пен теңдей косалқы реттегіштердің көптеген сандарының болуы қытайлық сақтандыру нарығын тым бюрократизирленген етеді.
Сақтандыру нарығы өмірді сақтандыру және жалпы сақтандыру салаларына ажыратылған. Қайғылы жағдайларды ерікті негізде сақтандыру және медициналық сақтандырумен компаниялардың екі түрі де айналыса алады. Бұл екі сегменттерде ТЖК үлесі 84% құрайды. Өмірді сақтандыру саласы сақтандыру нарығының жалпы 62,7% алып отыр.
Қытайлық сақтандыру нарығы сақтандырушыларды қорғаудың жоғарылатылынған шараларымен ерекшеленіледі. Арнайы қор сақтандырушылардың төлемдері есебінен қаржыландырылады және ликвидирленетін сақтандыру ұйымының активтерінің жеткіліксіздігінде кепілдік береді:
- жалпы сақтандыру саласында 50 мың юаньға дейінгі соммалы шығында орнын толтыру 100%, ал одан да жоғары соммаларда – физикалық тұлғалар үшін шығындардың 90%-ы және заңды тұлғалар үшін шығындардың 80%-ы;
- өмірді сақтандыру саласында таратылынатын компанияның міндеттемелерін басқа сақтандырушыға, қор тұтынушылар – физикалық тұлғалар алдындағы міндеттемлерін жабу үшін 90% және тұтынушы – заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерін жабу үшін 80% активтермен толтырып, өткізеді.
Дистрибуциямен негізінен банкілер және агенттер/агенттіліктер айналысады. Банкілер жиынтық полистерді біруақытта өтеумен сатуларға мамандандырылған. Полистің болуы қор биржасында құнды қағаздарды иелену мүмкіндігін береді. Орташа сыйақы $48 мыңды құрайды, және алғашқы екі жылда сақтандыру келісімшартын бұзуда сақтандырылушыға сақтандырушы шығындарын шегерумен қайтарылады.
Сақтандырудың алғашқы екі жылы аяқталынғаннан кейін келісімшартты бұзуда өтелген сыйақылар толық көлемде қайтарылынуы тиіс. Агенттер (шамамен 3 млн. адам) және агенттіліктер (1,8 мың ұйымдар) полистерді жылсайынғы кезеңділікпен сатуларға мамандандырылады. Орташа салым $1,1 мыңды құрайды. Қытайдың өмірді сақтандыру саласының ЖІӨ-дегі үлесі 2,37% құрайды. Орташа сыйақы елдің бір тұрғынына – $192. Өмірді сақтандыру саласы сақтандыру нарығының 62,7% алып отыр. Сондықтан қытай өкіметінің жоспарында – өсу ырғағын сақтау және арттыру, және сақтандыру үлесін 5%-ға дейін жеткізу, ал орташа сыйақы бір тұрғынға - $561 дейін 2020 жылға қарай. Бұл өсімді қамтамасыз ететін нарықтың негізгі сегменттері, - сақтандырудың әлеуметтік түрлері: зейнеткерлік жоспарлар, ерікті медициналық сақтандыру, өндірістегі қайғылы жағдайлардан сақтандыру, жұмыссыздық жағдайынан сақтандыру. Барлау органдарының жоспары бойынша өсу негізі сақтандыру агенттерінің қатарын сандық және сапалық арттыру, салықтық жеңілдіктер, сақтандыру нарығына ақпараттық технологияларды енгізу (Интернет-сатылымдар, телеандеррайтинг), сақтандырулық бақылауды нарық субъектілеріне қатаңдандыру, шет елдік инвестицияларды тарту болулары қажет.
Сақтандырудың қазақстандық нарығын, өкінішке орай, қытайлықпен салыстыруға мүлдем келмейді. Нарық сыйымдылығы 0,85 млрд.долларларға әзер жетеді, олардың тек 0,23 млрд. – өмірді сақтандыру саласы (27,7%). Сақтандыру нарығының ҚР-ның ЖІӨ үлесі тек 0,46%, ал өмірді сақтандыру саласы - 0,13%. Бір қазақстандыққа бар болғаны $49,9 сақтандыру сыйақысы келеді, олардың тек $13,8 өмірді сақтандыруға тиесілі. Басқалай айтар болсақ, біз ұзақ жолдың ең басында тұрмыз, ал сақтандыруды Қазақстанда дамыту үшін алғышарттар – өте кең.
Дерек көздері:
- China Life & Benefits Insurance Market Report.- AXCO Insurance Information Services Ltd, 2016
- http://www.allinsurance.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=5317:ob-em-mirovogo-rynka-strakhovaniya-zhizni-v-2015-godu-vyros-na-4-3-do-2-5-trln&catid=79:mezhdunarodnyj&Itemid=1916