bs-preloader__icon
ru kz

«Екінші өмірдің» жасы. Жапонияда зейнетақы мәселесін қалай шешілді

Жапония бұрыннан адамның жасына байланысты «ең» деген сөзбен ассоциацияланады: өмір сүрудің ең жоғары ұзақтығы, қоғамда зейнеткерлердің ең жоғары үлесі және жұмыс істейтін халық арасында зейнеткерлердің үлесі. Жапониялық зейнетақы жүйесінің мәні неде және зейнетақы жасын көтеру мәселесі қалай шешілді, неге үй шаруасындағы әйелдер неге зейнетақыны алып жүреді, жапондықтар қай жасқа дейін жұмыс істегісі келеді – осы сұрақтарға жауапты РИА Новости корреспонденті Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінде, жалпы ұлттық істер министрлігінде іздеп, сонымен қатар зейнетке шыққан немесе шығуға дайындалып отырған жапондықтармен сөйлесіп білуге тырысты.
«Екінші өмірдің» жасы. Жапонияда зейнетақы мәселесін қалай шешілді

«Екінші өмірдің» жасы

Жапондық зейнетақы жүйені түсіну қиын, өйткені оның ережелерден көптеген ауытқулары бар, сондықтан бұл оны икемді және Жапонияда «екінші өмір» кезеңіне кірген деп аталатын адамдардың жеке өміріне «ыңғайландырылған» етіп жасайды.

Жапондық зейнетақы жүйесі мәселесін терең түсінуге тырысқан сайын, бұл елде қандай жас зейнетақы болып табылады деген сұраққа жауап табу қиынға түседі. Дұрыс жауабын былай беруге болады: «Әрбір азамат 60 жаста зейнетке шығуға құқылы, бірақ толыққанды зейнетақы төлемдерін ол тек 65 жастан бастап ала алады».

Жапония – бұл «қартайып жатқан» қоғамның елі, балалар өте аз туылып, ал ересектердің өмір ұзақтығы арта түсуде. Нәтижесінде бұл жұмыс істейтіндерге салықты төлеу бойынша түсетін жүк жылдан жылға өсуде. Бұл салықтан кейіннен зейнетақы мен медициналық сақтандыруға субсидиялар есептелінеді. Бұл орайда өмір сапасының өзгеруі тенденциясы бар – қарт адамдардың көбісі әрі қарай жұмыс істеу немесе өзіне жаңа қызмет саласын табу үшін өзін жақсы сезінеді. Мемлекет зейнеткерлер мүмкіндігінше жұмыс істейтін азаматтар санатында болып, бюджетті салықпен толықтыруға қызығушылық танытуда.

«Мемлекеттің рөлі бұл үрдістерді реттеуден тұрады. Ең алдымен жұмыс беруші 60 жасқа толмаған адамды зейнетке жібере алмайды. Керісінше, ол зейнетақы жасын 65-жасқа дейін көтеруге, немесе 60 жасқа толған қызметкерді 65 жасқа толғанша немесе ол жұмыс істеуге ниет білдіргенше қызметкерді алып қалуға міндетті. Сондай-ақ кәсіпорындар зейнетақы жасын белгілемесе болады, бұл мәселені әрбір қызметкермен жеке шеше алады. Сонымен қатар жұмыс берушіге 65 жастан асқан қызметкерлер үшін мемлекет төлейтін қаржы жүйесі де бар»,  деп РИА Новости сайтына Денсаулықты сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі зейнетақы департаментінің зейнетақы бөлімінің қызметкері Ацуси Каваи әңгімелеп берді.

Зейнеткерлер: біраз статистикадан

Жалпы ұлттық істер министрлігінің стистика мәліметтері бойынша Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы ер адамдарда 80,89 жасты, әйелдерде 87,14 жасты құрайды. Жапондықтар зейнетке шыққаннан кейін олардың алдында өмірдің үштен бір бөлігі күтіп тұр деп әділ санайды.

Зейнетке шыққаннан кейінгі кезеңді олар «екінші өмір» деп атайды, «бірінші» өмірге қарағанда қоғамға жұмыс істеу, балаларды тәрбиелеу және асырау түріндегі қарыздар қоғамға берілген, енді өз уақытын және ақшасын бұрыннан айналысқысы келген және армандап жүрген іске арнауға болады.

65 жастан жоғары қарт адамдардың саны бұл елде үнемі өсуде. 2017 жылы халықтың 210 мың адамға жалпы қысқару кезінде, зейнеткерлер жасағын 570 мың адам толтырды.

Жапондық қоғамның құрылымында 65 жастан асқан адамдардың үлесі 27,7% құрайды. Бұл әлемде ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Ал 90 жастан асқандардың саны осындай статистиканы жүргізген уақыты үшін екі миллион адамды құрады. Жапонияның халқы 126 миллион адамды құрайды.

Жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны 7,7 миллион адамды құрайды. Жұмыс істейтін адамдар ішіндегі зейнеткерлердің үлесі 11,9% құрайды. Бұл ретте олардың көбісі – төрттеудің ішіндегі үшеуі – штаттағы жұмыстан гөрі келісімшарт негізінде жұмыс істеуді артық көреді. Жүргізілген сауалдарға сәйкес бұл немен байланысты болады деген сұраққа зейнеткерлер «Мен өзіме ыңғайлы уақытта жұмыс істегім келеді» деп жауап береді. Жапония жұмыс істейтін адамдардың арасында зейнеткерлердің үлесі бойынша әлемде бірінші орынға ие.

Жиналған ақшаның орташа деңгейі зейнеткерлердің бір отбасына шаққанда 23,94 иен (200 мың доллардан астам) құрайды.

Қазіргі таңда Жапониядағы зейнетақы қоры – 55 триллион иен (шамамен 500 миллиард доллар) құрайды және оның басым бөлігін (350 миллиард доллар шамасында) жұмыс істейтіндер мен кәсіпорындардың төлемдері құрайды. Сондай-ақ ол тапшы болып табылады: 12,5 триллион иен (110 миллиард доллар шамасында) бюджеттен мемлекет енгізеді. 

Зейнетақы жасын білдірмей қалай көтеруге болады

"Жапонияда зейнетақы жасын көтеру бойынша реформа 25 жылды құрайды. Бұл үрдіс кезең-кезең бойынша жүргізіледі: адамдар өз зейнетақысын толықтай алатын жасы 2000 жылы болған 60 жастан реформа 2025 жылы толығымен аяқталатын кезге дейін, 65 жасқа дейін көтерілетін болады. Алайда бұл егер ол зейнетке ертерек, мысалы, 62 жасында шығатын болса, ештеңе ала алмайды дегенді білдірмейді. Бұл олай емес. Зейнетақы жүйесі адам 65 жастан бұрын зейнетке шығатын болса, онда ол қомақты сомадан айырылады, ол сома – бұл маңызды – өтелмейді де, қалпына келмейді де», – деп Каваи түсіндіреді.

Жапондық зейнетақы жүйесінің айла-әдісі суреттер мен графиктерде түсінікті болып көрінеді. Егер адам зейнетке 60 жаста шығатын болса, ол өзінің зейнетақысы деңгейі 30%-ға, ал, мысалы, зейнетке 63 жасында шықса, ол 12%-ға қысқаратындығымен келіседі. Зейнетақыны толық көлемде тек 65 жаста зейнетке шыққан азамат ала алады. Сондықтан осы жасты жапондықтар үшін зейнетақы жасы деп есептейді.

Бұл орайда егер қарт адам зейнетке шықпай, әрі қарай жұмыс істейтін болса, онда бір жылдан кейін зейнетақы төлемдеріне 8,4% қосылады, ал зейнетке 70 жаста шығатын болса, оның мөлшері 42%-ға ұлғаяды.

Екі қабат зейнетақы, үй шаруасындағы әйелдердің "мұрасы"

Жапонияда зейнетақы қорланымдары мен төлемдерінің екі деңгейлі жүйесі қабылданды. Жеке кәсіпкерлер, студенттер және жапондық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің жалдамалы қызметкерлерінің және жұмысшыларының көптеген санына жатқызуға болмайтын адамдардың барлығы үшін базалық деңгей бар. 60 жасқа дейін айына 16,49 мың иен (150 доллар шамасында) төлем жасағанда, адам 65 жастан бастап максималды 40-жылдық еңбек өтілі болған жағдайда, айына 65 мың иен (600 доллар шамасында) төлемге сене алады.

Зейнетақының екінші деңгейі табысқа байланысты болады. Төлемдер жалақының 18,3% құрайды, оны, әдеттегідей, жұмыс беруші қызметкердің жалақысының қажетті сомасынан шегеріп отырып, жүзеге асырады.

Оны жасына қарамастан зейнетке нақты шыққан кезеңге дейін төлеу керек, ал оны 65 жасында алуға болады. Бұл зейнетақының мөлшері табысқа байланысты болады, бірақ орташа есеппен айына 154 мың иен шамасын (1500 мың доллар) құрайды.

Жапондық зейнетақы жүйесінің ерекше сипаты – үй шаруасындағы әйелдердің зейнетақы алмау құқығы, сондай-ақ ай сайынғы зейнетақы жарналарын төлемеуге құқылы. Бұрын экономикалық дамуы мен қарқынды өсуі кезеңінде жапондық әйелдер күйеуге шығып, үй шаруасымен және балаларымен айналысқан еді, олардың бұл жасаған істері күйеулері фирманың, зауыттың немесе мемлекеттік мекеменің гүлденуіне бар күш-қуатын бергенде, оларға үйде сенімді тылды қамтамасыз етті деп есептелген.

Үй шаруасындағы әйел 65 жасқа жеткен кезде, ол 65 мың иенге тең ай сайынғы зейнетақы алуға құқылы. Оның үстіне күйеуі қайтыс болғаннан кейін ол оның «екінші деңгейдегі» зейнетақысының бір бөлігін алуды жалғастырады. Бұл зейнетақы жалақысының 18,3% құрайды.

Барлық жерде өз қалауынша

Жапондық жүйе барлық адамдар ұзағырақ жұмыс істеуге ұмтылу керек болғандай құрылған сияқты. Алайда шын мәнісінде олай емес.

«Адамдар 60жасқа немесе 65-жасқа толғаннан кейін оның орны, сонымен қатар жалақының мөлшері сақталу мәселесі, жұмысты жалғастыру жағдайлары компанияның ережелеріне байланысты болады. Кейбір жерлерде қызметі де, жалақы мөлшері де толық сақталса, енді басқа бір орындарда бұл адамды төмен жалақымен төмен қызметке ауыстыруы мүмкін. Мұнда бірыңғай қағида жоқ», – дейді Каваи.

Шындығында, РИА Новости анықтағандай, 60 немесе 65 жасқа жеткеннен кейін еңбек жағдайларына байланысты болатын зейнетке шығу жасы әрбір компанияда әр түрлі.

«Қазір мен 58 жастамын. Екі жылдан кейін мен шұғыл түрде зейнетке шығамын. Мен тауға шығып жүрмін, өзімді жақсы сезінемін және күш-қуатым бар. Қазіргі кезде мен компания президенті болып жұмыс істеймін. Егер де жұмыс жағдайлары өзгермейтін болса, әрине, мен бұл қызметет тағы бірнеше жыл қалуға дайын болар едім, бірақ компанияда ережелер сондай болғандықтан, 60 жылдан кейін жалақы да күрт төмендейді, еңбек сіңірген жылдар үшін төлем (бір жолғы – ред. ескерту) де қысқаруы мүмкін (Жапонияда ол бірнеше жүз мың долларды құруы мүмкін – ред. ескерту). Яғни маған бұл қызметте ұзақ қалу тиімсіз. Мен зейнетке шығамын және немен айналысатынымды ойлап табамын», – деді РИА Новостиге ірі телемедиялық холдингтегі компанияның басшысы.

Жапониядағы ең ірі оркестр бірінің жетекші музыканты қарапайым компанияларда 65 жыстан кейін жұмыс істеу үшін қалуға тиімді болар, бірақ оркестрде емес.

«Музыкант өзінің жұмыс орнында 60 жастан кейін жұмыс істеу үшін комиссиядан өткен соң қала алады. Бұл комиссия, әдететгеідей, формалды сипатта өтеді. Ол өз жалақысын сақтай алады, немесе бұл ішкі өтемақы мен төлемдер есебінен жүзеге асады. Бірақ 65 жастан кейін ешқандай ерекшелік жоқ: ол зейнетке шығып, өз орнын басқаға беруге міндетті. Осы күнге дейін алты ай қалғанда оның қызметіне конкурс жарияланады, және ол тұра 65 жаста оркестрден кетуге міндетті», – деп түсіндірді ол.

Қашанға дейін жұмыс істеуге болады

Жапондықтар туралы еңбекқор ұлт ретінде жиі айтылады. Әдеттегідей, бұл жұмыс уақытының ұзақтығын, қысқа демалыстарды, сонымен қатар «шамадан тыс еңбектен өлім» деп аталатын -  «кароси» - жапондықтардың өкінішіне және ұятына орай интернационалдық терминіне айналғанды көздейді.

Қоғамдық пікір көрсеткендей, еңбек етуге ниеті жапондықтарды қартайған шағында да жібермей тұрады.

Денсаулықты сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі жүргізген үш мың адам қатысқан сауалына сәйкес 60 жаста зейнетке шығуға респонденттің 11,8% дайын, 65 жаста – 21,4%. 70 жасқа дейін — 23,6%, 75 жастан кейін жұмыс істеуге 12,8% дайын. Алайда ең әйгілі жауаптардың бірі – 29,5% – «күш-қуат болғанша жұмыс істеуге дайынбыз» деген жауап болды. Нә»тижесінде министрлік «65 жастан кейін 70% жұмыс істегісі келеді» деген қорытынды жасады. 

«Мемлекет қарт адамдарға зейнетке шыққаннан кейін өзін-өзі табуға және өз орнын табуға көмектесу үшін белсенді түрде жұмыс жасауда. Зейнетақы жасындағы адамдар үшін жұмыс іздеу бойынша қызмет бар. «Екінші өмірде» тек қана жалақы емес, сондай-ақ сен талап етілген маман және қоғамға пайдаң тиеді деген сезім маңызды», – деп Каваи әңгімені қорытындылады.

Дереккөзі: РИА Новости https://ria.ru/world/20180820/1526830075.html

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жинақтаушы сақтандыру: шарттардың ең тиімді мерзімдері
Жинақтаушы сақтандыру: шарттардың ең тиімді мерзімдері

Депозиттерге төмен пайыздық мөлшерлемелердің...

Иммундық жүйені нығайтудың ғылыми зерттелген төрт тәсілі
Иммундық жүйені нығайтудың ғылыми зерттелген төрт тәсілі

Ағзаның иммундық жүйесіне күзде және қыста ау...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру