bs-preloader__icon
ru kz

Жас адамға арналған жеке қаржылық жоспар

Қаржылық әл-ауқатқа қол жеткізу – көпшіліктің басты мақсаты. Алайда көбіміз капитал жинау туралы тек өмірлік жағдайлар соған мәжбүр еткенде ғана ойлана бастаймыз. Ал іс жүзінде бұл іске ертерек, мүмкіндігінше 18–20 жастан кіріскен жөн. Қызығы сол – жастардың көбі жеткілікті өмір сүруге ұмтылысын іспен дәлелдеп отыр: сауалнамаға қатысқан әрбір екінші жас үнемдеуге дайын екенін айтқан.
Жас адамға арналған жеке қаржылық жоспар

Жинақтау мақсатына жету – қиын шаруа емес. Ең бастысы – тәртіп. Ал оны қалыптастыруды дәл жастық шағында бастаған жөн. Адам ерте бастаса, дербес өмірге қадам басар сәтте соғұрлым көп капитал жинай алады. Құрама пайыздардың әсерінен жинақ қаражаттары күткеннен де жылдамырақ өседі. Бірақ бәрін ретімен қарастырайық.

1-қадам — кірістер мен шығындарды талдау.
Жас кезде табыс аса жоғары болмауы мүмкін, бірақ бұл – бірегей кезең. Себебі жастардың көпшілігінде әлі несиелері, ипотекасы, отбасы мен бала-шағаға тұрақты шығындары болмайды. Алайда өз табысы – стипендия, тұрақты жалақы немесе қосымша табыс көзі – бар.

Кірістер мен шығындарды саралап, өмір сапасына зиян келтірмей, қандай соманы жинаққа бөлуге болатынын анықтау қажет. Әдетте бұл – айлық табыстың 10–15%-ы. Бірақ егер мүмкіндік болса, жас кезде бұл көрсеткіш 30%-ға дейін жетуі мүмкін.

2-қадам — дұрыс қаржылық құралдарды таңдау.
Мақсатқа қарай әртүрлі қаржы құралдарын қолдану маңызды.

Егер мақсат — қаржылық қауіпсіздік жастығын құру болса, онда жинақ шоттары немесе ақша нарығындағы инвестициялық өнімдер тиімді.
Мұндай құралдар жинақты ыңғайлы қарқынмен қалыптастыруға мүмкіндік береді және оларда сақтандыру қорғанысы бар.

Егер мақсат — болашақ зейнетке капитал жинау болса, онда жинақтаушы өмірді сақтандыру бағдарламалары немесе ұзақ мерзімді жинақ бағдарламалары тиімді.

Инвестицияны өз бетіңізше де, дайын шешімдер арқылы да жасауға болады. Егер тәжірибе болмаса, дайын шешімдерді таңдаған дұрыс. Мысалы, инвестициялық құраушысы бар өмірді сақтандыру бағдарламалары немесе жаңа өнім — үлестік өмірді сақтандыру. Бірақ инвестиция бастамас бұрын тақырыпты тереңірек зерттеп, тәуекелдерді мұқият бағалау қажет.

3-қадам — инвестициялық портфель құру.
Кіріс пен шығындарды талдап, жинаққа бөлінетін сома мен құралдар анықталған соң, жинақтауды бастауға болады. Инвестиция жолына енді түскендерге қаржылық жоспарлаудың негізгі қағидаларын ұстануға кеңес беріледі.

Бірақ 18–20 жаста жинақтауды бастаған жастар үшін бұл төрт кезеңді қатар жүргізуге болады:

  • 1-кезең — үш–алты айлық табысқа тең "қауіпсіздік жастығын" құру. Бұл күтпеген шығындарға арналған қор. Айта кету керек, мұндай шығындарға денсаулық мәселелері жатады, ал тосыннан смартфон сатып алу – оған кірмейді.

  • 2-кезең — шамамен алты айлық табысқа тең қосымша жинақтау бөлігін құру.

  • 3-кезең — зейнетақы резервін қалыптастыру. Ол еңбек жолы аяқталған соң табыстың кем дегенде 40%-ын қамтамасыз етуі тиіс.

  • 4-кезең — инвестициялау.

Алайда уақыт өте келе, мамандық алып, мансап баспалдағымен көтерілген сайын табыс артады. Демек, жинақ мақсаттарына жылдамырақ жетуге және көп қаржы жинауға болады.

Дереккөз: gazeta.ru

Фото — ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жұмыста жарақат алғаннан кейін өтемақы алуға бола ма
Жұмыста жарақат алғаннан кейін өтемақы алуға бола ма

Қазақстандықтар тіпті кеңседе де жұмыс барысы...

Қаржылық мақсаттарыңызды анықтаңыз
Қаржылық мақсаттарыңызды анықтаңыз

Инвестициялау стратегиясын таңдамас бұрын, қа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру