- Әлемдегі неғұрлым теңдестірілген зейнетақы жүйелерді атаңызшы? Мүдделер балансының мәні неде?
- Жыл сайын 50-ден астам көрсеткіштер бойынша озық елдердің зейнетақы жүйелері салыстырылатын, халықаралық рейтинг жасалады – MCGPI ғаламдық зейнетақы индексі (MCGPI CFA институтының және Mercer Consulting (Австралия) халықаралық кәсіптік консалтингтік компанияның бірлескен зерттеу жобасы болып табылады). Ол әрбір жүйенің барабарлығын, тұрақтылығын және тұтастығын айқындайды.
Индекстің «Топ-10» ішіне зейнетақы жүйесінің дәл аралас типімен елдер кіреді (таратушы немесе жинақтаушы құрауыштың белгілі бір басымдығымен). MCGPI Топ-10 - Нидерланд, Дания, Израиль, Аустралия, Финляндия, Швеция, Сингапур, Норвегия, Канада, Жаңа Зеландия.
Сонымен бірге, соңғы 20 жылда зейнетақымен қамсыздандыру жүйелері дамуының негізгі трендіне талдау жүргізіп, Thinking Ahead Institute (TAI, Willis Towers Watson) халықаралық зерттеу компаниясының сарапшылары өз есептерінде бекітілген (мөлшері бойынша тиянақталған) жарналармен жинақтаушы зейнетақы жоспарларында (Defined Contributions, DC типі бойынша) зейнетақы активтерінің өсу қарқыны бекітілген төлемдермен (мөлшері бойынша тиянақталған) (Defined Benefits, DB типі бойынша) зейнетақы жоспарларында активтер өсімі қарқынынан шамамен екі есе озық екенін көрсетеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген жарналармен зейнетақы жоспарлар TAI соңғы есебінің деректері бойынша Топ-7 тізімі елдерінің (топ 7 – Аустралия, Канада, Жапония, Нидерланд, Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ) жиынтық активтерінен 53%-ды құрады. Осылайша, авторлар DC типі бойынша зейнетақы жүйесін ағымдағы мыңжылдықтың нөмірі бірінші дизайны екенін атайды.
Сонымен қатар, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі DC типі бойынша құрылған, себебі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) қызметкердің табысынан 10% мөлшерде тіркелген. Бұл ретте салымшыға зейнетақы төлемдері тіркелмейді, оның жеке зейнетақы жинақтарына байланысты, олар оған таусылғанша дейін төленеді немесе мұраға қалады. Нәтижесінде зейнетақы төлемдері бойынша қандай-да бір кейінге қалдырылған міндеттемелер қалыптаспайды және зейнетақы жүйесі өзін-өзі қаржыландыратын және азаматтар мен мемлекет үшін қаржылай-тұрақты (ортақ зейнетақы төлемдері бойынша – мемлекеттік бюджеттен немесе сақтандыру зейнетақы төлемдері бойынша – бюджеттен тыс қорлардан әлеуметтік міндеттемелермен үлестіруші жүйелердің кез-келген түрлерінен айырмашылығы) болып табылады.
- Зейнетақы жүйесі – бұл әлеуметтік қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді түрі, оны енгізу сәттілігі 50-60 жылдан кейін бағаланады, бұл ретте, біздің зейнетақы реформамыз қысқа мерзімде басымдықтарды бірнеше рет ауыстырды. Қазақстан зейнетақы жүйесінде қандай ұзақ мерзімді мақсаттарды көздейді? Қандай реформалар күтілуде?
- Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың ұзақ мерзімді бағыттары сақталады және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасымен анықталған.
Тұжырымдаманың мақсаты зейнеткер жасында лайықты өмір сүру деңгейін қалыптастыру үшін зейнетақы төлемдерінің барабарлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зейнетақы жүйесін жаңғырту болып табылады.
Тұжырымдаманың аясында іске асырылатын шаралар зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі кемінде 35 жыл және жылына аудару жүйелілігі 12 рет болса (халықаралық стандарттар деңгейінде), жоғалтқан жалақысының кемінде 40%-ы деңгейінде қызметкерлердің табысын жиынтық зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін 2030 жылға дейін сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанның жаңғыртылған зейнетақы жүйесі мемлекеттік және жинақтаушы құрауыштарды қосқанда, көпдеңгейлі болып қалатын болады.
Тұжырымдама азаматтардың зейнетақы табыстарының көздерін олардың зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін халықаралық тәжірибеде қабылданғандай, мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында үлестірумен әртараптандыруды көздейді. Осыны ескеріп, 2023 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу жоспарлануда, ол қызметкерлердің зейнетақы жинақтарын және жинақталған зейнетақы есебінен болашақ зейнетақы табыстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Дамыған зейнетақы жүйелері бар елдердегідей, Қазақстанда мемлекет азаматтарға оның кезеңмен өсуін және халықаралық стандарттарға жақындауын қамтамасыз ете отырып, зейнетақының ең төменгі деңгейіне кепілдік береді. Жұмыскерлер (өз табыстарынан және жұмыс берушілердің табыстарынан) жеке зейнетақы жинақтарын қалыптастырады, бұл ретте әрбір қызметкердің жинақтарының мөлшері оның жеке еңбек үлесіне байланысты.
- Көп құрамдауышты зейнетақы – бұл не? Толығырақ айтып беріңізші.
- Дүниежүзілік Банк және ЭЫДҰ соңғы онжылдықтар ішінде әлемнің әр түрлі елдеріндегі зейнетақымен қамсыздандыру тәжірибесін зерттей отырып, қартайған кезде азаматтардың табысын барабар қамтамасыз ету міндеттерін көпдеңгейлі (көп құрамдауышты) зейнетақы жүйелері анағұрлым сәтті шешеді деген тұжырымға келді. Көп деңгейлі жүйелер неғұрлым тұрақты, теңгерімді және тиімді ретінде танылған. Олар қоғамның әр түрлі топтарына (әлеуметтік осалды қосқанда) бағытталуы түрінде неғұрлым кең ауқымды қамтиды, сондықтан кедейлікті қысқартуға; көздерді әртараптандыру арқасында азаматтарды тұрақты көп құрамдауышты зейнетақымен қамтамасыз етуге; елдің қаржылай-бюджеттік, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық тәуекелдерінің төмендеуіне ықпал етеді.
Бұдан бөлек, бұрында айтылғандай, ғаламдық демографиялық трендтің (өмір ұзақтығының өсімі, зейнетақы жасындағы азаматтардың санына еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың санына арақатынастың төмендеуі) аясында әлемде жинақтаушы жүйенің рөлі артуда. Ол мемлекеттік бюджетке барабар әлеуметтік жүктемені сақтауға, азаматтарды ұзақ мерзімді зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға тартуға мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесінің тұрақты және әлеуметтік дұрыс ретінде жинақтаушы құрамдауышының одан әрі дамуы стратегиялық түрде маңызды болып табылады.
Көп құрамдауышты зейнетақының артықшылықтары:
азаматтардың зейнетақысының көздерін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында үлестірумен мемлекеттік бюджетке жүктеменің төмендеуі,
зейнетақының демографиялық трендтерге тәуелділіктің төмендеуі,
азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін, жарналарды және инвестицияларды жеке есепке алу арқылы қатысуын ынталандыру,
зейнетақы активтерін ел экономикасына инвестициялау болып табылады.
- Бұрындары біз ұмтылып келген, табысты алмастыру коэффициентін талқылау танымал болатын. Өкінішке орай, ағымдағы реформалар бұл тақырыпты қозғамайды, әлде бұл қате пікір ме?
- Алмастыру коэффициенті (АК) – қызметкердің зейнетке шыққанға дейін оның еңбек ету кірісінің мөлшеріне зейнетақы табысының мөлшеріне қатынасы.
ЭЫДҰ зерттеуіне сәйкес ЖЗЖ-де зейнетақы жарналарының тиісті мөлшерлемесі мақсатты зейнетақы табысынан (күтілетін зейнетақы төлемдеріне) және зейнетақы жинақтарын инвестициялаумен байланысты қабылдайтын тәуекелдерге байланысты. ЭЫДҰ-ның есебі бойынша 95% ықтималдықпен 30%-ға тең алмастырудың мақсатты коэффициентіне (АК) жету үшін зейнетақы жарнасының ең төменгі қажетті мөлшерлемесі 40 жылдық кезеңнің ішінде жылына 12 рет жарналарды төлеу тұрақтылығы кезінде шамамен 13%-ды құрауы тиіс.
ЭЫДҰ елдерінде зейнетақы аударымдары мөлшерлемесінің орташа көлемі шамамен 18%-ды құрайды және MCGPI зейнетақы индексіне кірген алдыңғы қатарлы зейнетақы жүйелері бар елдерде 17%-ға жуықты құрайды.
Халықаралық ұйымдар көп жылдық зерттеулерге және әр түрлі елдердің зейнетақы жүйелерінің тәжірибесін жалпылауға сүйене отырып азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейі бойынша стандарттарды анықтайды. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) АК-нің мақсатты стандартын 40%-дан төмен емес деңгейде, ЭЫҰД - 70% деңгейде, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) - 60%-дан 80%-ға дейін, MCGPI ғаламдық зейнетақы индексі - 45%-дан 60%-ға дейін анықтайды.
АК-ні жоғалтылған табыстан 40%-дан төмен болмайтын деңгейде жиынтық зейнетақы төлемдерімен сақтау бұл көрсеткіштің маңыздылығы мен өзектілігін ескеріп, Тұжырымдаманың негізгі міндеті болып табылады. АК зейнетақы жүйесі тиімділігінің жалпы жұрт қабылдаған маңызды көрсеткіші болып табылады. Қазақстанның зейнетақы жүйелерінің реформалары азаматтарымыздың зейнетақы төлемдерінің барабарлығына, халықаралық ұйымдардың және алдыңғы қатарлы зейнетақы жүйелерімен елдердің мақсатты АК-ге сәйкес келетін, әлеуметтік стандарттардың және зейнеткерлердің өмір сүру деңгейінің өсуіне бағытталған.
- Жанат Бостанұлы, сіз АК-де зейнетақы реформасын іске асыруға қатыстыңыз, өте үлкен тәжірибеңіз бар, мінсіз абырой-беделге және қоғамның оң бағасына иесіз. Бұл критерийлер қаншалықты маңызды және зейнетақы қоры секілді, мұндай маңызды қаржы институтының басшысын тағайындаған кезде ескерілуі тиіс пе?
- Бүткіл әлемде сіз атап өткен критерийлер халықтың жинақтарымен жұмыс істейтін кез-келген ірі қаржы институтының басшысын тағайындаған кезде қолданылады. Жұмыс істеу және жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыруға қатысу тәжірибесі маған әрине өте көмектеседі. Зейнетақы жүйесі «тірі» ағза іспетті, өзінің даму кезеңдерінен өтеді, бүткіл әлемде және бізде де жетілдіріледі. Біз басқа елдердің мысалында қандай мүмкіндіктердің барын көріп отырмыз, олардың тәжірибесін талдаймыз, ұзақ мерзімді кешенді актуарлық есептерді өткіземіз және негізделген ұсыныстарды енгіземіз, жұмысқа заңнамалық өзгерістерді іске асырамыз.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтардың маңызды өмірлік міндеттерін шешетіні, елдің экономикасына инвестициялайтыны, Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатыны қуантады, оның даму деңгейі халықаралық сарапшылармен жоғары бағаланады.
Мысалы, The Allianz Group халықаралық ұйымының 2020 жылдың мамырында жарияланған соңғы есебінде әлемнің алдыңғы қатарлы зейнетақы жүйелерінің рейтингі ұсынылған. Рейтинг экономикалық және демографиялық факторлар, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің тұрақтылығы мен барабарлығы секілді критерийлер бойынша жасалған. Allianz зейнетақылық рейтингісінде Қазақстан 70 елдің арасынан, оның ішінде дамыған экономикасы бар елдер қатарын озып, 20-шы орынды алады. Бұл таңдалған стратегияның, елдің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің және оның одан әрі даму бағыттарының дұрыстығын растайды.
- Халыққа өз зейнетақыларының бір бөлігін тұрғын үйге, емделуге пайдалануға немесе басқарушы компанияларға аударуға рұқсат берген сәттен бастап, БЖЗҚ жұмысына сөгістер болған емес. Барлық операциялар жылдам, реттелген түрде жүріп жатыр. БЖЗҚ-дан халықтың жинақтарын шығаруға Сіздің пікіріңіз қандай?
- Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу (медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға кірмейтін), сондай-ақ басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын берген, заңнамалық өзгерістер күшіне енген күннен бастап шамамен тоғыз ай өтті.
Бүгінгі күні БЖЗҚ қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделуге ақы төлеу мақсаттарына зейнетақы жинақтарын аударуға 486 мыңға жуық өтініштерін орындады. Бір жолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) жалпы сомасы 1,8 трлн теңгеден астамды құрады.
Сіз дұрыс айтасыз, БЖЗҚ елбасының маңызды тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етті, барлық операциялар жылдам жүруде, қызметтер уақытылы көрсетілуде, БЖЗҚ жұмысына біздің салымшыларымыздың тарапынан ескертпелер жоқ.
Елбасы айтып өткендей: «Біздің мақсатымыз – барлық жиналған қаражатты қазір бөліп беріп, адамдарды қартайғанда лайықты зейнетақысыз қалдырмау. Еңбеккерлердің жұмыс берушілерден зейнетақы жарналарын төлеуін талап етуі үшін ынталандыру тетіктерін ойластырып, еңбекақы төлеуде ашықтық қалыптастыру қажет».
Осыны ескеріп, салымшылардың назарын олардың зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс ең алдымен қартайған кезде жинақтаушы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін арналғанына аудару маңызды. Өзіңіздің болашақ зейнетақы мөлшерін БЖЗҚ –Болжамды зейнетақы қалькуляторы (enpf.kz сайтында немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында) сервисін пайдалану арқылы бағалауға болады. Ол көп деңгейлі зейнетақы жүйесінде зейнетақының барлық құрамдауыштарын есептейді: мемлекеттік бюджеттен – базалық зейнетақының және жасы бойынша зейнетақының (ортақ зейнетақы), сондай-ақ БЖЗҚ-дан – жинақтаушы зейнетақының (міндетті зейнетақы, міндетті кәсіптік зейнетақы және ерікті зейнетақы жарналары есебінен) болашақ мөлшерлерін.
БЖЗҚ-дан болашақ төлемдердің есебін күтілетін кірістілік деңгейі бөлігінде үш сценарийде (пессимисттік, реалисттік және оптимисттік) өткізуге болады. Бұл ретте барлық болашақ нәтижелер нақты құндық көріністе (яғни, болжамның тиісті кезеңіндегі инфляцияны шегерумен) ұсынылады. Есептеулер салымшының іс жүзіндегі жинақтарына (деректер жеке кабинеттен калькуляторға жүктеледі) негізделеді және өзіңіздің зейнетақыңызды жоспарлауға, оның ішінде бір жолғы зейнетақы төлемін шешкен кезде ол қаншалықты азаятынын көруге мүмкіндік береді.
БЗТ шешкеннен кейін зейнетақы шотында қалатын ең төменгі жеткіліктілік шегі салымшыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінде ғана жиынтық зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз ету үшін есептелген. Бұл ретте жиынтық зейнетақы БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақыдан және мемлекеттік бюджеттен ең төменгі базалық зейнетақыдан (күнкөріс минимумынан 54%-ды құрайтын) жиналатын болады. Сондықтан баламалы мақсаттарға зейнетақы жинақтарын пайдалану салымшылардың қаржылық сауаттылығын, өзіңіздің күтілетін зейнетақыңызды бағалау қажеттілігін, барлығын ақылға салуды талап етеді. Әрбір адам өзінің болашақ зейнетақы табысын жоспарлауы және зейнетақы жасына толғаннан кейін лайықты зейнетақыны алуы үшін, қажетті жинақтарды қалыптастыруға ұмтылуы тиіс кезең басталды.
Сурет ашық дереккөздерден