Қазақстанда сақтандыру нарығы дамып келеді, жиынтық сақтандыру сыйлықақылары ЖІӨ-нің тіпті 1%-ынан аспайды. Алайда дәл осы өмірді сақтандыру сақтандыру нарығының өсуінің катализаторына айналды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ӨСК сыйлығына 38,8% тиесілі. «Бүгінде бизнес экономика үшін ең қызықты тетіктердің бірі болып табылады және мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін үнемдеу (мысалы, өндірістегі), әлеуметтік-экономикалық салаға әсер ету (мысалы, аннуитеттік сақтандыру арқылы зейнетақы жүйесіне ықпал ету) және экономиканы қолдау (қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына инвестициялау арқылы) тетіктері арқылы экономикаға әсер етуге қабілетті», – деп Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы басқармасының төрағасы Азамат Ердесов түсіндіреді.
Әлеуметтік салаға әсері
Өмірді сақтандыру экономикада маңызды әлеуметтік рөл атқарады. Біріншіден, бұл өмірден ерте кеткен жағдайда немесе мүгедектік алған жағдайда сақтанушыны қорғаудың қалыптасқан жүйесі, зейнеткерлікке шыққан кезде қарттар үшін қосымша табыс. «Қазақстанның барлық шаруашылық жүргізуші субъектілері өмірді сақтандыру саласы іске асыратын өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесімен қамтылған. Сақтандырылған жеке тұлғалардың саны миллиондармен, ал ұйымдардың саны – ондаған мыңдармен есептеледі. Для отрасли это очень большая ответственность», – дейді Nomad Life өмірді сақтандыру компаниясы басқармасының төрағасы Қайрат Чегебаев.
ӨСК мемлекеттің бірқатар әлеуметтік қызметтерін атқарады. Мысалы, дәл осы сақтандырушылар өздерінің кәсіби еңбек ету қабілетін жоғалтқан адамдарға, сондай-ақ өздерінің еңбек міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан адамдардың асырауындағы адамдарға төлемдерді жүзеге асырады.
«Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, сақтандыру сыйлықақысының 1%-ға ұлғаюы ЖІӨ-ні 0,06%-ға арттырады, яғни өмірді сақтандыру нарығының дамуы мен экономикалық өсу арасындағы тікелей ұзақ мерзімді байланыс байқалады, – дейді Сентрас Коммеск Life өмірді сақтандыру компаниясы басқармасының төрайымы Гүлжан Джаксымбетова. – Оның үстіне экономикалық өсуге оң әсер түрлі елдер экономикасының жай-күйіне, тұрғындар табысының деңгейіне, сақтандырудың енуіне, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаға байланысты өзгереді, соның арқасында саланың дамуына ықпал ететін салалық бәсекелестік орта экономикалық өсу үшін қосымша ынталандыру ретінде құрылады».
Халык-Life басқарма төрайымы Оксана Радченко заңды тұлғалар үшін өмірді сақтандыру кәсіпкерлік құрылымдар мен өндіріс салаларын дамыту үшін қажетті қаржылық тұрақтандырушы болып табылатынын атап өтті. «Өз қызметкерлеріне қатысты өмірді сақтандыру шартын жасасып, кәсіпкерде тәуекелдердің бір бөлігін сақтандырушыға ауыстыру мүмкіндігі пайда болады, сол арқылы оған өз бизнесін күтпеген шығындардан қорғауға, келтірілген залалды сақтандыру өтемақысы есебінен жедел өтеуге мүмкіндік береді», – деп нақтылайды Оксана Радченко. Осылайша, сақтандыру бюджеттің шығыс бөлігін төмендетеді, мемлекетті шығыстардан босатады.
Қазақстандықтардың жеке әл-ауқатына әсер ету
Өмірді сақтандыру қызметтері барлық халықты қаржылық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады, өйткені сақтандырылған клиенттің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілген жағдайда сақтандыру өтемақысын төлеу арқылы жеке адамның және жекелеген отбасының өмір сүруі мен әл-ауқатының қол жеткізілген деңгейін қамтамасыз етеді және қолдайды. «Қазақстанда үлеспұлдық инвестициялық қорларымен қатар жаңа инвестициялық өнім - «Unit Linked» пайда болды. Клиентке оның таңдауына әлемдік атаулы жаһандық инвестициялық компаниялардың басқаруындағы активтерден тұратын бірнеше инвестициялық портфельдер ұсынылатын болады», – деп түсіндіреді Nomad Life басшысы.
Қазақстанда депозиттер бойынша ставкалар төмендеген сайын экономикалық белсенді халық қолжетімді баламаларды іздестіре бастайды. Осы тұрғыдан алғанда, өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдері қазақстандықтарға неғұрлым тиімді жағдайлар ұсына алады – мысалы, валютадағы салымдар бойынша. «Бүкіл әлемде клиенттік активтердің қарапайым тәуекелді өнімдерден күрделі құрылымдалған инвестициялық-сақтандыру өнімдеріне көшу үрдісі сақталып отыр. Сондықтан дамыған елдерде сақтандыру сыйлықақыларының басым бөлігі өмірді сақтандыру өнімдеріне тиесілі – ӨЖС және unit-linked. Қазақстанда 10 жыл ішінде осындай сценарий болуы мүмкін», – деп болжайды Азамат Ердесов.
Қор нарығына әсері
Сақтандыру компаниялары инвестициялық және зейнетақы қорларымен, банктермен қатар ірі институционалдық инвесторлар болып табылады. Сақтанушылардың қаражатынан (сақтандыру сыйлықақыларынан) қалыптастырылған қорлар өмірді сақтандыру жөніндегі компанияларға өз иелігінде үлкен ақша сомасының болуына мүмкіндік береді. Әрбір жеке сақтанушының тиімді инвестициялау үшін қажетті сомаға ие болмауы әбден ықтимал, алайда сақтанушылардың сақтандыру компаниясы жинақтаған ақшасы экономикаға салымдар үшін қуатты көзге айналады. «Бүгінгі таңда ӨСК активтерінде 500 млрд теңгеден астам қаражат шоғырланған. Бұл ақшаны бөлу қор нарығында ұсынылған қаржы құралдарына инвестициялардың көлемін реттейтін 15 көрсеткішті қамтитын пруденциялық нормативтер жүйесімен қатаң реттеледі», – дейді Қайрат Чегебаев. Нәтижесінде, БҚН-дағы ӨСК жұмысының негізгі қағидаттары – өтімділік, сақтау, кірістілік, ал инвестициялық шешімдер қаржы құралы эмитентінің тәуекелін талдауды, макроэкономикалық ортаны және эмитент, сала, ел бойынша активтерді әртараптандыруды ескере отырып қабылданады.
ӨСК қазақстандық қаржы құралдары да қызықты болады, олар сенімділік пен табыстылықты оңтайлы түрде біріктіреді. Бұл фактор отандық бағалы қағаздар нарығын дамыту, ондағы бәсекелестікті күшейту, ұсыныс сапасын арттыру үшін триггер бола алады, бұл әрине мемлекет үшін тиімсіз бола алмайды. «Сақтандырушылар институционалдық инвесторлар ретінде қаржы нарығын жаңғыртуға және жаңа капиталдарды жинақтауға жәрдемдесетін болады. Мұнда жинақтарды жинақтау, тәуекелдерді әртараптандыру және қаржы ресурстарын тиімді бөлу ӨСК үшін артықшылықтар болып табылады», – деп атап өтеді Гүлжан Джаксымбетова.
Сақтандыру сыйлықақылары және белсенді операциялардан түскен кірістер түріндегі ақша қаражатының ағыны, әдетте, полистерді ұстаушыларға жыл сайынғы төлемдер сомасынан асып түседі. «Бұл сақтандыру компанияларына ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға, негізінен өнеркәсіптік корпорациялардың облигацияларына, мемлекеттік облигацияларға инвестицияларды жылдан жылға ұлғайтуға мүмкіндік береді» – дейді Халык-Lifе басқарма төрағасы.
Әлемдік тәжірибе
Ұзақ мерзімді сақтандыру өнімдері сақтандыру саласының Еуропадағы ірі институционалдық инвесторға айналуына ықпал етті. Ресми деректерге жүгінсек, 2018 жылы басқарудағы барлық еуропалық институционалдық активтердің 30%-дан астамын сақтандыру ұйымдарының активтері құрады. «Соңғы жиырма жыл ішінде банктер сияқты дәстүрлі қаржылық жинақ арналары біртіндеп өзара қорлар мен сақтандыру саласына орын берді. Бұл ретте, сақтандыру секторының неғұрлым жоғары даму деңгейі бар елдер қор нарығының неғұрлым жоғары даму көрсеткіштеріне қол жеткізді», – атап өтті Nomad Life басшысы.
Дамыған елдердегі сақтандыру сыйлықақыларының үлесі ЖІӨ-нің 10%-дан асады. Бұл көрсеткіш бойынша көшбасшылар қатарына Тайвань (19%), Гонконг (17-18%), БАР (14%), Оңтүстік Корея (13%) және Финляндия (12%) кіреді. Бұл ретте сыйлықақылардың айтарлықтай үлесі дәл өмірді сақтандыруға тиесілі (атап айтқанда ӨЖС және unit-linked өнімдеріне). «Дамыған елдердегі банк депозиттерінде көбінесе нөлдік пайыздық мөлшерлеме (ал кейбір елдерде минустық), экономикалық белсенді халық үшін өмірді сақтандыру (мысалы, unit-linked) тәуекелдерді әртараптандыруға және капиталды жинақтауға мүмкіндік беретін негізгі қаржы құралдарының бірі болып табылады. Осының арқасында өмірді сақтандыруға барлық сыйлықақылардың 70% тиесілі», – деп Freedom Finance Life сеніммен айтады.