Бірінші кезекте, мамандар күніге жемістерді жеуге кеңес берді. Олар алма, алмұрт, банан, апельсин, шабдалы, жүзім, манго, анар болуы мүмкін. Жемістерді таза күйінде ғана емес, сонымен қатар, мысалы смузи жасап та жеуге болады дейді. Сондай-ақ сарапшылар күнделікті рационға брокколи, қырыққабат, қызанақ, қызыл бұрыш, сәбіз, тәтті картоп, жүгері, бұршақ, кәді сияқты таңдау бойынша бірнеше көкөністерді қосуға кеңес береді.
Сондай-ақ, астық өнімдерін де елемеуге болмайды. Олар көп қоректік заттарды, соның ішінде жасұнықты құрайды және ұзақ уақыт тоқтық сезімін сақтайды. Ғалымдар күнделікті тұтынуға тұтас дәнді нанды және макаронды, коңыр күрішті, сұлы жармасының ботқасын ұсынады.
Рационға ақуыз қосқан маңызды, себебі ол жалпы бұлшық еттердің саулығына және дұрыс зат алмасуға қажет. Ол үшін теңіз өнімдерін (албырт, тунец, алабалық, майшабақ, скумбрия, асшаян, теңіз шаяны), етті (сиыр еті, тауық еті, күркетауық, шошқа еті), өсімдік нәруызын (жаңғақ, жаңғақ майы, дәндер, соя өнімдерін) жеуге болады.
Сондай-ақ, күнделікті сүт өнімдерін тұтынуды да ұмытпаған жөн, олар ақуыз бен майдың қосымша көзі ретінде қызмет ете алады. Алайда бұл өнімдерді орынды көлемде тұтынған жөн. Оларға сүт, айран, йогурт, ірімшік, сүзбе жатады.
Бұдан бұрын мамандар өмір ұзақтығын ұлғайту үшін рационға қосу тиіс танымал өнімдерді айтқан болатын. Олар көп ауыр сырқаттардың тәуекелін төмендете алатын, белгілі бір заттарды құрайды.
Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/nazvany-produkty-kotorye-nuzhno-est-kazhdyj-den-600006/
Сурет ашық дереккөздерден